Экологиялық менеджемент

Бизнестің тұрақтылығын қамтамасыз ету және сапа, денсаулық пен қауіпсіздік, экология мен энергия тиімділігін арттыру мәселелерін тиімді басқару мақсатында Компанияда интеграцияланған менеджмент жүйесі енгізілген және қолданылады.

Интеграцияланған басқару жүйесі Компанияны басқару жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады және мынадай халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес келеді:
  • ISO 9001: 2015 - сапа менеджменті жүйесі;
  • ISO 14001: 2015 - экологиялық менеджмент жүйесі;
  • OHSAS 18001: 2007 – еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау менеджмент жүйесі;
  • ISO 50001: 2011 – энергоменеджмент жүйесі.
2019 жылы Компания инспекциялық аудиттен сәтті өтті, оның нәтижелері бойынша SGS (Societe Generale de Surveillance) сертификаттау жөніндегі халықаралық орган Компанияның ИМЖ-сы осы халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкестігін растады.

«ҚазТрансОйл» АҚ-тың еңбек қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясаты (Жүктеу | Жаңа терезеде қарау)
pdf    110.16Кб    02.09.2020    32

Энергияны тұтыну және энергияны ұнемдеу

Пайдаланылатын энергия ресурстарын оңтайландыру «ҚазТрансОйл» АҚ қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып табылады, оның шеңберінде Компания өндірістік процестердің энергия тиімділігін арттыруға ерекше назар аударады. Осы бағыт бойынша міндеттерді іске асырудың стратегиялық маңыздылығы 2017 жылы әзірленген және Компания алдында тұрған төрт негізгі энергетикалық мақсатты бөлетін «ҚазТрансОйл» АҚ-тың энергетикалық саясатында бекітілген:

  • энергияның барлық түрлерінің үлестік шығынын төмендету (мұнайдың жүк айналымына);
  • электр энергияның үлестік шығынын төмендету (мұнайдың жүк айналымына);
  • газды үлестік тұтынуды төмендету (мұнайды жылытуға);
  • энергия ресурстарын жалпы тұтынуды төмендету.

«ҚазТрансОйл» АҚ энергетикалық саясаты (Жүктеу | Жаңа терезеде қарау)
pdf    73.2Кб    02.09.2020    41

Біз компаниядағы энергия тиімділікті арттыру және энергия ресурстарын пайдалануды оңтайландыру бойынша белсенді жұмыс жасаудамыз.

Энергетикалық мақсаттарға жету үшін Компанияда ISO50001:2011 стандартының талаптарына сай сертификатталған энергия менеджменті жүйесі жұмыс істейді.

Компанияның энергетикалық мақсаттарын бас директор (Басқарма төрағасы) жыл сайын бекітеді. Мақсатты энергетикалық көрсеткіштер Компанияның жекеленген құрылымдық бөлімшелері үшін де әзірленеді.

«ҚазТрансОйл» АҚ-тың энергия тұтыну құрылымына энергия ресурстарының әртүрлі түрлері кіреді, олардың ішіндегі ең маңыздысы мұнай тасымалдау үшін пайдаланылатын энергия тұтынудың жалпы көлемінің 91% жиынтық құрайтын табиғи газ және электр энергия болып табылады.

Компания өз қызметінде жаңартылатын энергия көздерін пайдаланады. Электр энергиясын тұтынуды азайту мақсатында «ҚазТрансОйл» АҚ объектілерінде жаңартылатын энергия көздері болып табылатын күн фотоэлементтерінің 27 бірлігі орнатылды. Бұл қондырғылар қызмет көрсетілмейтін байланыс тораптарының (бұдан әрі - ҚКБТ) шатырларында орналасқан және орташа есеппен сағатына 2,9 кВт электр энергиясын өндіреді, бұл жергілікті жеткізушіден электр энергиясын тұтынуды төмендетуге мүмкіндік береді және ұзақ кепілдік энергиямен жабдықтауды қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта Қоғамда барлық тұтынылатын электр энергиядан жаңартылатын энергия көздерінің үлесі 0,24% құрайды. Жақын арада «Шымкент» БМАС-та күн батареяларына негізделген электр станциясының құрылысын бастау жоспарлануда.

 
Биоалуантүрлілікті сақтау
«ҚазТрансОйл» АҚ Компания қызметінің қоршаған ортаға әсер етуінің ықтимал келеңсіз факторларын барынша азайтуға тырыса отырып, өзінің болатын жерлерінде биологиялық әртүрлілікті сақтау үшін күш-жігер жұмсайды.

Биіктік электр беру желілерінде құстарды тоқпен зақымданудан қорғау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
 
Міндетті экологиялық сақтандыру
Үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына, мүлкіне және (немесе) қоршаған ортаға оның авариялық ластануы нәтижесінде келтірілген зиянды өтеу үшін «ҚазТрансОйл» АҚ жыл сайын Қоғамның барлық жекеленген құрылымдық бөлімшелері үшін міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасайды.