Сұрақтар мен жауаптар

Құрметті пайдаланушы!

Блогқа сұрақ қоймас бұрын, жиі қойылатын сұрақтар тізімін қараңыз. Сондай-ақ сізден қолданыстағы электрондық мекенжайды көрсетуіңізді сұраймыз, өйткені компания және мердігерлік ұйымдар жұмыскерлерінің жеке деректері туралы мәліметтерді қамтитын, адамның конституциялық құқықтарын бұзуы және беделдік тәуекелдерге ұшырауы мүмкін сұрақтарға жауаптар тек сіздің жеке электрондық поштаңызға жіберілетін болады. Сұрақты сілтеме бойынша көрсетілген бөлімде қоюға болады.
 
20.02.2021, 02:02
Рахметоллаева Салтанат
Сұрақ: Саламатсызба! Менин жолдасым Мангыстау обл.дагы КазТрансОйл мекемесинде жумыс истейди. Отбасылык жагдайга байланысты(баламыз журек акауымен туылды, оперциясына барып туруымыз кажет. Ар 3 ай сайын тексерилип туру керек.) Сол себепти Нур-султан каласындагы КазТрансОйл мекемесине ауысуына болмайма?

19.03.2021, 17:43
«ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Димаш Досанов
Жауап: Құрметті Салтанат!

Жұбайыңыз Н.Б. Мұрсадовты ауыстыру мәселесі бойынша өтінішіңізді қарап, келесіні хабарлаймыз.

«ҚазТрансОйл» АҚ-та (бұдан әрі – Қоғам)  бос жұмыс орындарына қабылдау Персоналды іріктеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады, оған сәйкес бос лауазымға/кәсіпке орналасуға кандидаттар осындай лауазымға/кәсіпке қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келулері, сондай-ақ конкурстық іріктеуден өтулері тиіс.

Қазіргі уақытта Қоғамның орталық аппаратында жұбайыңыздың біліктілігіне сәйкес келетін бос жұмыс орны жоқ.

Вахталық жұмыс әдісіне ауысу мүмкіншілігі мәселесі бойынша жұбайыңыз Қоғамның Маңғыстау мұнай құбыры басқармасының кадр қызметіне жүгіне алады.    
 
29.01.2021, 00:33
Жанмаилов Жеделбай Дукенбаевич
Сұрақ: Ассалаумағалайкум. Мен Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Мибұлақ селолық округіне қарасты шаруа қожалық иесі боламын. Яғни менің шаруа қожалық жерімнен сіздердің электр желісі 10 квт сымдарыңыз өтуде. Осыған орай сіздерден өтініш арқылы шаруашылыққа пайдалануға электр қуатын алуға болама? Қалай білуге болады? Сонымен қатар қасымдағы 3 км жерде орналасқан шаруа қожалық иесі қазіргі уақытта яғни 2018 жылдан бастап электр қуатын пайдалануда! Осы мәселені қалай сұрауға болады? Алдағы уақытта сіздерден рұқсат берулеріңізді сұраймын?

18.02.2021, 10:00
«ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Димаш Досанов
Жауап:

Құрметті Жеделбай Дүкенбайұлы!

Осымен «ҚазТрансОйл» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) Сіздің өтінішіңізді қарап, хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы №143 бұйрығымен бекітілген электр энергиясын пайдалану қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес, электр желісіне қол жеткізу үшін энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйым әрбір тұтынушыға техникалық шарттар береді.

Электр желілеріне қосылуға арналған техникалық шарттар тұтынушыға еркін нысанда өтініш және Қағидаларға 3 қосымшаға сәйкес нысан бойынша электр желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру үшін өтінішке сауалнама парағы (бұдан әрі - сауалнама парағы) негізінде беріледі.

Техникалық шарттарды беру энергия беруші ұйымның электр желілеріне немесе энергия өндіруші ұйымның электр қондырғыларына қосудың техникалық мүмкіндігі болған жағдайда жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, сауалнама парағына Ахуалдық жоспар мен өз бетінше немесе сараптама ұйымын тарту арқылы орындалған, мәлімделген электр қуатының есептеу-негіздемесін қосу қажет екендігіне назар аударамыз.

25.09.2020, 16:23
Бисембаев Руслан Құмарұлы
Сұрақ: Болшақта Қазтрансойлдың әлемдік қор биржаларына шығу мумкінбе? Мысалы Лондон,Нью-иорк,Гонгонг сиақты.

Қазмұнайгаздан бөлініп шығу тимді ме Қазтрансойл үшін. қашан бөлініп шығу жоспарлануда?.

Неліктен Казтрансойл өзінің болашақ өндірістік жоспарлары жайлы ашық жарялап отырмайды ?

Казтрансойл тек мұнай,су тасымалдаумен ғана айналыса береме әлде басқада салаларды игеру жоспарда барма?

30.09.2020, 02:51
«ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Димаш Досанов
Жауап: Құрметті Руслан Құмарұлы!

«ҚазТрансОйл» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) қызметіне қызығушылық танытқаныңыз үшін алғыс айтамыз.

Сіздің сұрақтарыңызға мынаны хабарлаймыз.

«ҚазТрансОйл» АҚ жарғылық капиталды және тиісінше өз акцияларының қосымша эмиссиясын ұлғайтуды жоспарламайды, осыған байланысты қандай да бір қор биржаларында листинг қарастырылмайды.

Сондай-ақ, Қоғамды «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ құрамынан шығару туралы қандай да бір шешім қабылданған жоқ.

«ҚазТрансОйл» АҚ қызметінің ерекшелігін түсіну үшін компанияның негізгі функциясы тұтынушылардың өз қызметтеріне қол жеткізуінің тең жағдайларын қамтамасыз ете отырып, магистральдық мұнай құбырлары жүйесі арқылы мұнай тасымалдау бойынша сапалы, уақтылы, тиімді, қауіпсіз және бәсекеге қабілетті қызметтер көрсету болып табылатындығын ескеру қажет. Ең бастысы, мұнай тасымалдау қызметтері жүк жөнелтушілерге Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі бекіткен мұнай тасымалдау кестесіне сәйкес ұсынылады.

Магистральдық мұнай құбырлары арқылы мұнай тасымалдау кестесін қалыптастыру тәртібіне сәйкес ол бір күнтізбелік жылға бекітіледі және ай сайын түзетіледі. Осыған байланысты ҚазТрансОйлдың ұзақ мерзімді болжамдарды жариялау үшін жеткілікті негіздері жоқ.

Қоғамның стратегиясы қызметтердің негізгі түрлеріне шоғырлануды көздейді
12.09.2020, 13:33
Танатароа Абай Амангелдіұлы
Сұрақ: Құрметті Досанов Димаш мен Таңатаров Абай Атырау обылысы Жылыой ауданы Қосшағыл ауылында тұрамын.Аке-шешеме ертерек уақыт болды отбасымда жалғыз жұмысшымын ағам оқуда Сізге жасар өтінішім Казтрансойл мекемесінде қызмет атқарсам деймін.Бітірген мамандығым мұнай газ өндіру саласы. Алла қаласа сізден жақсы жаналық күтеміз...

09.11.2020, 18:00
«ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Димаш Досанов
Жауап: Құрметті Абай Амангелдіұлы!
 
Сіздің «ҚазТрансОйл» АҚ - қа (бұдан әрі-Қоғам) жұмысқа орналасу мәселесі жөніндегі өтінішіңізді қарап, келесіні хабарлаймыз.

Қоғамға жұмысқа қабылдау персоналды іріктеу қағидаларына сәйкес іске асырылады, яғни бос лауазымға/кәсіпке орналасуға үміткерлер осындай лауазымға/кәсіпке қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келуі, сондай-ақ конкурстық іріктеуден өтуі керек.

Қоғамда ішкі кадр резервінің болуына байланысты бос лауазымдарға/кәсіптерге орналасу бірінші кезекте ішкі кандидаттар санатынан жүргізіледі. Ішкі кандидаттар болмаған жағдайда, сыртқы кандидаттар жалпы негізде конкурстық іріктеуге қатыса алады.

Жұмысқа орналасу мәселелері бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ Құлсары мұнай құбыры басқармасының кадр қызметіне мына телефон арқылы хабарласа аласыз: 8 (71237) 73236.
02.09.2020, 00:00
Алимбек Бауыржан Алимбекұлы
Сұрақ: Құрметті Димаш Габитұлы. Мен Ұлытау ауданы Борсенгір селолық округіінің әкімі лауазымында қызмет етемін. Біздің ауылдың жанында Қаз Транс Оил АҚ мұнай айдау станциясы орналасқан. Осы ауылдың 10-15 пайыз халқын жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Осыған орай сіздің кәсіпорыныңызға рахметіміз зор. Айта кететін жағдай ауылда 630 адам тұрады. Жезқазған-Қарағанды тас жолынан 20 км қашықтықта орналасқан. Жолдың жағдайы ауыр. 2020 жылғы аудан бюджетіне 180 млн теңге сол жолдың ағымдағы жөндеу жұмыстарына қаржы бөлген болатын, алайда құжат қате болуына байланысты ол қаржы жұмсалынбай, аудан бюджетіне қайтарылып берілді. Жалпы жобаның құны ЖСҚ бойынша 380-400 млн тг. Сіздің акционерлік қоғам тарапынан осы Теректі- Борсеңгір тас жолының 50 пайызына жондеу жұмыстарын жүргізіп беруге демеушілік жасауға болады ма?

22.09.2020, 00:00
«ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Димаш Досанов
Жауап: Құрметті Бауыржан Әлімбекұлы!

Сіздің Теректі-Борсеңгір автожолын ағымдағы жөндеу жобасын іске асыру үшін қаржылай көмек көрсету туралы өтінішіңізді қарап, мынаны хабарлаймыз. «ҚазТрансОйл» АҚ бюджетінде «Демеушілік көмек» бабы бойынша ақшалай қаражат көзделмеген. Осы жағдайды ескере отырып, өкінішке орай, қаржылық көмек көрсету мүмкін емес.

Сондай-ақ, Директорлар кеңесінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы шешімімен (№126 хаттама) бекітілген «Самұрық – Қазына» АҚ (бұдан әрі - Қор) қайырымдылық саясатына сәйкес Қор компаниялары тобының демеушілік және қайырымдылық қызметін бірыңғай оператор-«Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қоры жүзеге асыратынын хабарлаймыз.

​Түсінгеніңіз үшін рахмет.
23.08.2020, 00:00
Бисембаев Руслан Кумарович
Сұрақ: Саламатсызба? Казтрансойл акцияларынын құнын көтеру үшін бірнеше вариант ұсынғым келеді. 1. Компания акцияларын одан әрі ұсақтау (дровление) мысалы қазыр бір акция 800 теңге шамасында болса осы акцияны 10 есе ұсақтаса бар болғаны 80 теңге тұрар еді. Бұл өз кезегінде сұранысты өсіреді,қолжетімділікті көбейтеді. 2. Неге дивидент жылына емес 6 ай сайын етіп бөліп тастаса бұлда клиенттердің қызығушылықын ұлғайтады. Осындай жолдарын неге капитализация ұлғайтыуға пайдаланып көрмейсіздер.

08.10.2020, 00:00
«ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Димаш Досанов
Жауап: Құрметті Руслан Құмарұлы!

«ҚазТрансОйл» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) жай акцияларының өтімділігі туралы мәселеге қызығушылық танытқаныңыз үшін алғыс айтамыз. Сіздің ұсыныстарыңызды қарап, келесіні хабарлаймыз.
 
Қоғам IPO-ға дайындық процесінде 2012 жылы бұрын шығарылған акцияларды 1/10 пропорцияда бөлшектеуді, акциялардың номиналды құнын тиісінше өзгертуді жүзеге асырды, сондай-ақ қосымша эмиссия жүргізді (номиналды құны өзгертілген 38 463 560 дана мөлшерінде акциялар шығарылды).
Қоғам бөлшектеу коэффициентін таңдау және Халықтық IPO бағдарламасы шеңберінде акцияларды орналастыру бағасын белгілеу кезінде түрлі факторларды, оның ішінде Қазақстан халқының қалың жігі үшін бағаның қол жетімділігін ескерді.

Айқындаушы критерий бағаның қол жетімділігі емес, инвестор үшін елеулі экономикалық әсерді қамтамасыз ете алатын инвестициялардың жалпы сомасы екенін есте ұстаған жөн. Инвестор қор биржасындағы акциялармен операцияларды жүзеге асыра отырып, брокер мен биржаның комиссияларына ақы төлеу шығындарын көтереді. «Арзан» акциялардың аз мөлшерін сатып алу тәжірибесіз жеке инвесторлар үшін тиімсіз болуы мүмкін, біз оны болдырмауға тырысамыз.
Жоғарыда айтылғандарды, сондай-ақ өзге де дәлелдерді ескере отырып, Қоғам жай акцияларды қосымша бөлшектеуді жүргізуді орынды деп санамайды.
 
Аралық дивидендтерді төлеуге келетін болсақ, мұндай мүмкіндік Қоғамның дивидендтік саясатында қарастырылған. Қоғамның аралық дивидендтерді төлеу практикасына көшу туралы шешім қабылдауы ұзақ мерзімді перспективада макроэкономикалық жағдайларды, оның ішінде: Қоғамның ұзақ мерзімді дамуының тұрақты жағдайларын қамтамасыз ететін қолайлы салалық конъюнктураны, теңге бағамы мен инфляция деңгейін тұрақтандыру кезінде орынды болады. Қазіргі шарттар, өкінішке қарай, мұндай талаптарға жауап бермейді.
20.08.2020, 00:00
Сайфутдин Ержан Сайфутдинулы
Сұрақ: Ассалаумагалейкум. Сизге жеке кабылдауынызга калай жазылуга болады?

29.09.2020, 00:00
«ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Димаш Досанов
Жауап: Құрметті Ержан Сайфутдинұлы!

«ҚазТрансОйл» АҚ-қа қызығушылық танытқаныңыз және ынтымақтастыққа дайын болуыңыз  үшін алғыс айтамыз. Қазіргі уақытта карантиндік шектеу шараларын кезең-кезеңімен жұмсартуға қарамастан, «ҚазТрансОйл»  АҚ азаматтарды жеке қабылдамайды. Осыған байланысты Сіздің іскерлік ұсынысыңызды электрондық пошта арқылы мына мекенжайға office@kaztransoil.kz. жолдауыңызды сұраймыз.
19.05.2020, 11:22
Көшербаев Ержан Бектайұлы
Сұрақ: Саламатсызба құрметті Димаш Ғабитұлы.
Мен, Көшербаев Ержан Бектайұлы, 2003 жылдан 2020 жылдың 26 наурызына дейін осы КазТрансОйл АҚ компаниясында Жезқазған мұнай айдау баскармасында және Үшарал мұнай айдау басқармасында (Шығыс операторлық қызметтер басқармасы) жұмыс жасап келдім. Сонғы жұмыс орным Шығыс операторлық қызметтер басқармасында. 2020 жылдың қаңтар айында №10 МАС инженер энергетигі болып вахталық режимде жұмыс жасап жүргенімде маған кадр бөлімінен қоңырау шалып Үшарал қаласына №11МАС- қа МАС инженер энергетигі болып ауысуга арыз жазыңыз ротация бойынша деді. Маған ауысуға арыз жазуыма тура келді. Мен Үшарал қаласындағы №11МАС –қа МАС инженер энергетигі болып наурыз айының 26 на дейін квартира жалдап (басқарма тұргын үй бермеді) 8 сағаттық режимде жұмыс жасадым. Алматы қаласы жанында тұратындыктан маған Үшарал қаласына 8 сағаттык режимде және айына 50 мын теңгеге квартира жалдап жұмыс жасау өте қиын болды. Белгілі себептерге байланысты 2020 жылдың 26 наурызында осындай қиын уакытта жұмыстан кетуіме тура келди.
Құрметті Димаш Ғабитұлы сізден өтінемін мені компаниядағы кез келген баскармаға вахталық жұмысқа жұмыскер қылып қайта қабылдауыңызды сұраймын. Мен жанұямды осы жұмыспен асырап отырғандықтан осы карантин кезінде жұмыссыз қалып, кредитимди төлей алмай қатты қиналып қалдым. Осы компанияда МАС бастығы орынбасарына дейін лауазымдарда кызмет жасадым. Мені бұрынғы жасаған инженерлік лауазымға немесе жай жұмыскерге алуыңызды сұраймын. Мен осы компанияда көп жылдар бойы жұмыс жасап жүріп осындай экономикалық қиын кезде жұмыссыз қаламын деп ойлаған емеспин. Мен Сіздің әділ шешім жасайтыныңызға сенемін. Осындай экономикалық қиын кезде өз жұмысшынызды жұмыссыз қалдырмайды деп сенемин.

26.06.2020, 16:07
«ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Димаш Досанов
Жауап: Құрметті Ержан Бектайұлы!

Осы мәселе бойынша Сіз «ҚазТрансОйл» АҚ адам ресурстарын басқару департаментіне мына телефон арқылы: +7 (7172) 55-70-59 немесе hr@kaztransoil.kz электрондық пошта бойынша жүгінуіңізге болады.
02.05.2020, 10:01
Ғайыпбаев Сұлтанбек Жолмұханұлы
Сұрақ: Құрметті Димаш Ғабитұлы!
Мен Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу селосының тұрғыны Ғайыпбаев Сұлтанбек Жолмұханұлы.11.06.2019 жылы Бейнеу ЖӨДСне автобус жүргізушісі болып жұмысқа кіруге арыз жазған болатынмын. Арызыма Маңғыстау мұнай құбырлары басқармасының басшылары, Бейнеу «ЖӨДС» басшылары өз келісімдерін беріп, қолдарын қойып, арызымды Астана қаласына жіберген болатын. Астана қаласынан аутсорсингке байланысты жұмысқа адам ала алмаймыз деген жауап келді. Енді жақында Бейнеу « ЖӨДС «- ін де зейнеткерлікке шығайын деп отырған жүргізушілердің орнына, мені «КазТрансОйл» компаниясына жұмысқа қабылдауыңызды сұраймын. Арызым қанағаттанады деп сенемін, алдын ала раxмет!

16.05.2020, 07:05
«ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Димаш Досанов
Жауап: Құрметті Сұлтанбек Жолмұханұлы!

«ҚазТрансОйл» АҚ-қа (бұдан әрі - Қоғам) жұмысқа тұру жөніндегі хатыңызды қарап, мынаны хабарлаймыз.

Қазіргі уақытта Қоғамда кейбір бизнес-процестерді оңтайландыру жүргізіліп жатқандықтан, бос лауазымдарға/мамандықтарға орналасу бірінші кезекте Қоғамның ішкі резерві есебінен жүргізіледі. Іште кандидаттар болмаған жағдайда, сырт кандидаттар жалпы негізде конкурстық іріктеуге қатыса алады.

Жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша Маңғыстау мұнай құбыры басқармасының кадр қызметіне мына тел. бойынша хабарласа аласыз: 8 (7292) 479-7748.
28.04.2020, 17:55
Такишева Индира Ақылбекқызы
Сұрақ: Құрметті Димаш Ғабитұлы! Мен Такишева Индира Ақылбекқызы жоғарғы оқу орнын информатика мамандыығы бойынша білім алдым. Атырау қаласындағы Қызылқоға ауданында Аграрлы-техникалық колледжінде 16 жыл колледж директорының орынбасары болып қызмет еттім. Қазіргі таңда Ақтөбе қаласына қоныс аударып келуіме байланысты жұмыс табу өте қиын боп тұрғандығын сізге ескертте отырып, Ақтөбе қаласындағы заречный №1 де орналасқан мекемеңізге компьютермен жұмыс жасайтын оператор ПК жәнеде компьютерді жақсы меңгерген білікті маманның қажет екен. Сол орынға қабалдармекен деген үмітпен сізге өтініш білдіргелі отырмын. Димаш Ғабитұлы өтінішімді жерге тастамассыз деген үміттемін. Қазіргі таңда тамыр - таныс болса ғана жұмыс таба алады екен. Осы рамазан айында жұмысқа орналастыруға көмектесерсіз деген үміттемін.
Алғысым шексіз алдын ала рахмет!

16.05.2020, 07:01
«ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Димаш Досанов
Жауап: Құрметті Индира Ақылбекқызы!

«ҚазТрансОйл» АҚ-қа (бұдан әрі - Қоғам) жұмысқа тұру жөніндегі хатыңызды қарап, мынаны хабарлаймыз.

Қоғамға жұмысқа алу «ҚазТрансОйл» АҚ-та бос лауазымдарға және жұмысшы мамандықтарына кадрларды конкурстық іріктеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады, ол бойынша бос лауазымға/мамандыққа орналасу үшін кандидаттар осындай лауазымға/мамандыққа қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс, сондай-ақ конкурстық іріктеуден өтуі керек.

Қазіргі уақытта Қоғамда кейбір бизнес-процестерді оңтайландыру жүргізіліп жатқандықтан, бос лауазымдарға/мамандықтарға орналасу бірінші кезекте Қоғамның ішкі резерві есебінен жүргізіледі. Іште кандидаттар болмаған жағдайда, сырт кандидаттар жалпы негізде конкурстық іріктеуге қатыса алады.

Жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша Ақтөбе мұнай құбыры басқармасының кадр қызметіне мына тел. бойынша хабарласа аласыз: 8 (7132) 942-212.