Басқарма құрамына 2022 жылдың 23 ақпаны сайланды.
Директорлар кеңесіне сайланды: 2022 жылдың 12 сәуірді сайланды.
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы.
Туған күні: 8 шілде 1979 жыл.
Білімі: 2000 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. 2006 жылы Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық техникалық университетті «Мұнай-газ құбырлары мен қоймаларын жобалау, салу және пайдалану» мамандығы бойынша бітірген.
Жұмыс тәжірибесі:
-
Еңбек жолын 2000 жылы «Мұнай-Транско» БК ЖАҚ менеджері болып бастаған.
-
2002 жылдан 2005 жылға дейін «ҚазТрансОйл» АҚ тасымалдау департаментінің маманы, бас маманы, менеджері ретінде жұмыс істеді. 2007 жылдан 2009 жылға дейін «ҚазТрансОйл» АҚ тасымалдау жөніндегі атқарушы директоры лауазымында еңбек етті.
-
2005-2007 жылдары «ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ-тың логистика және сервис департаментін басқарды.
-
2009-2011 жылдары «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың корпоративтік хатшысы болып жұмыс істеді.
-
2012-2015 жылдар аралығында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ мұнай-газ активтері дирекциясының бас сарапшысы, директоры лауазымын атқарды.
-
2015-2020 жылдары «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС бас директорының орынбасары, бас директоры қызметін атқарды.
-
2020 жылдан бері Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды.
-
2022 жылғы 23 ақпаннан бастап «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры (Басқарма төрағасы) болып тағайындалды.
Қоса атқарылатын жұмыс және директорлар кеңестеріне мүшелік: басқа ұйымдардың басқару органдарының құрамына кірмейді
Компания акцияларын иелену: иеленген жоқ
Компания жеткізушілерінің және бәсекелестерінің акцияларын иелену: иеленген жоқ