«ҚазТрансОйл» АҚ-қа (бұдан әрі – Қоғам) жұмысқа орналасу жөніндегі Сіздің 2023 жылғы 11 желтоқсандағы өтінішіңізді қарап, келесіні хабарлаймыз.
Қоғамдағы бос қызмет орындарына орналасу «ҚазТрансОйл» АҚ-та бос қызмет орындарына және жұмыс кәсіптеріне кадрларды конкурстық іріктеу қағидаларына сай жүзеге асырылады, оған сәйкес бос қызмет орындарын алуға кандидаттар осы лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келуі, сондай-ақ конкурстық іріктеуден өтуі қажет.
Сонымен бірге, бос қызмет орнына немесе жұмыс кәсібіне орналасу конкурстық іріктеуге қатысу үшін Сізд тұратын орныңыз бойынша Атырау мұнай құбыры басқармасына өтініш жасай алатыныңызды немесе түйіндемеңізді Қоғамның https: kaztransoil.kz. сайтында орналастыра алатыныңызды хабарлаймыз. Сіздің біліктілігіңізге сай келетін бос орын туындаған кезде, Сізді жұмысқа орналасу мүмкіндігі туралы мәселе конкурстық іріктеу рәсіміне сәйкес жалпы негізде қаралатын болады.