KZTO 859,74 (+1,47%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 859,74 (+1,47%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

Даму тарихы

2024 жыл

  • 1 наурыздан бастап «Магистральдық су ағызғы»  ЖШС («ҚазТрансОйл» АҚ қатысу үлесінің 100% ) магистральдық құбырлар бойынша су беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметке тариф өсті.
  • Ақпанда «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС (50% «ҚазТрансОйл» АҚ және 50% China National Oil and Gas Exploration and Development Corporation иеглігінде) 540 млн АҚШ доллары мөлшерінде Industrial and Commercial Bank of China (ICBC) қарызын мерзімінен бұрын өтеді.


2023 жыл

  • Желтоқсанда Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығымен 2024 жылғы 1 қаңтардан 2033 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңге Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Қытай Халық Республикасына жылына 10 млн тонна Ресей мұнайын тасымалдау құны белгіленді.
  • Желтоқсанда «ҚазТрансОйл» АҚ жалпы көлемі 40 мың м³ мұнай сақтайтын екі жаңа резервуарды пайдалануға берді.
  • Желтоқсанда «ҚазТрансОйл» АҚ еншілес ұйымы «Астрахань – Маңғышлақ» магистральды су құбырын жаңарту жұмыстарын аяқтады.     
  • Қарашада «ҚазТрансОйл» АҚ Қазақстан қор биржасы атынан «Акция нарығының көшбасшысы» дипломымен марапатталды.
  • Қазанда «ҚазТрансОйл» АҚ «Мартыши - Атырау» магистральдық мұнай құбырының 75 шақырымдағы учаскелерін ауыстыру және қосу жұмыстарын аяқтады.
  • Қыркүйекте «ҚазТрансОйл» АҚ еншілес компаниясы Қашаған кен орнындағы газды кешенді дайындау қондырғысы үшін су құбырын салды.
  • Тамызда «Магистральдық Суағызғысы» ЖШС өнеркәсiптiк кәсiпорындарға, коммерциялық ұйымдарға және мұнай-газ өндiрушi кәсiпорындарға магистральдық құбырлар арқылы су беру бойынша реттелiп көрсетiлетiн қызметке тарифті 37%-ға көтерді.
  • Тамызда «ҚазТрансОйл» АҚ Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының шекаралық аймағындағы «Өзен – Атырау – Самара» магистральдық мұнай құбырының учаскелерін ауыстыру жұмыстарын аяқтады.
  • Тамызда «ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесінің құрамы өзгерді.
  • Тамызда «ҚазТрансОйл» АҚ акционерлерінің кезектен тыс Жалпы жиналысын өткізді.
  • Шілдеде «ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесінің құрамы өзгерді.
  • Маусымда 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілуімен 2021-2025 жылдарға магистральдық құбырлар жүйесі бойынша Қазақстан Республикасының ішкі нарығына мұнай айдау жөніндегі реттелетін қызметке «ҚазТрансОйл» АҚ тарифі мен тарифтік сметасы 1000 км-ге 1 тонна үшін 4 849,39 теңге (ҚҚС-сыз) мөлшерінде бекітілді.
  • Маусымда Fitch Ratings агенттігі «ҚазТрансОйл» АҚ эмитент дефолтының ұзақ мерзімді рейтингін «ВВB-» -дан «ВВB» деңгейіне дейін көтерді.
  • Маусымда «ҚазТрансОйл» АҚ 2022 жылға жай акциялары бойынша дивидендтер төледі.
  • Мамырда «ҚазТрансОйл» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы «ҚазТрансОйл» АҚ бір жай акциясына шаққандағы 2022 жылға арналған дивиденд мөлшерін белгіледі.
  • 1 мамырдан бастап Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге экспорттау және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу мақсатында мұнай тасымалдау жөніндегі «ҚазТрансОйл» АҚ қосымша қызметтерге арналған тарифтер көтерілді.
  • Сәуірде «ҚазТрансОйл» АҚ мен CNPC «Қазақстан – Қытай» жүйесі бойынша мұнай тасымалдау мәселелерін талқылады.
  • Сәуірде Грузиядағы «ҚазТрансОйл» АҚ еншілес компаниясы мен Abu Dhabi Ports «Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ компаниялар тобының өндірістік қуатын арттыру мәселелері қарастырылды.
  • Сәуірде Shanghai ACE Investment & Development Co Ltd және «Батуми теңіз порты» ЖШҚ Транскаспий бағытын дамыту мәселелерін талқылады.
  • Наурызда «Астрахань – Маңғышлақ» магистральдық су құбырын жаңғырту шеңберінде құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды.
  • Наурызда S&P Global Ratings «ҚазТрансОйл» АҚ рейтингі бойынша болжамды «Тұрақты» деңгейде бекітті.
  • Ақпанда «ҚазТрансОйл» АҚ қазақстандық мұнайды Германияға тасымалдау үшін қабылдай бастады.
  • Ақпанда «ҚазТрансОйл» АҚ-та жаңа ұжымдық келісімшарт қабылданды.
  • Ақпанда «ҚазТрансОйл» АҚ, CNODC), CNPC Exploration & Development Co. Ltd даму және ынтымақтастық мәселелерін талқылады
  • Қаңтарда ресейлік мұнайды Қазақстан аумағы арқылы Қырғызстанға тасымалдау бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ қызметі үшін орнатылған тарифтер күшін жойды.

2022 жыл

  • Желтоқсанда Ресейде шығарылған мұнайды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Өзбекстан Республикасына транзиттеу мақсатында тасымалдау бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ қызметіне тариф 1 тонна үшін 27,9 АҚШ доллары мөлшерінде (ҚҚС-сыз) бекітілді.
  • Қарашада «Магистральдық Суағызғысы» ЖШС мен «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арасында кредиттік желі ашу туралы келісім жасалды.
  • Қазанда «ҚазТрансОйл» АҚ негізгі қызмет түрлері өзгерді.
  • Қазанда Fitch Ratings Ltd «ҚазТрансОйл» АҚ несиелік рейтингінің жыл сайынғы шолуын жариялады.
  • Қазанда S&P Global Ratings агенттігі «ҚазТрансОйл» АҚ несиелік ұпайларын көтерді.
  • Қыркүйекте «ҚазТрансОйл» АҚ HSE саласындағы жоғары марапатқа ие болды.
  • Шілдеде «ҚазТрансОйл» АҚ «Павлодар-Шымкент» магистральдық мұнай құбыры учаскелерін қайта жаңартуды жүргізді.
  • Шілдеде қайта жаңартудан кейін «Астрахань-Маңғышлақ» магистральдық су құбырының 50 км учаскесін қосу бойынша жұмыстар аяқталды.
  • Маусымда Fitch Ratings агенттігі «ҚазТрансОйл» АҚ эмитенті дефолтының ұзақ мерзімді рейтингін растады.
  • Маусымда «ҚазТрансОйл» АҚ «Мартыши-Атырау» магистральдық мұнай құбырына жаңадан салынған учаскелерді қосты.
  • Мамырда «ҚазТрансОйл» АҚ Акционерлері жалпы жиналысының 2022 жылғы 19 мамырдағы шешімімен «ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өкілі Марат Орманов сайланды.
  • Сәуір айында жаңадан салынған құбыр желісін «Өзен – Атырау – Самара» магистральдық мұнай құбырының 229,4-243,7 км қосу және жаңадан салынған магистральдық сорғы станциясын «Өзен» БМАС технологиялық құбырларына қосу жұмыстары аяқталды.
  • Қаңтардан бастап «ҚазТрансОйл» АҚ комплаенс-бақылау қызметі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес «ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесіне есеп береді.

2021 жыл

  • 2021 жылғы желтоқсанда «ҚазТрансОйл» АҚ қызметкерлері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мемлекеттік наградаларға ие болды
  • 2021 жылғы қарашада «ҚазТрансОйл» АҚ Акционерлердің жалпы жиналысының 2021 жылғы 25 қарашадағы шешімімен 3 жыл өкілеттіктер мерзімімен 6 адам санында «ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесінің жаңа құрамы айқындалды.
  • 2021 жылғы қарашада «ҚазТрансОйл» АҚ-та жыл сайынғы HSE (Health, Safety & Environment) төртінші форумы «Нөлдік жарақаттану жолында» ұраны бойынша өтті. Онлайн-шараға «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, халықаралық компаниялардың және «ҚазТрансОйл» АҚ мердігерлік ұйымдарының өкілдері қатысты.
  • 2021 жылғы қарашада «ҚазТрансОйл» АҚ жұмыскерлері жалпы ұзындығы 22 километр құбыр желісінің жаңадан салынған екі учаскесін «Өзен – Атырау - Самара» магистральдық мұнай құбырына және «Бейнеу» МАС мұнай жылыту пунктінің кіру және шығу коллекторының технологиялық құбырларымен салынған учаскесіне қосу бойынша жұмыстарды аяқтады.
  • 2021 жылғы қазанда «ҚазТрансОйл» АҚ ISO/IEC 27001:2013 ақпараттық қауіпсіздік саласындағы менеджмент жүйесіне сәйкестік сертификатын алды
  • 2021 жылғы тамызда «ҚазТрансОйл» АҚ жалпы ұзындығы 16 км-ді құрайтын «Прорва – Құлсары» магистральдық мұнай құбырының 0-3 км, 21-33 км, 37-38 км учаскелеріндегі жаңадан салынған құбырды қосу жұмыстарын аяқтады.
  • 2021 жылғы маусымда «Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбыры реверсінің жобасы бойынша «Аман» МАС магистральдық сорғы станциясы пайдалануға берілді.
  • 2021 жылғы маусымда Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі «ҚазТрансОйл» АҚ эмитенті дефолтының ұзақ мерзімді рейтингін «ВВВ –» деңгейінде, ал болжамның «Тұрақты» екенін растады.
  • 2021 жылғы мамырда «ҚазТрансОйл» АҚ қайта жаңартудан кейін «Өзен – Атырау - Самара» магистральдық мұнай құбырының 511,3-514,1 км және 516,8-528 км жаңадан салынған учаскелерін қосу жұмыстарын жүргізді.
  • 2021 жылғы ақпанда «ҚазТрансОйл» АҚ ISO 50001: 2018 талаптарына энергетикалық менеджмент жүйесінің сәйкестік және ISO 45001: 2018 талаптарына денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету менеджменті жүйесінің талаптарына сәйкестік сертификатарын алды.

2020 ЖЫЛ

  • 2020 жылғы желтоқсанда «Кеңқияқ – Атырау» мұнай құбырының кері бағыты жобасын іске асыру «Аман» МАС-тың механикалық аяқталу актісіне қол қойылды. «Құмкөл» БМАС МСӨЖ және «Кеңқияқ» БМАС объектілері пайдалануға берілді.
  • 2020 жылғы қарашада Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі «ҚазТрансОйл» АҚ шетел валютасындағы эмитентінің ұзақ мерзімді дефолт рейтингісін «Тұрақты» болжаммен «ВВВ-» деңгейінде растады.
  • 2020 жылғы қарашада «ҚазТрансОйл» АҚ-тың магистральдық құбырлар жүйесі арқылы Қазақстан Республикасының ішкі нарығына мұнай айдау бойынша реттеліп көрсетілетін қызметіне 2021-2025 жылдарға арналған тарифтік смета және тариф 1 тонна үшін 1000 км-ге (ҚҚС-сыз) 4 355,57 теңге мөлшерінде бекітілді және 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді.
  • 2020 жылғы қарашада «ҚазТрансОйл» АҚ-тың магистральдық құбырлар арқылы Қазақстан Республикасының ішкі нарығына мұнай айдау бойынша қызметке 2021-2025 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламасы бекітілді.
  • 2020 жылғы қыркүйекте «ҚазТрансОйл» АҚ Түркістан қаласындағы Конгресс-холл құрылысын қосымша қаржыландыруға «Объектілер құрылысы жөніндегі компания» корпоративтік қорына 405 809 037 теңге сомасында демеушілік көмек көрсетті. «ҚазТрансОйл» АҚ объектінің құрылысына барлығы 2 605 809 037 теңге жіберді. Түркістан облысы әкімдігінің қаулысымен Конгресс-холл Түркістан қаласының облыстық коммуналдық меншігіне берілді.
  • 2020 жылғы қыркүйекте  «Өзен – Атырау – Самара» мұнай құбырының жалпы ұзындығы 17 км учаскелері «ҚазТрансОйл» АҚ-тың 2020-2024 жылдарға арналған өндірістік бағдарламасына сәйкес реконструкциялаудан кейін пайдалануға берілді.
  • 2020 жылғы тамызда «Біргеміз» қайырымдылық жобасы аясында «ҚазТрансОйл» АҚ өкпені жасанды желдетудің 68 стационарлық көпфункционалды аппаратын сатып алып, демеушілік көмек ретінде Қазақстан Республикасының медициналық мекемелеріне жіберді.
  • 2020 жылғы шілдеде «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының мұнай тасымалдауды басқару орталығы» филиалын («ҚазТрансОйл» АҚ МТБО» филиалы) есептік тіркеу жүзеге асырылды. Орналасқан жері Нұр-Сұлтан қаласы.
  • 2020 жылғы шілдеде «ҚазТрансОйл» АҚ-тың Н.Н. Шманов атындағы МАС-та «Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбырына мұнайды ауыстырып тиеу бойынша реттеліп көрсетілетін қызметіне 1 тонна үшін (ҚҚС-сыз) 119,37 теңге мөлшерінде тариф бекітілді және 2020 жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді.
  • 2020 жылғы маусымда «ҚазТрансОйл» АҚ компаниялар тобы «Кеңқияқ – Атырау» мұнай құбырының реверсі жобасының алғашқы іске қосу кешенін пайдалануға берді. Атап айтқанда, Н. Шманов атындағы МАС-тан «Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбырына дейінгі қос желілі қосқыштың құрылысы аяқталды, сондай-ақ мұнай құбырының желілік бөлігін реконструкциялау жүргізілді.
  • 2020 жылғы мамырда 2000 жылғы 3 қыркүйекте құрылған «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының ғылыми-техникалық орталығы» филиалы «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының зерттеулер мен әзірлемелер орталығы» филиалы болып өзгертілді. ЗӘО қызметі ғылыми негізделген инновациялық - технологиялық даму бағдарламасы негізінде Компанияның орнықты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.
  • 2020 жылғы мамырда 2019 жылдың қорытындыларына арналған «ҚазТрансОйл» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы алғаш рет «онлайн» режимінде өткізілді.
  • 2020 жылғы наурызда S&P Global Ratings халықаралық рейтинг агенттігі «ҚазТрансОйл» АҚ рейтингісін «ВВ» деңгейінде растай отырып, «Тұрақты» -дан «Теріс» деңгейіне өзгертті. Бұл өзгеріс оның бас компаниясы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-қа қатысты дәл сондай рейтингтік әрекетке байланысты болды.
  • 2020 жылғы наурызда «ҚазТрансОйл» АҚ жекеленген құрылымдық бөлімшелері жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеудің жаңа жүйесін регламенттейтін қағидалар қолданысқа енгізілді.
  • 2020 жылғы ақпанда «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры (Басқарма төрағасы) Димаш Досанов пен бес жергілікті кәсіподақтың өкілдері «ҚазТрансОйл» АҚ пен «ҚазТрансОйл» АҚ жұмыскерлері арасындағы 2020–2022 жылдарға арналған Ұжымдық шартқа қол қойды.
  • 2020 жылғы ақпанда «Транснефть» ЖАҚ пен Усть-Луга портында шамамен 699 мың тонна кондициялық емес мұнайды тиеп жөнелту шығындарын өтеу мәселесінде қазақстандық мұнай компанияларының атынан әрекет ететін «ҚазТрансОйл» АҚ арасындағы келісім шеңберінде 38 қазақстандық жүк жөнелтушіге өтемақы төлеу аяқталды.
  • 2020 жылғы қаңтарда «ҚазТрансОйл» АҚ-тың Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге экспорттау мақсатында мұнай айдау бойынша қызметіне 1 тонна үшін 1000 км-ге (ҚҚС-сыз) 7 358,76 теңге мөлшерінде тариф бекітілді, ол 2020 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді.

2019 ЖЫЛ

  • 2019 жылғы желтоқсанда «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырының бойындағы транкингтік байланысты жаңғырту жұмыстарының негізгі кезеңін аяқтады. 20 жылдан астам уақыт жұмыс істеген МРТ-1327 аналогты транкинг жүйесі DMR Tier-III Pro стандартындағы цифрлық кәсіби транкингтік радио байланыс жүйесіне ауыстырылды. Нәтижесінде Қазақстанда 80 транкингтік радио байланыс базалық станциясынан тұратын ең үлкен цифрлық кәсіби транкингтік радио байланыс жүйесі пайдалануға берілді.
  • 2019 жылғы 6 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «ҚазТрансОйл» АҚ мұнай құбыры бағыттары бойынша мұнай және мұнай қоспаларын тасымалдаудың энергия сақтауын ғылыми-техникалық қамтамасыз ету» тақырыбындағы «ҚазТрансОйл» АҚ авторларының ғылыми жұмысына 2019 жылғы әл-Фараби атындағы ғылым және техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы берілді.
  • 2019 жылғы қарашада Fitch Ratings халық аралық рейтинг агенттігі шетелдік валютадағы «ҚазТрансОйл» АҚ эмитентінің дефолты рейтингісін «Тұрақты» болжамымен «ВВВ-» деңгейінде растады. Fitch Ratings айтуынша, «ҚазТрансОйл» АҚ рейтингтері оның күшті операциялық және қаржылық көрсеткіштерін білдіреді, ел экономикасы үшін маңызы зор Қазақстан Республикасындағы мұнай тасымалдау секторындағы басым позициясын сақтайды.
  • 2019 жылғы қазанда «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» (ҚПО) компаниясы 2019 жылғы жоспарлы-алдын алу жөндеуді (ЖАЖ) табысты аяқтады, оған «ҚазТрансОйл» АҚ мамандары да қатысты. Бірлескен жұмыстар 2019-2021 жж КАТС пайдалану және техникалық қамтамасыз ету жөніндегі ҚПО мен ҚТО арасында бекітілген келісімшарттың шеңберінде «Қарашығанақ – Атырау» (КАТС) экспортты құбырының желілік бөлігінде және Атырау Терминалы мен Үлкен Шаған мұнай айдау станцияларында жүргізілді.
  • 2019 жылғы қазанда «ҚазТрансОйл» компанияларының тобы «ҚазТрансОйл» АҚ және «Теңізшевройл» ЖШС арасында 2017 жылғы 29 мамырда бекітілген «Құлсары-Теңіз» су құбырын салу бойынша ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде «Құлсары-Теңіз» су құбырының бірінші кезегін салуды аяқтады. Қазіргі уақытта су құбырының желілік бөлігі бойынша құрылыс-құрастыру жұмыстары аяқталды, гидравликалық сынақтар жүргізілді. Ұзындығы 104,2 км және өткізу қабілеті тәуілігіне 13 200 текше метр жаңа су құбыры «Теңізшевройл» ЖШС өндірістік және техникалық қажеттіліктері үшін техникалық су жеткізуге арналған. Нәтижесінде алдағы «Теңізшевройл» ЖШС өндірісін кеңейту үшін қажет көлемде су жеткізу қамтамасыз етілетін болады. Бұдан басқа, «Магистральдық Суағызғы» ЖШС «Астрахань-Маңғышлақ» магистральдық су құбыры объектілеріне қайта құру жұмыстарын жүргізуде. Атап айтқанда, ССС-8 су сорғы станциясының электрмен қамту жүйесі қайта құрылды, ССС-5 су сорғы станциясын қайта құру жұмыстары аяқталуда. Магистральдық су құбырының тозған учаскесін ауыстыру үшін Қиғаш станциясынан бастап 56 километрге дейін жаңа құбыр тартылды.
  • 2019 жылғы 25 қыркүйекте Алматыда Халықаралық мұнай тасымалдаушылар қауымдастығының (ХМТҚ) 12-ші отырысы өтті. ХМТҚ қатысушы елдердің ең ірі Еуразиялық мұнай тасымалдау компанияларының басшылары өзекті ынтымақтастық мәселелерін талқылап, жаңа шешімдер пысықтады. Отырыста Қауымдастық қатысушылары ХМТҚ клубына жаңа қатысушыны - хорватиялық JANAF компаниясын қабылдауға бірауыздан дауыс берді. JANAF компаниясы мұнай құбыры жүйесін басқарады және хорватиялық, сол сияқты Оңтүстік-Шығыс және Орталық Еуропаның алты еліндегі шетелдік тұтынушылар үшін де шикі мұнай мен мұнай өнімдерін сақтау қызметтерін көрсетеді. Сондай-ақ «Магистральдық құбырлар жүйесін тиімді, сенімді және қауіпсіз пайдалану» тұрақты сарапшылар тобын құру туралы шешім қабылданды. Қазіргі уақытта ХМТҚ шеңберінде заң мәселелері, энергия тиімділігі және мұнай жеткізілімдері бойынша үш тұрақты сараптамалық топ жұмыс жасауда.
  • 2019 жылғы тамызда Moody’s Investors Service халықаралық рейтинг агенттігі «ҚазТрансОйл» АҚ-ты қоса алғанда, қазақстандық компаниялардың рейтингтері бойынша болжамды «Тұрақтыдан» «Жағымдыға» ауыстырып, «Baa3» рейтингін растады. Бұл арту Қазақстан Республикасына қатысты осындай рейтингтік әрекетке байланысты орын алды.
  • 2019 жылғы тамызда «ҚазТрансОйл» АҚ Павлодар мұнай құбыры басқармасының Прииртышск АҚП-да тарату желілері бойынша су беру және сарқынды суларды бұру бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерге мынадай мөлшерде уақытша өтемдік тарифтер бекітілді:
    • тарату желілері бойынша су беру - 23,75 теңге/м3 ҚҚС-сыз;
    • сарқынды суларды бұру - 23,95 теңге/м3 ҚҚС-сыз.
  • 2019 жылғы тамызда «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының магистральдық құбырлар жүйесі арқылы ішкі нарыққа мұнай айдау бойынша реттеліп көрсетілетін қызметке  1 тонна үшін 1000 км-ге ҚҚС-сыз 4 721 ,72 теңге мөлшерінде бекітілген тариф деңгейі жағдайында 1 тонна үшін 1000 км-ге ҚҚС-сыз 4 716,62 теңге мөлшерінде уақытша өтемдік тариф бекітілді (0,1%-ке төмендету).
  • 2019 жылғы 8 тамызда Атырау қаласында «ҚазТрансОйл» АҚ өндірістік объектілерінің базасында Халықаралық мұнай тасымалдаушылар қауымдастығының қолдауымен өткен «Үздік маман - 2019» халықаралық кәсіби шеберлік конкурсы аяқталды. Кәсіби шеберлік сайыстарының қорытындылары бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ мамандарының командасы жалпы командалық есепте бірінші орын алды. Барлығы конкурсқа ХМТҚ қатысушы елдерінің ең ірі мұнай тасымалдау компаниялары атынан 7 команда қатысты: қазақстандық «ҚазТрансОйл», ресейлік «Транснефть», белорусиялық «Гомельтранснефть Дружба», украиндық «Укртранснафта», словакиялық «Транспетрол», венгрлік MOL және қытайлық CNPC.
  • 2019 жылғы 21 шілдеде «ҚазТрансОйл» АҚ-қа тиесілі және Ресей Федерациясы аумағында орналасқан «Омбы-Павлодар» магистральдық мұнай құбырында болған 141 728 тонна технологиялық мұнайды қайтару бойынша жұмыстар аяқталды.
    Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы технологиялық мұнайдың мәртебесін айқындау туралы келісімге 2017 жылғы қарашада қол қойылып, ол 2018 жылы бекітілген болатын. Келісімнің шарттары бойынша 62 048 тонна мөлшеріндегі технологиялық мұнайды қайтару бойынша рәсім мынадай ретте жүргізілді:
    1. ТОН-2 магистральдық мұнай құбырындағы мұнайдың 62 048 тонна мөлшері «ҚазТрансОйл» АҚ –тың меншік құқығына танылды;
    2. «Омбы – Павлодар» магистральдық мұнай құбырындағы мұнайдың сол 62 048 тонна мөлшеріндегі бөлігіне меншік құқық «Транснефть» ЖАҚ-қа танылды.
79 680 тонна технологиялық мұнайдың қалған көлемін 2019 жылғы 10 шілдеден бастап 21 шілдені қоса алған кезеңде «ҚазТрансОйл» АҚ пен «Транснефть» ЖАҚ РФ аумағынан ҚР аумағына партиялармен ығыстырды. Нәтижесінде «Транснефть» ЖАҚ мұнай құбырлары жүйесіндегі 141 728 тонна «ҚазТрансОйл» АҚ технологиялық мұнайының барлық көлемі «ҚазТрансОйл» АҚ мұнай құбырлары жүйесіне қайтарылды.
  • 2019 жылғы 1 шілдеде «ҚазТрансОйл» АҚ еңбекті қорғаудың, өнеркәсіптік қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғаудың үздік көрсеткіштеріне қол жеткізуге қосқан үлесі мен адалдығы үшін сертификатпен марапатталды. «Нөлдік көрсеткіштерге қол жеткізу жолында» атты бас директорлардың жыл сайынғы V форумы аясында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев «ҚазТрансОйл» АҚ-тың 2018 жылғы HSE саласындағы жоғары нәтижелерін атап өтті.
  • 2019 жылдың сәуірінде SGS сертификаттау жөніндегі халықаралық органның аудит нәтижелері бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ–қа жаңа үш жылдық циклға сәйкестік сертификаттары берілді, бұл акционерлік қоғам қызметінің ISO 9001:2015, ISO 14001:2015, OHSAS 18001:2007 және ISO 50001:2011 халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкестігін растайды. Компанияның сертификаттаудан өтуі сондай-ақ қызметтердің жоғары сапасын қамтамасыз етуді, барлық мүдделі тараптармен қарым-қатынасты нығайтуды, «ҚазТрансОйл» АҚ-тың өсуі мен орнықты дамуы үшін келісілген негізді білдіреді.
  • 2019 жылғы 19 ақпанда «Қазақстан қор биржасы» АҚ «ҚазТрансОйл» АҚ-ты 2018 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша «Айқындыққа ұмтылғаны үшін» дипломымен марапаттады. KASE сарапшыларының пікірі бойынша, компания ақпаратты листинг талаптарына қосымша ашу жағдайларының саны бойынша көшбасшылардың бірі болып табылады.
  • 2019 жылғы қаңтарда «ҚазТрансОйл» АҚ және «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б. В.» АҚ 6 млрд 682 млн теңге сомаға «Қарашығанақ-Атырау» магистральдық мұнай құбырын пайдалану және техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтер көрсетуге жаңа келісімшарт жасасты. «Қарашығанақ-Атырау» магистральдық мұнай құбырын пайдалану және техникалық қызмет көрсетуге «ҚазТрансОйл» АҚ 16 жыл бойы «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б. В.» қызметін ұсынады.
  • 2019 жылғы қаңтарда 2019-2023 жылдар аралығындағы кезеңге Ресей Федерациясының шекарасы – Қазақстан Республикасының шекарасы (Прииртышск) – Атасу (Қазақстан Республикасы) – Алашанькоу (Қытай Халық Республикасы) бағыты бойынша Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Қытай Халық Республикасына жылына 10 млн тонна көлемінде ресейлік мұнайды тасымалдау құны, ҚҚС-ты қоспағанда, 1 тонна үшін 15,0 АҚШ доллары, оның ішінде:
    • Ресей Федерациясы шекарасы – Қазақстан Республикасы шекарасы (Прииртышск) – Атасу (Қазақстан Республикасы) учаскесінде, оның ішінде «Атасу» БМАС-та мұнайды ауыстырып құю – ҚҚС-ты қоспағанда, 1 тонна үшін 4,23 АҚШ доллары;
    • Атасу (Қазақстан Республикасы) – Алашанькоу (Қытай Халық Республикасы) учаскесінде - ҚҚС-ты қоспағанда, 1 тонна үшін 10,77 АҚШ доллары мөлшерінде бекітілді.

2018 ЖЫЛ

  • 2018 жылғы желтоқсанда «Кеңқияқ-Атырау» магистральдық мұнай құбырының SCADA жүйесін «ҚазТрансОйл» АҚ-тың SCADA жүйесіне интеграциялау жұмысы аяқталды. «ҚазТрансОйл» АҚ бас диспетчерлік басқармасында «ҚазТрансОйл» АҚ, «МұнайТас» ЖШС және «Zeinet» ЖШС мердігерлік ұйымның мамандары «Кеңқияқ-Атырау» магистральдық мұнай құбырын технологиялық жабдықтармен қашықтан басқару жұмысын сынақтан өткізді.
  • 2018 жылғы желтоқсанда «ҚазТрансОйл» АҚ пен «KMG Automation» ЖШС отандық тауар өндірушілерді қолдау және импорт алмастыру мақсатында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Тараптар жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғыртуға және жаңа өндірістерді құруға жәрдемдесу жөніндегі бағдарлама шеңберінде өзара іс-қимыл жасайды. Ынтымақтастықты жүзеге асыру кезіндегі басты назар - отандық өңдеуші өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
  • 2018 жылғы қарашада Алматыда қазақстандық биржалық форум қаржыгерлерінің VIII конгресі аясында «ҚазТрансОйл» АҚ «Қор нарығының дамуына қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша марапатқа ие болды.
  • 2018 жылғы қарашада S&P Global Ratings халықаралық рейтинг агенттігі «ҚазТрансОйл» АҚ-тың ұзақмерзімді несие рейтингін «ВВ-» деңгейінен «Тұрақты» болжамның «ВВ-» деңгейіне дейін көтергені туралы хабарлады.
  • 2018 жылғы қазанда «ҚазТрансОйл» АҚ «Тұймазы – Омбы – Новосибирск-2» мұнай құбырында заманауи телемеханика жүйесін іске қосты. Ол «Тұймазы – Омбы – Новосибирск-2» магистральдық мұнай құбырының желілік бөлігінің қондырғысын операторлық станциядан қашықтан басқаруға мүмкіндік береді. Желілік телемеханика жүйесі технологиялық параметрлердің оқиғалары мен мағынасын сақтайды және архивтейді, мұнайдың қысымын және температурасын жедел түрде бақылайды, авариялық жағдайлардың, операторлардың процесі және әрекеттері туралы хабарлама журналдарын жүргізеді. «Тұймазы-Омбы-Новосібір-2» магистральдық мұнай құбырының қазақстандық учаскесі 186,249 км құрайды. Бекітілген қуаты - жылына/11 млн тонна, жобалық өткізу қуаты – жылына/18 млн тонна.
  • 2018 жылғы тамызда «ҚазТрансОйл»» АҚ-тың электр энергиясын беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметіне тарифтер мен тарифтік сметалар бекітілді:
    1. «Петерфельд» желілік өндірістік-диспетчерлік станциясы 0,90 теңге/квтс (ҚҚС есептемегенде);
    2. Құлсары мұнай құбыры басқармасы 0,61 теңге/кВтс (ҚҚС-ты есептемегенде);
    3. Қарағанды мұнай құбыры басқармасы 0,60 теңге/кВтс (ҚҚС-ты есептемегенде);
    4. Атырау мұнай құбыры басқармасы 0,34 теңге/кВтс (ҚҚС-ты есептемегенде);
    5. Маңғыстау мұнай құбыры басқармасы 0,42 теңге/кВтс (ҚҚС-ты есептемегенде);
    6. Орал мұнай құбыры басқармасы 0,36 теңге/кВтс (ҚҚС-ты есептемегенде);
    7. Павлодар мұнай құбыры басқармасы 0,38 теңге/кВтс (ҚҚС-ты есептемегенде);
    8. «Ақтау» ӨТҚжЖЖБ 1,257 теңге/кВтс (ҚҚС-ты есептемегенде);
    9. Жезқазған мұнай құбыры басқармасы 0,71 теңге/кВтс (ҚҚС-ты есептемегенде);
    10. Ақтөбе мұнай құбыры басқармасы 0,83 теңге/кВтс (ҚҚС-ты есептемегенде);
    11. Шымкент мұнай құбыры басқармасы 1,02 тенге/кВтс (ҚҚС-ты есептемегенде).
  • 2018 жылғы маусымда «ҚазТрансОйл» АҚ қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісі болып табылатын таратушы желілер арқылы су беру және сарқынды суларды бұру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтер бекітілді:
    • Павлодар мұнай құбыры басқармасының Прииртышск авариялық-қалпына келтіру пунктінде тарату желілері арқылы су беру 37,75 теңге/м3;
    • Павлодар мұнай құбыры басқармасының Прииртышск авариялық-қалпына келтіру пунктінде сарқынды суларды бұру 51,28 теңге/м3.

2017 ЖЫЛ

  • 2017 жылғы қаңтардан бастап Атырау-Самара мұнай құбыры бойынша Новороссийск кемежайына дейін және эскпортқа шығару үшін «Транснефть» ЖАҚ жүйесі бойынша азкүкіртті Сібір жеңіл мұнайының жалпы ағынымен әрі қарай тасымалдауға арналған шикізат сапасының сақталуымен Қашаған мұнайын тасымалдау жүргізілуде. Бұл «ҚазТрансОйл» АҚ пен «Транснефть» ЖАҚ-тың жаңа құбыр маршрутын құру бойынша бірлескен жұмысының жемісі. Соның арқасында мұнай сапасының сақталуымен Атыраудан Самараға дейінгі мұнай құбыры бойынша Қашаған мұнайын тасымалдау жүзеге асырылады. Бүған дейін Атырау-Самара мұнай құбыры арқылы мөлшері жылына 15 млн тоннаға дейін қазақстандық мұнай жеткізілген, ол ресейлік Urals қоспасымен «Транснефть» ЖАҚ жүйесі бойынша әрі қарай тасымалданды. Соның ішінде Қашаған мұнайының алғашқы партиялары да бар. Сонымен қатар Urals-пен салыстырғанда азкүкіртті Сібір жеңіл мұнайының ағынымен жеткізілімінде айтарлықтай жоғары. Бұл отандық мұнай компаниялары, жалпы Қазақстан үшін айтарлықтай тиімді.
  • 2017 жылғы ақпаннан бастап «ҚазТрансОйл» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттар талаптарына сәйкестілігіне инспекциялық аудит өтіп, ISO 9001:2015 және ISO 14001:2015 халқаралық стандарттарының жаңа нұсқаларына сәйкестілігіне мерзімінен бұрын сертификатталды. ЫМЖ инспекциялық аудиті қорытындылары бойынша SGS аудиторлары компания қызметінің халықаралық ISO 9001:2008, ISO 14001:2004, OHSAS 18001:2007 және ISO 50001:2011 стандарттарының барлық талаптарына сәйкестілігін растады.
  • 2017 жылғы 28 ақпаннан бастап Новороссийск кемежайында NEW AMORGOS танкеріне Siberian Light сұрыпты жеңіл Батыс-Сібір мұнайы қоспасымен әрі қарай экспортқа арналған алғашқы Қашаған мұнайы тиелді.
  • Қазақстан Республикасы энергетика Министрлігінің 2017 жылғы 1 наурыздағы №80 бұйрығымен жылына 10 млн тонна мөлшерінде Қазақстан Республикасы аумағы арқылы Қытай Халық Республикасына Ресей мұнайын тасымалдау құны ҚҚС-сыз 1 тонна үшін 11 доллар 36 цент көлемінде бекітілді.
  • 2017 жылғы 31 наурызда меншік иесі «ҚазТрансОйл» АҚ және CNODC бірлесіп бақылайтын кәсіпорын «Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС болып табылатын «Атасу-Алашаңқай» магистральды мұнай құбырының «Алашаңқай» қабылдау-тапсыру пункті арқылы мұнай құбыры пайдалануға берілгеннен бері мұнайдың 100-миллионыншы тоннасы тасымалданды.
  • 2017 жылғы 25 мамырда «ҚазТрансОйл» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы өтті. Онда 2016 жылдың қорытындысы бойынша дивидендтерді төлеу үшін компания акцияларын Қазақстан Қор биржасында жария түрде орналастырудың жалпы кезеңіндегі рекордтық сома, яғни 59 617 355 345 теңге бағыттау шешімі қабылданды. Ол «ҚазТрансОйл» АҚ-тың 2016 жылға арналған таза табысы 44 527 918 000 теңге мен 15 089 437 345 теңге өткен жылдардағы бөлінбеген табыстар. 2016 жылға арналған дивиденд көлемі «ҚазТрансОйл» АҚ-тың бір қарапайым акциясына 155 теңгені құрады.
  • 2017 жылғы 14 маусымда «ҚазТрансОйл» АҚ Батыс филиалының оқу-курстық комбинаты өзінің 50 мыңыншы тыңдаушысын оқытып шығарды. Мерейтойлық түлек Маңғыстау мұнай құбыры басқармасы «Қаражанбас» желілік өндірістік-диспетчерлік станциясының тауар операторы Алтынай Жайлаубаева болды. ОКК биыл құрылғанна 20 жыл толатын «ҚпазТрансОйл» компаниясының құрдасы болып табылады.
  • 2017 жылғы 28 маусымда «ҚазТрансОйл» АҚ активтерін басқару құрылымын оңтайландыру мақсатында ерікті түрде «Batumi Terminals Limited» еншілес компаниясы жойылды.
  • 2017 жылғы 7 маусымда «Жайықмұнай» ЖШС жеткізуші мұнай құбырын «ҚазТрансОйл» АҚ құбыр жүйесіне қосу туралы актіге қол қойылды. Қосылу «ҚазТрансОйл» АҚ-тың өз күшімен Өзен-Атырау-Самара магистральды мұнай құбырының 1187,4 км телімінде жүргізілді. Қосылу арқасында «Жайықмұнай» ЖШС мұнайын «ҚазТрансОйл» АҚ Атырау-Самара құбыры учаскесімен және әрі қарай «Транснефть» ЖАҚ жүйесі арқылы экспортқа тасымалдау мүмкіндігі қамтамасыз етілді.
  • 2017 жылғы 7 қыркүйекте Астанада алғаш рет Халықаралық мұнай тасымалдаушылар қауымдастығының (ХМТҚ) VIII отырысы өтті. Отырысқа қатысушылар, яғни Қазақстан, Беларусия, Венгрия, Қытай, Ресей, Словакия, Украина және Чехияның ірі мұнай құбыры компанияларының басшылары экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады және 2018 жылға арналған қызмет жоспарын келісті.
  • 2017 жылғы 8 қыркүйекте Қазақстан Республикасы ақпарат және коммуникация министрлігі «Естелік және мерейтойлық тақырыптары» сериясының «ҚазТрансОйл» 20 жыл» тақырыбына пошталық марканы айналымға шығарды.

2016 ЖЫЛ

  • Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті 2015 жыл қорытындысы бойынша Компанияны Астананың үздік салық төлеушісі деп таныды. Ең үздік салық төлеушіні анықтау аясында бірқатар компаниялар 12 өлшем бойынша бағаланды. 2015 жылдың қорытындысы бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ Қазақстан бюджетіне төленген салық соммасы 29,2 млрд теңгені құраған, оның ішінде Астана қ. бюджетіне – 17,5 млрд теңге төленді.
  • Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «ҚазТрансОйл» АҚ Батыс филиалына қарасты Атырау мұнай құбыры басқармасының «663 км» МАС модернизацияланған мұнай айдау станциясының жұмысы көрсетілді. Жаңа қуаттылықтар мұнайды экспортпен отандық мұнай өңдеу зауыттарына жеткізу мақсатында Қазақстан-Қытай мұнай құбырының Атырау-Кеңқияқ учаскісінің өткізу әлеуетін ұлғайтты. Әр түрлі жүк жөнелтушілердің, оның ішінде Қытай Халық Республикасы бағытына қарай қашаған мұнайын тасымалдауын, батысқазақстандық мұнайды отандық зауыттарға жеткізуді қамтамасыз ету аясында Қазақстан-Қытай мұнай құбыры құрылысының жобасының 2 кезеңінің екінші кезекті жүзеге асыру шеңберінде «663 км» МАС жөндеуден өкізіліп, кеңейтілді. «663 км» МАС-тың модернизациялау жұмыстары 2014 жылдың қаңтар айында басталған, жөндеу жұмыстарын отандық мердігерлер жүргізді. Жобалық шешімдерге сай реверсттік режиміндегі Атырау-Кеңқияқ мұнай құбыры жұмысының бас мұнай айдау станциясының қызметін атқарады. Бұған қоса, жоба аясында «663 км МАС - АМӨЗ» мұнай құбыры арқылы «663 км» МАС мұнай айдау функциясын атқармақ.
  • «ҚазТрансОйл» АҚ-ның магистральды мұнай құбырлары жүйесіне Қашаған кен орнында өндірілген мұнай қазан айында Атырау-Самара мұнай құбыры участкісі арқылы экспортқа тасымалданып, Усть-Луга кемежайы арқылы жөнелтілді. 2016 жылдың қорытындысы бойынша 117 мың тонна қашағандық мұнай тасымалнады.
  • 2016 жылдың 29-шы тамызда Тұймазы-Омбы-Новосібір-2 (ТОН-2) магистральді мұнай құбырының 185,6 км созылған қазақстандық телімі құбыр желісінің жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Нәтижесінде мұнайдың өткізу қуаттылығы жылына 10 млн тоннаға дейін ұлғайды.
  • 2016 жылдың 28-ші шілдеде «ҚазТрансОйл» АҚ Батыс филиалы Маңғыстау мұнай құбыры басқармасының базасында мұнайдың мөлшері мен сапасын өлшейтін жүйе (ММСӨЖ) іске қосылды. Құрылғы «Қаражанбасмұнай» АҚ-ның кен орнынан битум зауытына мұнайдың тасымалдануын бақылауға мүмкіндік береді.
  • 2016 жылдың 28-ші шілдеде «ҚазТрансОйл» АҚ Өзен – Атырау – Самара магистральдық мұнай құбыры «663 км» мұнай айдау стансасында (МАС) 220/110/10 КВ электр станциясы іске қосылды.
  • 2016 жылдың 27 мамыр күні Акционерлердің жылдық жалпы жиналысының шешімімен «ҚазТрансОйл» АҚ топтық басқарудың Кодексі бекітілді.
  • 2016 жылдың маусым айында «ҚазТрансОйл» компаниясында Қазақстан Республикасы аумағы арқылы өтетін және магистральды құбырлары арқылы мұнайды экспорттқа бағыттаудағы компаниямен көрсетілетін қызметтерді есептеу әдістемесі директорлар кеңесімен әзірленіп, бекітілді.
  • 2016 жылдың 29 сәуірінде Павлодар-Шымкент мұнай құбырының ұзындығы 14,3 км құрайтын телімі пайдалануға берілді. Мұнай құбырының жаңа телімін пайдалануға беру арқсында магистралды мұнай құбырына жақын салынған тұрғын ғимараттар саны 182 нысанға кеміді.

2014-2015 ЖЫЛДАР

  • «ҚазТранОйл» АҚ жылына 7 млн. тонна Ресей мұнайын Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Қытай Халық Республикасына тасымалдауды бастады.
  • 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігі (әр қарай – ТМРА) бекіткен, келесілерге арналған тарифтер қолданысқа енгізілді:
– ішкі нарық үшін ҚҚС-сыз 2 931,8 теңге/1000 тн. шақырым мөлшерінде және экспорт үшін ҚҚС-сыз 4 850,6 теңге/1000 тн. шақырым мөлшерінде «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық құбырлары жүйесі бойынша мұнайды қайта айдау жөніндегі реттелетін реттелетін қызметке арналған тарифтер;
– төтенше реттеу шарасы ретінде «Ертіс-Атасу» үшін тоннасына 117,31 теңге, ал «Атасу-Алашанькоу» үшін тоннасына 1 097,42 теңге көлемінде, «Ертіс-Атасу-Алашанькоу» магистральдық құбыры телімі бойынша транзиттік мұнай айдау жөніндегі реттелетін қызметке арналған тарифтер.
  • 2014 жылғы 1 сәуірден бастап ҚҚС-сыз 1000 тн. шақырым/5 817,2 теңге көлемінде экспортқа және ҚҚС-сыз 1000 тн. шақырым/2 931,8 теңге көлемінде төтенше реттелетін шара ретінде «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық құбырлар жүйесі арқылы мұнайды қайта айдау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметіне ТМРА бекіткен тарифтер қолданысқа енгізілді. Тарифтің өсуінің негізгі себебі – теңгенің құнсыздануының салдарынан Компанияның шығындарының өсуі болды.
  • «ҚазТрансОйл» АҚ Қазақстанда бірінші болып, «ҚазТрансОйл» АҚ SAP пайдаланушыларын қолдау бөлімінің – Клиентті сараптау орталығының талаптарына сәйкестігі бойынша аудиттен өтті, бұл – Customer Center of Expertise (COE) Primary certificate сертификатымен расталды. Аудитті SAP AG компаниясы жүргізді.
  • «ҚазТрансОйл» АҚ Акционерлерінің жалпы жылдық жиналысы өткізілді, жиналыс барысында Компанияның Директорлар кеңесінің жаңа үш жылдық өкілеттілік мерзімі және құрамы белгіленді, оған – үш тәуелсіз директорды қоса есептегенде, алты адам сайланды.
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және Қытай Ұлттық Мұнай-Газ Корпорациясы «Қазақстан - Қытай» мұнай құбыры телімдерінің меншік иелері арасында тарифтік түсімді бөлісудің және мұнайды экспортқа тасымалдауға арналған Біріңғай тарифті есептеудің Әдістемесін бекітті.
  • «Қазақстан Халық Банкі ЖЗҚ» АҚ-тың «ҚазТрансОйл» АҚ-қа тиесілі акциялар пакетінің 0,88037%-ы сатылды.
  • 2013 жылғы 24 желтоқсандағы Ресей мұнайын Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Қытай Халық Республикасына тасымалдау саласындағы ынтымақтастық туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы Келісімге сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті (әрі қарай – ТМРжБҚК) Төрағасының 2014 жылғы 4 қарашасындағы №45-ОД бұйрығына сәйкес Ресей Федерациясының шекарасы – Қазақстан Республикасының шекарасы (Ертіс) – Атасу (Қазақстан Республикасы) – Алашанькоу (Қытай Халық Республикасы) тасымалдау бағдары бойынша Ресей мұнайын Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Қытай Халық Республикасына тасымалдау құны ҚҚС-сыз 1 тоннаға 9,8 АҚШ доллары мөлшерінде бекітіліп, 2014 жылдың 1 қаңтарында қолданысқа енгізілді. Бұл бұйрық сондай-ақ ТМРА-ның 2013 жылғы 24 желтоқсандағы №396-ОД бұйрығын жояды, ал оған сәйкес, аталған бағдар бойынша тасымалдауға арналған тарифтер теңгемен белгіленген болатын.
  • «ҚазТрансОйл» АҚ-тың аса ірі өндірістік нысандардың құрылысы мен қайта жаңғыртылуы аяқталды: Құмкөл – Қарақойын (Б. Жұмағалиев атындағы БМАС) мұнай құбыры үшінші желісінің құрылысы, Б. Жұмағалиев атындағы БМАС және Атасу БМАС-ның тірек сорғы станциясының құрылысы, сондай-ақ Барсеңгір МАС және Шолаққорған БМАС-ын электрмен жабдықтау жүйесінің қайта жаңғыртылуы.
  • Сонымен бірге, Өзен – Жетібай – Ақтау магистральдық мұнай құбырынң және Қаламқас – Қаражанбас – Ақтау (Қаражанбас – Ақтау телімі) магистральдық мұнай құбырының екінші кезегін қайта құрылымдау аяқталды.
  • Туймазы – Омбы – Новосибирск-2 (ТОН-) мұнай құбырының Қазақстандық телімінде күрделі жөндеу жасалды, оның барысында жалпы ұзындығы 40 шақырым болатын мұнай құбырының желілік бөлігі таңдау бойынша алмастырылды.
  • «ҚазТрансОйл» АҚ өндірістік нысандарының энергиялық тиімділігін арттыруға мүмкіндік жасау үшін «Бейнеу МАС», «Қаратон МАС» және «Прорва МАС» станцияларында реактивті қуатты өтемдейтін қондырғылар енгізілді.
  • 2015 жылғы мамыр айында «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына түзетулер енгізілді. Аталмыш түзетулерге сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өткізу және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге экспортқа шығару мақсатында мұнай тасымалдауға байланысты қызмет түрлері табиғи монополиялар саласынан алынып тасталды.
  • 2015 жылдың шілдесінде компания «Павлодар – Шымкент» магистральді мұнай құбырының «Барсеңгір – Атасу» телімінде қайта жаңарту жұмыстарын аяқтады. Бұл жоба аталған мұнай құбырының Б. Жұмағалиев атындағы БМАС – Барсеңгір МАС – Атасу БМАС телімі бойынша реверстік бағытта жылына 20 миллион тоннаға дейінгі көлемде өткізу қабілетін қамтамасыз ету үшін іске асырылған. Аталған жұмыстар «Қазақстан-Қытай мұнай құбыры құрылысының екінші сатысының екінші кезеңі. Мұнай өнімділігін жылына 20 милллион тоннаға дейін арттыру» деп аталатын жобаның шеңберінде іске асырылды.
  • 2015 жылдың тамызында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің (бұдан былай - ТМРК) 2015-2019 жылдарға арналған Компанияның магистральді құбырлары жүйесі арқылы Қазақстан Республикасының ішкі нарығына мұнайды қайта айдау бойынша реттелетін қызметке арналған тарифтік смета мен тарифтердің шектік деңгейлерін бекітті.
  • 2015 жылдың қыркүйегінде Компания Халықаралық мұнай тасымалдаушылар қауымдастығының қатысушысы болды. Қауымдастық қатысушы-компаниялардың мұнай тасымалдау жүйелерін тиімді дамыту бойынша күш-жігерін үйлестіруге жәрдемдесу және халықаралық мұнай тасымалының тұрақтылығын нығайту мақсатында құрылған. Келесі компаниялар да Қауымдастықтың мүшелері болып табылады: «АК «Транснефть» ААҚ (Ресей), «Транспетрол» АҚ (Словакия), «Гомельтранснефть Дружба» ААҚ (Белоруссия), «МЕРО ЧР» АҚ (Чехия), «MOL Hungarian Oil&Gas» (Венгрия).
  • 2015 жылдың желтоқсанында компанияның ықпалдандырылған менеджмент жүйесінің (бұдан былай– ЫМЖ) менеджмент жүйелерін сертификаттаудың халықаралық жүйесіндегі ISO 9001:2008, ISO 14001:2004, OHSAS 18001:2007, ISO 50001:2011 халықаралық стандарттарының талаптарына сай келетіндігін дәлелдейтін сәйкестік сертификаттарын табыстау рәсімі болып өтті. Бұл ретте, Компания ISO 50001:2011 халықаралық стандартына сәйкес келетін қуат көзін басқару жүйесінің сертификатын алғаш рет алып отыр.

2012-2013 ЖЫЛДАР

  • 2012 жылы 22 маусымда магистарльді құбырларды жобалау, салу, пайдалану, сақтау және жою барысында пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін және магистральді құбырлармен тиімді, сенімді және қауіпсіз пайдалануға бағытталған «Магистарльді құбыр туралы» атты Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.
  • 2012 жылдың маусым айында Компания жарияланған акцияларды ұсақтау және олардың санын ұлғайту рәсімін аяқтады. 2012 жылдың 30 маусымның күйіне қарай акциялардың жалпы саны 384 635 600 құрады.
  • 2012 жылдың тамыз айында Қоғамның жалғыз акционері «ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ 2011 жыл бойынша бір акция 173 теңге мөлшеріндегі дивидендтерді төлеу шешімін бекітті. «ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ-ның пайдасына жиынтық сомасы 60 002 000 мың теңге мөлшерінде дивидендтер төленді...
  • 2012 жылы 21 қыркүйекте Компания «ҚазТрансОйл - Сервис» АҚ-ның 100% акцияларын «ҚазМұнайГаз-Сервис» ЖСШ-ға сату мәмілесін өткізді. Тәуелсіз бағалаушы «Жекешелендіру және инвестиция жөніндегі бюро» ЖШС-ның «ҚазТрансОйл - Сервис» АҚ акцияларының нарықтық құнына берген бағасына сәйкес 11 647 889 мың теңгеге Қоғамның акциялары сатылды. Осы пакет акцияларының берілуі Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу агенттігімен үйлестірілді.
  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қазандағы № 1273 қаулысымен «ҚазТрансОйл» АҚ магистральды мұнай құбырының ұлттық операторы болып белгіленді. Ұлттық оператордың қызметі Қазақстан Республикасында магистральды мұнай құбырлары жүйесін дамытуға және оларды тиімді, сенімді және қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған.
  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазанындағы № 1376 қаулысымен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Директорлар кеңесінің «ҚазТрансОйл» АҚ акцияларын «Халықтық IPO» бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Қор биржасына орналастыру бағасы, оның мөлшері мен құрылымы жөніндегі шешімі бекітілді. Қаулыға сәйкес бір акция бағасы 725 теңге тұратын 38 463 559 қарапайым акциялар орналастырылатын болды.
  • 2012 жылдың 1 желтоқсанынан бастап Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігімен «ҚазТрансОйл « АҚ магистралді мұнай құбырлары арқылы мұнай тасымалдау бойынша реттелетін қызметтерге жаңа тарифтер енгізілді: экспортқа 4 732,6 теңге/1 000 тн км ҚҚС-сыз, ішкі нарыққа 1 954,5 теңге/1 000 тн км ҚҚС-сыз.
  • 2012 жылдың 25 желтоқсанында Қазақстан Қор биржасының сауда залында «Халықтық IPO» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қор нарығына шығарылған «ҚазТрансОйл» АҚ қарапайым акцияларының қайталама нарықтағы саудалануының ресми ашылу салтанаты өтті. Жазылыс барысында Қазақстан Республикасының 10 жинақтаушы зейнетақы қорлары және 33 989 азаматтары «ҚазТрансОйл» АҚ қарапайым акцияларын сатып алды. Сұраныс көлемі орналастырылым көлемінен 2,1 есеге асып түсті.
  • 2012 жылы 25 желтоқсанда Астана қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев «ҚазТрансОйл» АҚ-ға бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін әспеттейтін «Парыз - 2012» конкурсының Бас жүлдесімен марапаттады.
  • 2013 жылдың 1 ақпанынан бастап Қоғамның акциялары KASE индексін есептейтін өкілетті тізіміне қосылды.
  • 2013 жылы 28 мамырда IPO кейін «ҚазТрансОйл» АҚ акционерлердыің бірінші жылдық жалпы жиналысы өткізілді. Оның барсында сонымен қоса 2012 жылдың қорытындысы бойынша дивидендтерді төлеу шешімі қабылданды. Дивидендтердің жалпы сомасы 28 847 669 925 теңгені немесе шоғырландырылған таза пайданың 86% құрады.Бір қарапайым акцияға 75 теңге шаққандағы дивидендтер төлемі 2013 жылы 4 шілдеде жүзеге асырылды.
  • 2013 жылы 11 желтоқсанда «Batumi Industrial Holdings Limited», «Batumi Capital Partners Limited» және «Batumi Services Limited» компанияларының «Batumi Terminals Limited» компаниясына қосылу жолымен қайта ұйымдастыру рәсімдері аяқталды. 2013 жылы 25 желтоқсанда «Батуми мұнай базасы» ЖШҚ-ның «Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ-на қосылу үрдісі аяқталды. Қайта ұйымдастыру нәтижесінде «ҚазТрансОйл» АҚ Грузиядағы өндірістік активтерді – Батуми мұнай терминалына және Батуми теңіз кемежайына тікелей иелік етуге және оларды басқаруды жүзеге асыратын «Batumi Terminals Limited» (Кипр) компаниясының 100% акцияларының иеленушісі болып табылады.
  • 2013 жылы 13 желтоқсанда «Қазақстан-Қытай мұнай құбыры» ЖШС «Атасу – Алашаңқай» магистралды мұнай құбырының №10 МАС пен №8 МАС-ын пайдалануға қабылдады.

2007 – 2011 ЖЫЛДАР

  • 2007 жылы Компания өзінің ақпарат қауіпсіздігін басқару жүйесін оның ISO/IEC халықаралық стандарттар талаптарына сәйкестігі мәніне сертификаттау өткізді және BSI (Британ стандарттар институты) сертификаттау жөніндегі халықаралық органынан сертификат алды, сондай-ақ DETNORSKEVERITAS (Норвегия) Компанияның еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы саласындағы қызметі OHSAS 18001:1999 халықаралық сапа стандартына сәйкес келетінін растайтын сертификат алды.
  • 2007 жылы Компания Naftrans Limited компаниясынан 64 млн. АҚШ долларына Batumi Capital Partners Limited компаниясы акцияларының 50%-ын сатып алды.
  • 2008 жылғы ақпанда Компания Terminal Partners Limited компаниясынан 325 млн. АҚШ долларына Batumi Industrial Holdings Limited компаниясы акцияларының100%-ын сатып алу бойынша мәмілені аяқтады.Сөйтіп, Batumi Industrial Holdings Limited компаниялары тобын сатып алу жалпы сомасы 389 млн. АҚШ долларына түсті.
  • ҚҚҚ 2008 жылғы тамызда ING Bank N.V. және ICBC-дан 1 033 098 мың АҚШ доллары сомасынаон жылға кредит тартты. Бұл кредит Кеңқияқ – Құмкөлмагистральды құбырын салуды қаржыландыруға жолданды.
  • ҚҚҚ 2009 жылғы қазанда Кеңқияқ – Құмкөлмагистральды құбырын пайдалануға қосты.
  • 2011 жылы Компания Павлодарда алғашқы жаңғыртылған орталық диспетчерлік пунктті іске қосуды жүзеге асырды. Орталық диспетчерлік пунктті іске қосудағы негізгі мақсат Компанияның диспетчерлік қызметті қоса алғанда мұнай құбырларын басқарудың сатылық құрылымын дәйекті қайта құру еді.
  • 2011 жылы Қоғам ISO 9001:2008, ISO 14001:2004 және OHSAS 18001:2007 талаптарына ықпалдастырылған менеджмент жүйесінің сәйкестігіне сертификаттау аудитін жақсы өткізді, оның нәтижелері бойынша Det Norske Veritas сертификаттау органы үш жыл мерзімге сәйкестік сертификатын берді.
  • 2011 жылы маусымда Компания ҚМГ-дан Компанияның орналастырылатын акцияларының төлемі ретінде жалпы сомасы 1 700 млн. теңгеге «Туймазы – Омбы – Новосибирск 2» мұнай құбырының қазақстандық бөлігін алды.

2002 – 2006 ЖЫЛДАР

  • 2003 жылы Компания өзінің барлық бөлімшесіне SAP R/3 кәсіпорынды басқарудың автоматты жүйесін енгізді.
  • Компания халықаралық ықпалдастырылған менеджмент жүйесін сертификаттау халықаралық жүйесінде сертификат тауды өткізді. Компанияның ИСО 9001:2000 және ИСО 14001:2004 халықаралық стандарттар талаптарына сәйкескелетін сертификат талған және жақсы жұмыс істептұрған сапа менеджменті және экология менеджменті жүйелері бар.
  • Компания қабылдау-тапсыру операцияларын жүзеге асыруға арналған сұйыққойма паркі бар «Әлібекмола» мұнай айдау стансасының бірінші және екінші кезегі пайдалануға берді,ол кейіндеу Компанияның магистральды мұнай құбырларын диспетчерлік бақылау және басқару жүйесіне («SCADA»)кіріктірілді.
  • 2003 жылы мамырда Кеңқияқ – Атырау магистральды құбыры пайдалануға берілді.
  • 2004 жылы Компания «ҚазТрансОйл» АҚ болып қайта аталды.
  • 2004 жылы шілдеде ҚМГ 2001 жылы ҚМГ мен «ҚҰМК Интернационал Қазақстанда» ЖШС қатысуымен құрылған МұнайТас бірлескен кәсіпорнындағы акциялардың 51%-ы мөлшеріндегі өз үлесін Компанияға берді, ЖШС үлесі кейіннен CNPC тобының еншілес компаниясы CNPC Exploration and Development Company Ltd-ға берілді.
  • МұнайТас 2004 жылы шілдеде Еуропалық Қайта құру және Даму банкісінен («ЕҚДБ») «Қазақстан Халық жинақ банкі» АҚ қарызын қайта қаржыландыру үшін 2014 жылғы маусымға дейінгі мерзімге 81 600 млн АҚШ доллары сомасында несие алады. Компания осы кредит бойынша ЕҚДБ пайдасына кредиттің толық сомасына кепілдік берді.
  • 2004 жылы Компаниямен CNODC тең негізде ҚҚҚ-ны құрды.
  • 2005 жылы қыркүйекте ҚҚҚ өзінің үлестес компаниясы KCP Finance B.V.арқылы капитал халықаралық нарықтарына өтелу уақыты 2020 жылғы қыркүйек жалпы сомасы 300 млн АҚШ доллары еурооблигациялардың бірінші шығарылымын орналастырды. Облигациялар шығарылымы Атасу – Алашаңқай магистральды құбырын салуды қаржыландыру үшін жүзеге асырылды.
  • 2006 жылғы шілдеде Атасу – Алашаңқай магистральды құбыры пайдалануға берілді.
  • 2006 жылғы шілдеде Компания ұзындығы 25 км және жобалық өткізу қабілеті жылына 3,5 млн тонна Солтүстік Бозащы – Қаражанбас мұнай құбырын пайдалануға қосты.
  • 2006 жылғы желтоқсанда Компания 23 ірі нысанда автоматика жүйелерін қайта құруды аяқтады және Компанияның барлық басқару деңгейінде SCADA жүйесін енгізді.

1997 – 2001 ЖЫЛДАР

  • Қазақстан Республикасында акциясының 100%-ы мемлекетке тиесіліКомпания Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы сәуірдегі қаулысымен «ҚазТрансОйл» мұнай тасымалдау жөніндегі ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамы атауымен құрылды. Компания құрылған күні оның меншігінде және пайдалануында 6 400км-денастам мұнай құбырлары және 2 000 км-ден астам суағарлар болды.
  • Компания 1998 жылы 4 желтоқсанда мұнайды магистральды құбырлармен тасымалдау қызметтерін және суды магистральды суағызғылармен беру қызметтерін қоса алғанда бірқатар реттелетін қызметтерді көрсетуге қатысты Табиғи монополиялар субъектілері мемлекеттік тіркелімінің Республикалық бөліміне кіргізілді.
  • 2000 жылы Компания Атасу мұнай айдау стансасындажалпы өндірістік қуаты жылына 1,5 млн тонна мұнай құю аспақұярлығын салуды аяқтады.
  • 2001 жылы Компания 8,5% купонға тең жалпы сомасы 150 млн. АҚШ доллары еурооблигациялардың алғашқы шығарылымын халықаралық қор нарықтарына орналастыруды жүзеге асырды, ол қазақстандық компаниялардың топтық еурооблигацияларының алғашқы шығарылымы да еді. Компания еурооблигацияларды 2006 жылы толық өтеді.
  • 2001 жылы Компания Атырау мұнай айдау стансасында КҚК құбырына мұнайды ауыстыру құюға арналған нысандар құрылысын аяқтады.
 
Серiктестер