Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі

«ҚазТрансОйл» АҚ-тың еңбек қорғау және еңбек қауіпсіздігі саласындағы сөзсіз басымдықтары – өндірістік нысандар жұмысының апатсыз режимін қамтамасыз ету, жазатайым оқиғаларды болдырмау және кәсіби науқастану деңгейін төмендету.

Өз қызметінде Қоғам Қазақстан Республикасы еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау саласындағы заңнама, халықаралық және ұлттық стандарттар, «ҚазТрансОйл» АҚ еңбек қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясат ережелері және Қоғамның басқа да ішкі құжаттарының талаптарын қатаң ұстанады.

Қойылған мақсаттарға жету үшін Қоғамның барлық өндірістік бөлімшесінде кәсіби денсаулық және қауіпсіздік менеджменті жүйесі ұйымдастырылып, енгізілген. 2017 жылы SGS халықаралық сертификаттау органы ЫМЖ-ға өткізген аудиті нәтижелері бойынша ЫМЖ-ның OHSAS 18001:2007 халықаралық стандарт талаптарына сәйкестік сертификаты расталды.

2016 жылы жұмыскерлердің еңбегін қорғау және еңбек қауіпсіздігі саласында ішкі нормативтік құжаттаманы қайта қарау, жаңарту және жаңғырту бойынша көлемді жұмыс басталды. Есептік кезең ішінде еңбек қорғауды басқару саласында қолданыстағы үдерістердің үздік әлемдік тәжірибелерге сәйкестігіне жоспарлы талдау жүргізілді.

Осы жұмыстың маңызды нәтижесі «ҚазТрансОйл» АҚ-тың «Алтын Қағидалар» еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау саласындағы кодексін бекіту болды, ол өндірістік үдеріс барысында жұмыстарды қауіпсіз орындау бойынша түйінді талаптардың сипаттамасын қамтиды.
«ҚазТрансОйл» АҚ еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау саласындағы «Алтын қағидалар» кодексі (Жүктеу | Жаңа терезеде қарау)
pdf    254.68Кб    02.09.2020    34