Топтық мәдениет және ішкі коммуникациялар

Корпоративтік мәдениет ұжымды біріктіретін және оны біртұтас ететін негіз болып табылады. «ҚазТрансОйл» АҚ корпоративтік мәдениеті «ҚазТрансОйл» АҚ-тың Даму стратегиясында көрсетілген қауіпсіздік және еңбекті қорғау, командалық рух, тиімділік, кәсіпқойлық, тұрақты даму, өзара көмек және командадағы жұмыс сияқты қазудың негізгі құндылықтарына негізделеді.
 
«ҚазТрансОйл» АҚ-тың корпоративтік мәдениеті ішкі ақпараттық арналар желісін пайдалануды, қызметкерлер үшін корпоративтік іс-шараларды, басшылықтың Компания жұмыскерлерінің кездесулерін, спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды және т.б. қоса алғанда, коммуникация құралдарының кең жиынтығын пайдалану негізінде құрылады және дамиды.
 
Коммуникациялар, стратегиялық басқару құралы ретінде екі бағыт бойынша жүзеге асырылады – ақпараттандыру және өзара іс-қимыл. Жұмыскерлер ұжымын ақпараттандыру үшін коммуникацияның бес негізгі арнасы құрылған және тиімді пайдаланылады:
 
  • Корпоративтік ішкі портал;
  • «ҚазТрансОйл» АҚ мобильді ақпараттық қосымшасы;
  • KTO info бірыңғай ақпараттық бюллетені;
  • Munaiqubyrshy электрондық корпоративтік басылымы;
  • «ҚазТрансОйл» АҚ корпоративтік телеарнасы.
Қазіргі уақытта Компанияның көп жұмыскерлері ақпараттық ағынға тартылған және коммуникация арналарымен қамтылу аясында бастапқы дереккөзден ақпаратты ала алады.
«ҚазТрансОйл» АҚ ішкі коммуникациялары бойынша жетекшілік (Жүктеу | Жаңа терезеде қарау)
pdf    1.8Мб    02.09.2020    25