KZTO 843,00 (+1,08%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 843,00 (+1,08%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

«Транснефть» ЖАҚ қазақстандық компанияларға өтемақы төлеуді аяқтады

 28.02.2020    421
INBUSINESS.KZ, 28.02.2020

Қазақстандық компаниялар кондицияланбаған мұнай үшін «Транснефть» ЖАҚ-тан өтемақы алды.

«ҚазТрансОйл» 27 ақпанда «Транснефть» ЖАҚ-тың қазақстандық компанияларға өтемақыны толық төлеп біткенін хабарлады.

Осылайша, Усть-Луга портындағы 699 мың тоннаға жуық кондицияланбаған мұнайды тиеп жөнелту шығындарын өтеу мәселесінде қазақстандық мұнай компанияларының атынан мәлімдеме жасайтын «ҚазТрансОйл» АҚ мен «Транснефть» ЖАҚ арасындағы қол қойылған келісімдер шеңберінде барлық 38 қазақстандық жүк жөнелтуші төлемдер алды.

Еске салсақ, өткен жылы сәуір-мамыр айларында «Транснефть» ЖАҚ магистралдық мұнай құбырлары жүйесінде тасымалданатын мұнайда хлорорганикалық қосылыстар табылып, төтенше жағдай қалыптасқан болатын.

Источник: https://inbusiness.kz/kz/last/transneft-zhak-kazakstandyk-kompaniyalarga-otemaky-toleudi-ayaktady
Санаттар: Біз туралы БАҚ
Реакция:
Серiктестер