KZTO 820,00 (+0,61%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 820,00 (+0,61%)

«ҚазТрансОйл» АҚ интернет-алаяқтық қаупі туралы ескертеді


Қазақстанда алаяқтар жоғары және пассивті кіріске қол жеткізетін «ұлттық компанияларға тиімді инвестиция салуға» шақыратын жалған жағдайлар жаппай тіркелуде.

Қырағы болуды және тек ресми дереккөздерге сенуді сұраймыз.

Алаяқтардың құрбаны болмау үшін «ҚазТрансОйл» АҚ бағалы қағаздарын лицензияланған брокерлік компания арқылы сатып алу керек екені есіңізде болсын.

Брокерде лицензияның болуын ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің интернет-ресурсында тексеруге болады.

Компанияның қызметі туралы ақпарат https://kaztransoil.kz/ интернет-ресурсында орналастырылады, сондай-ақ компанияның әлеуметтік желілердегі ресми беттерінде:

 Instagram @kaztransoil.official
 Telegram @kaztransoilkz
 Facebook @kaztransoil.official
 Youtube @kaztransoil.official
 Twitter @KTO_KZ

Қаржы қызметтерін тұтынушы ретінде олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері бойынша кеңестер алу үшін Сіз ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне «1459» телефон нөмірі бойынша жүгіне аласыз.
 
Серiктестер