Қоршаған ортаны қорғау

Қызметінің ерекшелігі мен ауқымын назарға ала отырып, «ҚазТрансОйл» АҚ өз өндірістік қызметінің қоршаған ортаға елеулі әсерін тигізетінін түсінеді. Осыған байланысты Қоғам қоршаған ортаға өз қызметінің жағымсыз әсерін азайту бойынша шараларға көп көңіл бөледі.

«ҚазТрансОйл» АҚ Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің, алдыңғы қатарлы халықаралық стандарттардың, «ҚазТрансОйл» АҚ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясаты ережелері мен басқа да ішкі топтық құжаттар талаптарын қатаң ұстанады, экологиялық қауіптерге сәйкестендіру мен бағалау жүргізеді, қоршаған ортаны қорғау саласында өз қызметінің айқындылығы мен ашықтығын қамтамасыз етеді.

Қоғамның барлық өндірістік бөлімшесінде экологиялық менеджмент жүйесі ұйымдастырылып, енгізілген. 2017 жылы SGS халықаралық сертификаттау органы өткізген ЫМЖ аудитінің нәтижелері бойынша ЫМЖ-ның ISO 14001:2015 халықаралық стандарт талаптарына сәйкестік сертификаты расталды.

Экологиялық тәуекелдерді тиімді басқару үшін «ҚазТрансОйл» АҚ табиғатты қорғау қызметін басқаруға қатысты тәсілдерін тұрақты түрде жетілдіреді және қоршаған ортаны қорғауға арналған қажетті ресурстар бөледі.

2016 жылы қоршаған ортаны қорғау іс-шараларына 483,1 млн. теңге инвестицияланды. Қоғам есептік кезеңде 77,9 млн. теңгеден астам көлемде экологиялық төлемдерді жүзеге асырды.

Өндірістің тоқтауына әкелген немесе мұнай тасымалдау кезінде экологиялық зиян келтірген апатты жағдайлар 2016 жылы тіркелген жоқ.
«ҚазТрансОйл» АҚ-тың еңбек қорғау, өнеркәсіп қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясаты (Жүктеу | Жаңа терезеде қарау)
pdf    1.3Мб    02.09.2020    20