Ақпаратты ашу

«ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамы өз қызметінің нәтижелері туралы ақпаратты үнемі жариялап отыру қажет деп санайды, осылайша мүдделі тараптармен жауапты диалог жүргізуге ашықтық және ынталылық танытады.

«ҚазТрансОйл» АҚ-тың 2018 жылғы интеграцияланған жылдық есебі (Есеп) - бұл қызметтің қаржылық және операциялық көрсеткіштерін, сондай-ақ Компанияның тұрақты даму саласындағы нәтижелерін жан-жақты ашатын алтыншы есеп.

Есептің мақсаты дәстүрлі түрде мүдделі тараптардың көпшілігіне Компанияның стратегиясы, миссиясы мен құндылықтары, корпоративтік басқару және тәуекелдерді басқару жүйесі туралы, сондай-ақ тұрақты даму және мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл саласындағы Компанияның өндірістік-шаруашылық қызметі бөлігінде негізгі оқиғалар мен қол жеткізілген нәтижелер туралы ақпарат беру.
Қоршаған ортаға әсерді бағалау

Қоршаған ортаға әсерді бағалау қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына тікелей немесе жанама әсер етуі мүмкін шаруашылық және өзге қызметтің кез келген түрлері үшін міндетті болып табылады.

«ҚазТрансОйл» АҚ қоршаған ортаға әсерін бағалау жобалары (қоршаған ортаға әсерді алдын ала бағалау, қоршаған ортаға әсерді бағалау, «Қоршаған ортаны қорғау» бөлімі) ресми интернет ресурсында танысу үшін қолжетімді.

«ҚазТрансОйл» АҚ-тың ҚОӘБ барлық жобалары мемлекеттік экологиялық сараптаманың объектісі болып табылады және жергілікті билік органдарының веб-сайттарында қолжетімді.

 
Талаптарға сәйкестігі

Біз өндірістік қызметімізді ҚР Заңнамасы шегінде жүргізуге тырысамыз және қоршаған ортаға зиян келтірудің алдын алу бойынша тиісті шараларды қабылдаймыз. Компания өндірістік объектілерде ҚР табиғат қорғау заңнамасына сәйкессіздіктерді анықтау бойынша, заңнама талаптарына қандай да бір сәйкессіздікті болдырмау бойынша іс-шараларды жүргізу үшін проблемалық мәселелерді анықтау және тәуекелдерді басқару бойынша жұмыстар жүргізеді.

2018 жылы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган 1 022 125 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұлды төлеуді талап етті, оның ішінде Компания мойындаған және нақты төлеген сома 1 022 125 теңге.

ҚазТрансОйл АҚ әкімшілік жазалары

«ҚазТрансОйл» АҚ-та авариялық жағдайлар мен инциденттерге дайындық деңгейін арттыру үшін персоналдың практикалық дағдыларын жетілдіру үшін үнемі әртүрлі деңгейдегі практикалық және теориялық оқулар, жаттығулар мен оқулар өткізіледі.

«ҚазТрансОйл» АҚ өндірістік объектілерінде өрт – техникалық оқу – жаттығуларды өткізу кезінде мемлекеттік өртке қарсы қызметтері, авариялық-құтқару қызметтері, медициналық қызметтерді көрсететін мердігерлік ұйымдардың күштері, сондай-ақ күзет ұйымдары тартылады.

Оқудың барысы мен нәтижелері жергілікті мерзімді басылымдарда, сондай-ақ «ҚазТрансОйл» АҚ электрондық сайтында жарияланады.

 
Өндірістік экологиялық мониторинг
Қоршаған ортаның сапасын реттеу және экологиялық қауіпсіздікті, экологиялық жүйелерді сақтауды және іске қосылған аумақтардың биоәртүрлілігін қамтамасыз ететін жол берілетін әсерді белгілеу мақсатында Компания ластайтын заттардың шекті жол берілетін шығарындылары мен төгінділерінің, өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастырудың нормативтерін әзірлейді.

«ҚазТрансОйл» АҚ жекеленген құрылымдық бөлімшелерінде өндірістік экологиялық бақылау шеңберінде қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингі және мыналарды қамтамасыз ететін әсер ету мониторингі жүргізіледі:
  • атмосфералық ауаға ластайтын заттар шығарындыларының мониторингі (азот оксиді, көміртегі оксиді, күкірт диоксиді);
  • ластайтын заттар төгінділерінің мониторингі;
  • радиациялық мониторинг;
  • санитариялық-қорғаныш аймақтары шекарасындағы атмосфералық ауаның мониторингі;
  • су ресурстарының мониторингі;
  • топырақ жамылғысының мониторингі.
Алынған нәтижелер эмиссия нормативтерімен және гигиеналық нормативтермен салыстырылады, нормативтен асып кету анықталған кезде оларды жою жөнінде шұғыл шаралар қабылданады.

Өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша барлық есептілік Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің бірыңғай экологиялық интернет - ресурсында жарияланады: http://prtr.ecogosfond.kz/otchety-rvpz/ және барлық қызығушылық танытушыларға қолжетімді.
 
  -
Командалық – штабтық оқу-жаттығулар

«ҚазТрансОйл» АҚ-та авариялық жағдайлар мен инциденттерге дайындық деңгейін арттыру үшін персоналдың практикалық дағдыларын жетілдіру үшін үнемі әртүрлі деңгейдегі практикалық және теориялық оқулар, жаттығулар мен оқулар өткізіледі.

«ҚазТрансОйл» АҚ өндірістік объектілерінде өрт – техникалық оқу – жаттығуларды өткізу кезінде мемлекеттік өртке қарсы қызметтері, авариялық-құтқару қызметтері, медициналық қызметтерді көрсететін мердігерлік ұйымдардың күштері, сондай-ақ күзет ұйымдары тартылады.

Өткізілген оқу-жаттығулар туралы ақпаратты «Қазтрансойл» АҚ мобильдік қосымшасында көруге болады, ашық қол жеткізу мүмкіндігімен App store, Play Market жүктеу арқылы.

 
Аварияларды жою жоспары

«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабына сәйкес «ҚазТрансОйл» АҚ-та Аварияларды жою жоспарлары әзірленіп, бекітілді. АЖЖ-да авариялар туындаған кезде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар көрсетілген.