Энергия тұтыну және энергия үнемдеу

Пайдаланылатын энергетикалық ресурстарды оңтайландыру «ҚазТрансОйл» АҚ қызметінің негізгі бағыттарының бірі, оның шеңберінде Компания өндірістік процестердің энергия тиімділігін арттыруға ерекше назар аударады.

Осы бағыттағы міндеттерді іске асырудың стратегиялық маңыздылығы 2020 жылы жаңартылған «ҚазТрансОйл» АҚ энергетикалық саясатында бекітілген.

Жыл сайын «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры (Басқарма төрағасы) жалпы алғанда Компания және ЖҚБ үшін мынадай мақсатты энергия тиімділік индикаторларын бекітеді:
  • энергияның барлық түрлерінің үлестік шығынын азайту (мұнайдың жүк айналымына);
  • электр энергиясының үлестік шығынын төмендету (мұнайдың жүк айналымына);
  •  «ыстық» мұнай құбырлары бойынша мұнайдың жүк айналымына газдың үлестік шығынын азайту;
  • энергия ресурстарының жалпы шығынын азайту.
Энергетикалық мақсаттарға қол жеткізу үшін Компанияда ISO 50001 стандартының талаптарына сәйкес сертификатталған энергетикалық менеджмент жүйесі жұмыс істейді.

«ҚазТрансОйл» АҚ энергия тұтыну құрылымына әртүрлі энергия ресурстары кіреді, олардың ішіндегі ең маңыздысы табиғи газ және электр энергиясы, олар жалпы мұнай тасымалдауға жұмсалатын энергия тұтынудың 91% құрайды.

Компания өз қызметінде жаңартылатын энергия көздерін пайдаланбайды, алайда «Шымкент» БМАС-та күн батареялары негізінде электр станция құрылысын бастау жоспарлануда.

«ҚазТрансОйл» АҚ өндірістік процестері энергияны көп қажет етеді, осыған байланысты Компания үшін өзекті міндет энергия ресурстарын тұтынуды қысқарту бойынша шешімдерді іздеу және іске асыруды көздейді. 
«ҚазТрансОйл» АҚ энергетикалық саясат (Жүктеу | Жаңа терезеде қарау)
pdf    201.29Кб    15.10.2020    26