KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

Рейтингілер

«S&P Global Ratings» «Fitch Ratings»
Ағымдағы рейтингілер BB+
болжам тұрақты
BBB
болжам тұрақты

2024 жылғы 31 қазан

S&P Global Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі «ҚазТрансОйл» АҚ кредиттік рейтингке жыл сайынғы шолуды жариялады. S&P Global Ratings «ҚазТрансОйл» АҚ-тың несиелік рейтингін «ВВ+» деңгейінде қолдауды жалғастыруда, болжам «Тұрақты».

Негізгі артықшылықтардың ішінде S&P Global Ratings Қазақстанның магистральдық мұнай құбыры жүйесінің ұлттық операторы ретіндегі «ҚазТрансОйл» АҚ-тың орнықты нарықтық ұстанымы мен маңызды рөлін, төменгі борыштық жүктемені және қажет болған жағдайда мемлекет тарапынан қолдаудың жоғары ықтималдығын айқындайды.

S&P Global Ratings «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ рейтингінің деңгейімен шектелетін, «ҚазТрансОйл» АҚ-тың өз несие қабілеттілігін бағалауды «bb+» деңгейінде сақтады.
2024 жылғы 20 маусым

Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі «ҚазТрансОйл» АҚ эмитент дефолтының ұзақ мерзімді рейтингін «BBB» деңгейінде, «Тұрақты» болжамымен растады.

«ҚазТрансОйл» АҚ-тың кредит қабілеттілігі дербес негізде («bbb») компанияның Қазақстандағы мұнай құбырларының ұлттық операторы ретіндегі үстем ұстанымын, еуропалық әріптестеріне қарағанда аз болжамды нормативтік базаға қарамастан ақша ағынының тұрақты қалыптасуын және күшті қаржылық бейінін көрсетеді.

«ҚазТрансОйл» АҚ-тың ағымдағы кредиттік рейтингі Қазақстан Республикасының егеменді рейтингімен («BBB», «Тұрақты» болжамы) және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бас компаниясының рейтингісімен («BBB», «Тұрақты«болжамы) бір деңгейде.
2023 жылғы 23 маусым

Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі «ҚазТрансОйл» АҚ рейтингін «ВВВ-»-дан «ВВВ» деңгейіне дейін көтерді. ҚТО-ның ұлттық ұзақ мерзімді рейтингі «AA+(kaz)»-дан «AAA (kaz)»-ге дейін көтерілді. Болжам «Тұрақты».
 
Бұндай көтеру «ҚазТрансОйл» АҚ-тың бас компаниясы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-қа қатысты осындай әрекетке байланысты. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың кредиттік рейтингі «ВВВ»-ға дейін көтерілгендіктен және бұл «ҚазТрансОйл» АҚ-тың өзінің кредит қабілеттілігін («bbb») бағалауға сәйкес келетіндіктен, «ҚазТрансОйл» АҚ -тың рейтингі де «ВВВ»- ға дейін көтерілді.
 
«ҚазТрансОйл» АҚ-тың кредит қабілеттілігі дербес негізде («bbb») компанияның Қазақстандағы мұнай құбырларының ұлттық операторы ретіндегі үстем ұстанымын, еуропалық әріптестеріне қарағанда аз болжамды нормативтік базаға қарамастан ақша ағынының тұрақты қалыптасуын және күшті қаржылық бейінін көрсетеді.
 
Қайта қарау қорытындысы бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ-тың кредиттік рейтингі Қазақстан Республикасының егеменді рейтингімен («BBB», «Тұрақты» болжамы) бір деңгейде.
2023 жылғы 13 наурыз
 

S&P Global Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі (бұдан әрі – S&P) өз кезегінде тәуелсіз рейтингтер бойынша болжамды қайта қарауға әкелетін, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ рейтингі бойынша болжамның өзгеруіне байланысты «ҚазТрансОйл» АҚ рейтингі бойынша болжамды «Жағымсыздан» «Тұрақтыға» жақсартты. 

«ҚазТрансОйл» АҚ рейтингі қажет болған жағдайда компанияның мемлекет тарапынан уақтылы және жеткілікті ерекше қолдау алуының жоғары ықтималдығы жөніндегі S&P пікірін көрсетеді.

S&P топтың несие қабілеттілігін бағалаумен шектелетін, «ҚазТрансОйл» АҚ-тың өз несие қабілеттілігін бағалауды «ВВ+» деңгейінде сақтады.


2022 жылғы 29 қыркүйек
 
S&P Global Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі (бұдан әрі – S&P) «ҚазТрансОйл» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) рейтингін «ВВ»-дан «ВВ+» деңгейіне дейін көтерді, болжам «Жағымсыз». Бұндай көтеру Қоғамның бас компаниясы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-қа (бұдан әрі – ҚМГ) қатысты осындай әрекетке байланысты.

ҚМГ рейтингінің жоғарылауы Қашаған кен орнын игеру жөніндегі жобадағы үлестің шоғырлануына байланысты, бұл Компанияның борыштық жүктемесін S&P болжағанынан анағұрлым төмен етті.

Топтың несиелік профилін бағалау «bb+» деңгейіне көтерілгендіктен, ал бұл Қоғамның жеке кредиттік қабілетін бағалауға сәйкес келетіндіктен, Қоғамның рейтингі «BB+» деңгейіне көтерілді.

Қоғамның рейтингтері бойынша «Жағымсыз» болжам оның тікелей меншік иесі - ҚМГ рейтингтері бойынша болжамның осындай екенін көрсетеді.
2022 жылғы 27 маусым

Fitch Ratings (бұдан әрі - Fitch) халықаралық рейтингтік агенттігі 2022 жылғы 27 маусымда «ҚазТрансОйл» АҚ шетел валютасындағы эмитент дефолтының ұзақ мерзімді рейтингін «ВВВ-» деңгейінде, «Тұрақты» болжамымен растады.

Рейтингті растау «ҚазТрансОйл» АҚ күшті операциялық және қаржылық көрсеткіштерін көрсетеді. Сонымен бірге «ҚазТрансОйл» АҚ Қазақстан Республикасында мұнай тасымалдау секторында ел экономикасы үшін стратегиялық маңызы бар үстем позицияны сақтап отыр. Бұл ретте «ҚазТрансОйл» АҚ бағасы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ рейтингінің деңгейімен тежеледі («ВВВ –», «Тұрақты» болжам).

Fitch Қазақстан Республикасындағы нормативтік-құқықтық базаны және операциялық қызметпен байланысты тәуекелдерді назарға ала отырып, «ҚазТрансОйл» АҚ өзіндік несие қабілеттілігінің сипаттамасын «bbb» деңгейде бағалап отыр.
2021 жылғы 2 шілде

Осымен «ҚазТрансОйл» АҚ 2021 жылғы 2 шілдеде Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі «ҚазТрансОйл» АҚ эмитентінің ұзақ мерзімді дефолт рейтингін «ВВВ-» деңгейінде, болжам - «Тұрақты» деп растағанын хабарлайды.

Рейтинг Fitch Ratings сайтында расталды және жаңартылды.
2020 жылғы 11 қараша

Fitch Ratings (бұдан әрі - Fitch) халықаралық рейтингтік агенттігі «ҚазТрансОйл» АҚ (бұдан әрі – ҚТО) шетел валютасындағы эмитент дефолтының ұзақ мерзімді рейтингін «ВВВ-» деңгейінде растады. Болжам - «Тұрақты».

Fitch ҚТО рейтингтері оның күшті операциялық және қаржылық көрсеткіштерін көрсететінін атап өтті. ҚТО Қазақстан Республикасында мұнай тасымалдау секторында ел экономикасы үшін стратегиялық маңызы бар үстем позицияны сақтап отыр. ҚТО тікелей мұнай бағасының ауытқуына ұшырамайды, ал бұл оның бизнес-бейіні үшін қолайлы фактор болып табылады.

Fitch «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ рейтингінің деңгейін («ВВВ-»,  «Тұрақты» болжам) және реттеуші орта ұстап тұрған «bbb» рейтингтік санатына сәйкес келетін ҚТО жеке операциялық бейінін бағалайды.
2020 жылғы 14 қазан

S&P Global Ratings халықаралық рейтинг агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) «ҚазТрансОйл» АҚ-тың (бұдан әрі – Қоғам) кредиттік рейтингіне жыл сайынғы шолуды жариялады, оның шеңберінде базалық сценарийі жаңартылған.
Агенттік Қоғамның корпоративтік кредиттік рейтингін «ВВ» деңгейінде ұстауды жалғастыруда, болжам «Жағымсыз».

Ағымдағы рейтингті Қоғамның бас компаниясы – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ рейтингінің деңгейі («ВВ», болжам «Жағымсыз») бұрынғыша шектеп отыр, бұл ретте агенттік Қоғамның өз кредит қабілеттілігі сипаттамасын «bb+» деңгейінде бағалайды.

2020 жылғы 1 сәуір

2020 жылғы 31 наурызда S&P Global Ratings халықаралық рейтинг агенттігі рейтингіні «ВВ» деңгейінде растай отырып, «ҚазТрансОйл» АҚ рейтингісі бойынша болжамды «Тұрақтыдан» «Негативке» өзгертті. Бұл өзгеріс оның бас компаниясы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-қа қатысты ұқсас рейтингілік іс-әрекетімен байланысты.

2020 жылғы 27 қаңтар

«ҚазТрансОйл» АҚ 2020 жылы 24 қаңтарда Moody’s Investors Service халықаралық рейтингілік агенттілікпен жасалған келісімшарттың мерзімі аяқталуына орай «Позитивтік» болжам «Ваа3» деңгейіндегі кредиттік рейтінгісін кері шақыртқанын хабарлайды.

2019 жылғы 15 қараша

2019 жылғы 15 қарашада халықаралық рейтинг агенттігі Fitch Ratings (бұдан әрі - Fitch) «ҚазТрансОйл» АҚ (бұдан әрі - ҚТО) эмитентінің ұзақ мерзімді дефолт рейтингісін шетелдік валютада «Тұрақты» болжамымен «BBB-» деңгейінде растады.

Fitch атап өткендей, ҚТО рейтингтері оның мықты операциялық және қаржылық көрсеткіштерін көрсетеді. ҚТО ел экономикасы үшін маңызды болып саналатын Қазақстан Республикасының мұнай тасымалдау секторында басым позициясын сақтайды. ҚТО дивидендтер арқылы ҚТО-ның бос ақша ағынынан айтарлықтай пайда алатын «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-пен тығыз операциялық және стратегиялық байланыста. Сонымен қатар, компания мұнай бағасының өзгерісіне тікелей бейімделген, бұл оның бизнес бағыты үшін қолайлы фактор болмақ.

Fitch пікірі бойынша Қазақстан арқылы Қытай мен Өзбекстанға Ресей мұнайының транзиті туралы ресейлік компаниялармен жасалған келісімдер де ҚТО-ға оң әсер етеді. «Роснефть» ҰК» ЖАҚ Қазақстан арқылы Қытайға тасымалдау көлемін 2017 жылы 7 миллион тоннадан 2018 жылы 10 миллион тоннаға дейін арттырды.

Сонымен қатар, Fitch сарапшылары ҚТО-ның экспорттық тарифтерді көтеру қабілеттілігіне баса назар аударады, ол ҚТО-ның кредит қабілеттілігінің қолайлы факторы. Тарифтердің ұқсас өзгерісі (10%-ке арттыру) 2018 жылдың 1 сәуірінде бекітілді.

Fitch ҚТО-ның жеке операциялық профилін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ пен реттеуші орта ұстап тұрған «bbb» рейтинг санатына сәйкес келеді деп бағалайды.

2019 жылғы 22 тамыз

Moody’s Investors Service халықаралық рейтинг агенттігі (бұдан әрі - Moody’s) 2019 жылғы 22 тамызда, «ҚазТрансОйл» АҚ-ты қоса алғанда, қазақстандық компаниялардың рейтингін «Тұрақтыдан» «Жағымдыға» дейін өзгертіп, «Baa3» деңгейдегі рейтингін растады. Бұл жоғарылау Қазақстан Республикасына қатысты осы тектес рейтингтік іс-қимылға байланысты болды.

Moody’s болжамының өзгеруіне көмірсутектері, сондай-ақ көмірсутектері емес секторындағы тұрақты өсу перспективаларымен және кірістің өсуімен расталатын Қазақстан Республикасындағы экономикалық тұрақтылықтың өсуін бағалау себеп болып отыр.

Қазақстан Республикасының рейтингін растау – төмен борыштық жүктемемен, елеулі қаржылық қормен және экономикалық өсудің тұрақты перспективаларымен расталатын Үкіметтегі мықты теңгерімді білдіреді.

2019 жылғы 8 тамыз

S&P Global Ratings халықаралық рейтинг агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) «ҚазТрансОйл» АҚ-тың (бұдан әрі – Қоғам) кредиттік рейтингісін жыл сайынғы шолуды жариялады, оның аясында оның базалық сценарийі жаңартылды. Агенттік 2019 жылы компанияның операциялық қызметінің тұрақты көрсеткіштері мен кредит қабілеттілігінің жақсы сипаттамаларын болжауда. Агенттіктің рейтингісі 2018 жылдың қарашасында «Тұрақты» болжаммен «ВВ» деңгейге дейін көтерілген сәттен бастап өзгеріссіз қалады.

Агенттік елеулі нарықтық үлестің, жақсы бәсекелестік ұстанымның, компания деңгейінде қарыздың болмауының, сондай-ақ дивидендтерді төлеу және Қоғамның барлық инвестициялық жобаларын қамтамасыз ету үшін ақша қаражатының оң өтімділігін тудыруға мүмкіншілік беретін барабар ақша ұстанымының арқасында Қоғамның жоғары қаржылық икемділік деңгейін қолдайтындығын атап өтті.

Сонымен қатар, Қоғамның ағымдағы рейтингісі бұрынғыша бас құрылым «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) рейтингісінің деңгейімен («ВВ», «Тұрақты» болжам) шектелген, әйтсе де Агенттік Қоғамның өзіндік кредит қабілеттілігінің сипаттамасын «bb+» деңгейде бағалап отыр. Қоғам ҚМГ тобына тиесілі болуына байланысты тәуекелдерден қорғалмайды, сондықтан Агенттік еншілес компанияға бас құрылым деңгейінен жоғары рейтинг бермейді.

Агенттік Қоғамның рейтингісіне қатысты оң іс-қимылдар ҚМГ-ға қатысты ұқсас рейтингтік іс-қимылдар жағдайында жүзеге асырылуы мүмкін екендігін хабарлайды.

2019 жылғы 19 маусым

Moody’s Investors Service халықаралық рейтинг агенттігі «ҚазТрансОйл» АҚ бойынша кредиттік қорытындыны жариялады, оған сәйкес Moody’s Қоғамның корпоративтік кредиттік рейтингісін «Baa3» деңгейінде ұстауды жалғастыруда, болжам тұрақты.

Қоғамның кредит қабілеттілігіне мыналар оң әсер етеді: оның қызмет ауқымы, ұлттық оператор мәртебесіне байланысты Қоғамның ішкі нарықтағы мықты ұстанымы, тұрақты қаржылық ұстанымы және борыштық жүктеменің болмауы. Moody’s Қазақстан Республикасы Үкіметі тарапынан Қоғамды қолдау ықтималдығын «жоғары» бағалау Қоғамның мемлекет үшін стратегиялық маңыздылығын, сондай-ақ Қазақстан экономикасының өсуін қамтамасыз етудегі энергетикалық экспорттың маңызды рөлін ескереді деп санайды.

2018 жылғы 12 қараша

2018 жылғы 12 қарашада S&P Global Ratings (бұдан әрі – агенттік) «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ рейтингісін «Тұрақты» болжаммен «ВВ-» деңгейден «ВВ» деңгейге дейін көтергеннен кейін «ҚазТрансОйл» АҚ-ның ұзақ мерзімді кредит рейтингісін «Тұрақты» болжаммен «ВВ-» деңгейден «ВВ» деңгейге дейін көтергендігі туралы хабарлады.

Агенттіктің пікірінше Қоғамның рейтингісі бойынша «Тұрақты» болжам «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бас құрылымы рейтингісі бойынша ұқсас болжамды, сондай-ақ мұнай тасымалдау және экспорттау бойынша табысты бизнес болғандықтан және компания деңгейінде қарыздың жоқтығынан жоғары кредиттік сипаттаманы көрсетеді. Бұл ретте, агенттік Қоғам «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың тобына тиесілі болуына байланысты тәуекелдерден қорғалмайтындығын атап өтті, сондықтан агенттік еншілес компанияға бас құрылым деңгейінен жоғары рейтинг бермейді.

Агенттік Қоғамның рейтингісіне қатысты оң іс-қимылдар бас компанияға қатысты ұқсас рейтингтік іс-қимылдар жағдайында жүзеге асырылуы мүмкін екендігін хабарлайды.

2018 жылғы 28 наурыз

2018 жылғы 29 наурызда Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі (бұдан әрі – Fitch) «ҚазТрансОйл» АҚ эмитенті дефолтының шетел валютасындағы ұзақ мерзімді рейтингісін «ВВВ-» деңгейде «Тұрақты» болжаммен растады.

Fitch ҚТО рейтингілері кем дегенде орта мерзімді болашақта сақталатын оның мықты операциялық және қаржы көрсеткіштерін көрсететіндігін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының (бұдан әрі – ҚР) экономикасы үшін ҚТО-ның стратегиялық маңыздылығын атап өтті. ҚТО рейтингісі оның бас құрылымы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың рейтингісімен («ВВВ-», «Тұрақты» болжам) шектеледі. ҚТО «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-пен мықты операциялық және стратегиялық байланыста, ол ҚТО-ның бос ақша ағынына дивидендтер арқылы елеулі әсер етеді.

Fitch ішкі нарыққа мұнай тасымалдау көлемі мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту аяқталғаннан кейін біршама артады деп күтеді. Fitch пікірі бойынша ҚР-ның орталық бөлігіндегі бірқатар кен орындары ресурстарының табиғи сарқылуына және мұнай көлемін Қашаған кен орнынан басқа бағыттарға қайта бағыттауға байланысты экспорт көлемі сәл төмендеуі мүмкін. Бұл ретте Fitch пікірінше, экспорттың төмендеуін транзит көлемін ұлғайтумен орнын толтыру қажет болғандықтан, бұл үрдіс компанияның бизнес-бейінін нашарлатпайды. «Роснефть» МК» ЖАҚ Қазақстан арқылы Қытайға тасымалдау көлемін 2017 жылы 7 млн тоннадан 2018 жылы 10 млн.тоннаға дейін көбейтті. Бұдан басқа, Өзбекстанда жаңа мұнай өңдеу зауыты пайдалануға берілгеннен кейін ҚТО арқылы Өзбекстанға транзит көлемі 2022 жылы 5 млн тоннаға жетуі тиіс.

2015 жылы ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті ҚР ішкі нарығына магистральдық құбырлар жүйесі арқылы мұнай айдау қызметтеріне бесжылдық кезеңге тарифтің жыл сайынғы 10% өсімімен тарифтердің шекті деңгейін бекітті. ҚР шегінен тыс экспорттау мақсатында мұнай тасымалдау тарифі Компанияның бұйрығымен 2018 жылғы 1 сәуірден бастап 10%-ға көтерілді. Сонымен қатар, Fitch талдаушылары ҚТО-ның экспорттық және транзиттік тарифтерді көтеру мүмкіншілігі ҚТО-ның кредиттік қабілеті үшін қолайлы фактор екендігін айрықша атап өтті.

Fitch ҚТО-ның жеке операциялық бейінін реттеуші ортамен және бір елдегі активтердің шоғырлануымен тежелетін тиісті рейтингтік «ВВВ» санаты ретінде бағалайды.

2017 жылғы 27 қараша

2017 жылғы 27 қарашада «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың (бұдан әрі – ҚМГ) дәрежесі «ВВ» деңгейден «ВВ-» деңгейіне «Тұрақты» болжаммен төмендегеннен кейін S&P «ҚазТрансОйл» АҚ-тың ұзақ мерзімді топтық кредит дәрежесінің «ВВ» деңгейден «ВВ-» деңгейіне төмендегені туралы хабарлады, болжам – «Тұрақты». S&P ҚТО дәрежесін ҚМГ дәрежесімен шектеп отыр, өйткені S&P пікірінше ҚМГ тобы үшін ҚТО «бірқалыпты стратегиялық маңызды» компания, сондықтан қаржылық қысылтаяң жағдайда мемлекеттен дер кезінде әрі жеткілікті төтенше қолдау болу мүмкіндігі «жоғары». S&P мемлекет тарапынан үстеме ықтимал қолдау болу мүмкіндігін ҚТО дәрежесі құрамында есепке алып отырған жоқ, бұл ҚТО-ның кредиттік қабілеті салыстырмалы түрде «bb+» деңгейінде болуымен байланысты, ал ол КМГ-ның өзінің кредиттік қабілетінен («bb») жоғары.

S&P ҚТО-ның дәрежесі бойынша «Тұрақты» болжам ҚМГ-ның дәрежесі бойынша осындай болжамды білдіреді. ҚТО-ға қатысты кез келген жағымсыз немесе жағымды әрекет ҚТО-ның өзінің кредиттік қасиетін бағалаудағы өзгерістерден гөрі көбінесе ҚМГ-ға қатысты осындай дәрежелік әрекеттермен байланысты болмақ.

2017 жылғы 12 қыркүйек

Қазақстан Республикасының егемендік кредит дәрежесі бойынша болжам таяуда қайта қаралып, «Жағымсыздан» «Тұрақтыға» «ВВВ-» деңгейінде қуатталғаннан кейін 2017 жылғы 12 қыркүйекте S&P қазақстандық бес компанияның кредит дәрежесін «Жағымсыз» деген болжаммен растады. S&P «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың (бұдан әрі – ҚМГ) ұзақ мерзімді дәрежесін «ВВ» деңгейінде және «kzA» ұлттық шкаласы бойынша дәрежесі, соның ішінде ҚТО дәрежесі де «Жағымсыз» деген болжаммен «ВВ» деңгейінде екендігін қуаттады.

S&P ҚТО-ның өз кредит қабілетін (bb+) деңгейінде бағалайды және қиын қаржылық ахуалда мемлекеттен тікелей төтенше қолдау алу «жоғары» мүмкіндігін, сондай-ақ ҚМГ үшін ҚТО-ның «жоғары» стратегиялық маңызы туралы пікірді ескереді. S&P қазіргі кезде ҚТО дәрежесіне ҚТО-ның өз кредит қабілетінің жоғары бағалануын ескеріп, мемлекеттен қолдау алу мүмкіндігі есебінен қосымша сатылар қосып отырған жоқ.

ҚТО дәрежесі бойынша «Жағымсыз» болжамы ҚМГ дәрежесі бойынша осындай болжамды білдіреді. S&P пікірінше, ҚТО дәрежесі ҚМГ дәрежесімен тежеледі.

S&P ҚМГ дәрежесіне қатысты болжам «Тұрақтыға» қайта қаралған жағдайда ҚТО дәрежелері бойынша да осындай дәрежелеу әрекеті болуы мүмкін екендігін атап көрсетеді.

«ҚазТрансОйл» АҚ-тың қазіргі дәрежесі «ВВ».

2017 жылғы 1 тамыз

2017 жылғы 1 тамызда Moody’s Investor’s Service халықаралық дәрежелеу агенттігі (бұдан әрі – Moody’s) мемлекеттің қатысуымен 8 қазақстандық компаниялардың дәрежелері бойынша, «ҚазТрансОйл» АҚ-ты қоса, «Жағымсыз» болжамды «Тұрақтыға» өзгертті, «Baa3» деңгейінде дәрежені растады.

2017 жылғы 1 тамызда Moody’s халықаралық дәрежелеу агенттігі Қазақстан Республикасының мемлекеттік облигациялар дәрежесі бойынша «Жағымсыз» болжамды «Тұрақтыға» өзгертуіне және «Baa3» деңгейінде дәрежені растауына қатысты мемлекеттің қатысуымен мұнай-газ, тау-кен қазу, тасымалдау және қорғаныс салаларындағы 8 қазақстандық компанияның дәрежесі бойынша, «ҚазТрансОйл» АҚ-ты қоса, «Жағымсыз» болжамды «Тұрақтыға» өзгертті, «Baa3» деңгейінде дәрежені растады.

Осы дәрежелік әрекеттердің нәтижесінде 8 қазақстандық компанияның кредит өтеу қабілеттері бұрыңғы деңгейінде расталды, ал мемлекеттік қолдау мүмкіндігі мен дефолттардың өзара тәуелдігін өзгеріссіз қалды деп Moody’s белгіледі.

8 қазақстандық компанияның дәрежелері бойынша «Тұрақты» болжамы Қазақстан Республикасының ерікті дәрежесі бойынша «Тұрақты» болжамына сәйкес келеді және операциялық пен қаржылық қызметтің көрсеткіштерін, нарық жайғасымы мен өтімділік деңгейін қоса кредит өтеу қабілеттерінің көрсеткіштері ағымдағы дәрежелеріне сәйкес деңгейде қала береді деген Moody’s болжалын көрсетеді.

«ҚазТрансОйл» АҚ-тың ағымдағы дәрежесі «Baa3».

2016 жылғы 14 қыркүйек

2016 жылғы 9 қыркүйекте Fitch Ratings халықаралық дәрежелеу агенттігі «ҚазТрансОйл» АҚ-тың (бұдан әрі – ҚТО) шетел валютасындағы эмитент дефолтының ұзақ мерзімді дәрежесін «BBB-» деңгейінде құптады, болжамы «Тұрақты».

Fitch айтуынша, ҚТО дәрежесі орта мерзімді болашақта сақталатын оның мықты операциялық және қаржылық көрсеткіштерін көрсетеді және Қазақстан экономикасында ҚТО-ның стратегиялық маңыздылығын ескереді.

ҚТО дәрежесі оның бас құрылымы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың (бұдан әрі – ҚМГ, «ВВВ-»/ болжамы «Тұрақты») дәрежесімен шектеледі. Fitch пікірінше, ҚМГ дивидендтер арқылы ҚТО-ның бос ақша ағымына едәуір әсер етеді, олар ҚМГ-ға 2016 жылғы маусым айының соңғы жағдайы бойынша 3,1 трлн теңге (9,3 млрд. АҚШ долл.) көлеміндегі қарызға қызмет көрсетуге қажет. 2015 жылға ҚТО дивиденд төлемінің деңгейі 114%-ға тең келді, ал 2011 жылдан бастап 2015 жылды қоса алғандағы кезеңге ҚТО дивиденд төлемінің деңгейі 66%-дан 231%-ға дейін ауытқыды.

ҚТО-ның ішкі нарықтағы мұнай тасымалдау тарифі Қазақстан Республикасының Табиғи монополияны реттеу комитетімен реттеледі. 2015 жылы комитет жылына 10% ел ішінде мұнай тасымалдау тарифінің өсу кестесін бес жылға мақұлдады. ҚТО ішкі тарифті екі рет 2015 жылғы 1 қазаннан бастап 10%-ға және 2016 жылдың басынан тағы 10%-ға өсірді. 2017-2019 жылдары тағыда жылына 10% өседі деп күтілуде, ол болашақта компания түсімінің болжауын жақсартады.

ҚТО-ның қаржылық қарыздары жоқ.

Fitch ҚТО-ның операциялық бағыты бір елде реттеуші ортамен және активтердің шоғырлануымен тежеленетін «ВВВ» дәрежелік санатына сәйкес келеді деп есептейді. Дәрежелік агенттік қаржылық күйзеліс болған жағдайда мемлекет ҚТО-ға тікелей капитал жарнасы ретінде, мемлекеттік банктерден және қорлардан қарыз беру немесе жанама түрде мұнай тасымалдауға жоғары тарифтер қою арқылы көмек көрсетеді деп ойлайды.

ҚТО мұнайды құбырлар арқылы тасымалдау нарығында табиғи монополия субъектісіне жатады.

2016 жылғы 5 мамыр

2016 жығы 5 мамырда Fitch ratings халықаралық дәрежелеу агенттігі (бұдан әрі - Fitch) Қазақстан Республикасы тәуелді дәрежесінің төмендеуіне байланысты бірнеше қазақстандық компаниялардың, оның ішінде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ пен «ҚазТрансОйл» АҚ-тың дәрежесін «ВВB-» деңгейіне дейін төмендетті, болжам Тұрақты.

Компания дәрежесінің төмендеуі – «ҚазТрансОйл» АҚ-ң мажоритарлық акция пакетінің иесі болып табылатын және Fitch-тің пікірі бойынша компанияның бос ақша ағынына дивидендтік төлем арқылы едәуір әсер ететін «ҚазТрансОйл» АҚ-ң бас компаниясы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-қа қатысты Fitch-тің ұқсас дәрежедегі іс-әрекетімен негізделген.

2016 жылғы 4 мамыр

Moody’s Investor’s Service халықаралық рейтинг агенттігі (бұдан әрі - Moody’s) Қазақстанның мемлекет қатысатын мұнай-газ компаниялары - «ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясы» АҚ мұнайгаз компаниясы мен оның тікелей және жанама еншілес компаниялары, оның ішінде «ҚазТрансОйл» АҚ бойынша дәрежелерді Baa3 деңгейінде растады. Болжам жағымсыз.

2016 жылғы 22 қаңтарда Moody's 32 біріктірілген мұнай, барлау және өндіру компанияларының, сондай-ақ EMEA өңірінің (Еуропа, Таяу Шығыс және Африка) мұнай қызмет көрсету компанияларының дәрежелерін төмендету мүмкіндігімен қайта қарауға қойды. Мұндай қадам мұнай бағасының едәуір түсуімен және әлемдік мұнай нарығында мол ұсыныстардың сақталуымен байланысты.

Меншік құрылым салдарынан Moody’s ҚазТрансОйлды мемлекет қатысатын компания деп санайды да сондықтан дәрежелерін осы үлгідегі компаниялар әдіснамасы бойынша есептейді. Компанияның Baa3 деңгейіндегі жиынтық дәрежесі мына факторлар негізінде берілген: (1) компанияның негізгі түбегейлік кредит төлеу қабілетінің бағасы ba1 деңгейіне сәйкес келеді; (2) Қазақстан Республикасының Үкіметіне жергілікті валютада Baa3 кредит рейтингісі берілді, болжам жағымсыз; (3) мемлекет пен компанияның жоғары тәуелділігі; (4) қажет болған жағдайда компанияға кең мемлекеттік қолдау көрсету мүмкіндігі туралы Moody’s-тың болжамы.

2010 жылғы желтоқсанда жарияланған Moody’s-тың «Энергия тасымалдаушыларды тасымалдау және сақтау халықаралық операциялары» (Global Midstream Energy) әдіснамасын қолдану ҚазТрансОйлға А рейтингін беруге мүмкіндік береді.

Бірақ рейтинг агенттігі Қазақстандағы жұмыстармен байланысты геосаясаттық қауіптер, сондай-ақ тасымалдау көлемінің түсуіне және өзге де құбыр операторлары тарапынан бәсекелестіктің өсуіне қатысты қауіптер компанияның негізгі түбегейлік кредит төлеу қабілетінің бағасын «ba» санатына жатқызуды талап етеді.

Компанияның дәрежелері бойынша жағымсыз болжам тәуелсіз дәреже бойынша жағымсыз болжамға сәйкес келеді және Қазақстанның тәуелсіз дәрежесінің одан әрі ықтимал төмендеуі топтық дәрежелердің төмендеуіне әкеледі деген фактіні көрсетеді.

2016 жылғы 23 ақпан

2016 жылғы 19 ақпанда Standard and Poor’s «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ты және «ҚазТрансОйл» АҚ-ты (бұдан әрі – ҚТО) қоса алғанда Қазақстан Республикасының Үкіметімен байланысты, нарықта шикізат тауарларының экспорты қызметімен айналысушы бірқатар компанияның, сондай-ақ коммуналдық сектор инфрақұрылымдық компанияларының кредиттік дәрежесін төмендету жағына қайта қарады. Дәрежелеу әрекеті 2016 жылғы 17 ақпанда экономиканың өсу қарқынының болжанып отырған кемуімен байланысты Қазақстан Республикасының егемен кредиттік дәрежесінің төмендеуі («BBB-», болжам «Жағымсыз») нәтижесінде жасалды.

Standard and Poor’s ҚТО дәрежесінің төмендеуі ҚТО-ның бас ұйымы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ дәрежесінің төмендеуімен байланысты екендігін атап көрсетеді. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобы үшін ҚТО-ның «жоғары стратегиялық мәні бар» компания ретіндегі мәртебесі, сондай-ақ қаржылық қиыншылық туындаған жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметінен тарапынан ҚТО-ның уақтылы әрі жеткілікті айрықша қолдау алу мүмкіндігі «жоғары» екендігі туралы Standard and Poor’s пікірі назарға алынып, ҚТО-ның ұзақ мерзімді кредиттік дәрежесі «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың дәрежесіндей «BB» деңгейінде, болжамы «Жағымсыз» болып қайта қаралды.

2016 жылғы 29 қаңтар

2016 жылғы 22 қаңтарда Moody’s халықаралық дәрежелеу агенттігі «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ты (ҚМГ) және ҚТО-ны қоса алғанда ЕМЕА өңірінің (Еуропа, Таяу Шығыс және Африка) 32 мұнай және мұнай сервисі компанияларының дәрежелерін төмендету мүмкіндігімен қайта қарауға қойды.

ҚТО-ның дәрежесін төмендету мүмкіндігімен қайта қарау туралы шешім Moоdy’s-тің ҚТО акциялары мажоритарлы пакетінің иесі – ҚТО бас компаниясы ҚМГ-ға қатысты осындай дәрежелеу іс-әрекетін жүргізуімен байланысты. Moody’s, пікірі бойынша мұнайдың он жылдан артық кезеңге қарағанда ең аз көрсеткішіне жеткен әлемдік бағаларынан ҚМГ тәуекелге ұшырап отыр.

Moody’s талдаушылары ҚТО-ның Ваа3 деңгейіндегі ағымдағы дәрежесі компанияның мықты операциялық қызметін және кредит қабілеттілігін көрсетеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының экономикасы үшін стратегиялық маңызын ескереді. Талдаушылардың бағалауы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі тарапынан жоғары қолдау деңгейінің болуы ҚТО-ның мемлекет үшін стратегиялық маңызды орнын және ел экономикасының өсуі үшін шикізат экспортының маңыздылығын көрсетеді.

Сондай-ақ Moody’s, талдаушыларының пікірі бойынша компанияны мықты нарықтық ұстаным, әртараптандырылған клиенттік қор, ҚТО деңгейінде қарыздың болмауы және өтімділіктің жақсы көрсеткіштерін сипаттайды.

Moody’s ҚТО-ны 2016 жылы күрделі қаржы жұмсалымдары мен таза табыстың 40%-ы мөлшерінде дивидендтер бойынша төлемдер шығыстарын сенімді түрде жаба алатын ақша қаражаты ағыны күтіп отыр деп есептейді.

«ҚазТрансОйл» АҚ-тың қазіргі дәрежесі Baa3.

2015 жылғы 9 қыркүйек

Fitch Қоғамның шетел валютасындағы эмитенті дефолтының ұзақ мерзімді дәрежесін (бұдан әрі - ЭДД) «ВВВ» деңгейінде растады, болжам «Тұрақты». Сонымен қатар Fitch Қоғамның ұлттық валютасындағы ұзақ мерзімді ЭДД «Тұрақты» болжаммен «ВВВ» деңгейіннен «BBB+» деңгейіне дейін көтереді. Ұлттық ұзақ мерзімді дәреже мен Қоғамның ұлттық қамтамасыз етілмеген басым дәрежесі «AA+(kaz)»- дан «AAA(kaz)»-ға дейін көтерілді.

Қоғам дәрежелері компанияның операциялық қызметінің және кредит төлеу қабілеттілігінің күшті көрсеткіштерін көрсетеді, олар Fitch-тің ойынша орташа мерзімді болашақта сақталады, сондай-ақ Қазақстан экономикасы үшін Қоғамның стартегиялық маңыздылығын ескереді.

Fitch талдаушыларының ойынша, Қоғам дәрежелері акцияның мажоритарлық пакетіне ие бас құрылым - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ, «BBB»/ болжам «Тұрақты») дәрежелерінің деңгейімен шектеледі. Қоғам дәрежелері ҚМГ дәрежелерінің деңгейімен шектеледі, себебі бас құрылым Қоғамның бос ақша ағынына дивидендтер арқылы елеулі ықпал етеді, олар ҚМГ қарыздарына қызмет көрсету үшін қажет, оның деңгейі 2015 жылғы наурыздың аяғында 3,2 трлн теңгені (17,3 млрд. долл.) құрады. 2014 жылға Қоғамның дивидендтер төлеу деңгейі 100% деңгейінде белгіленді және 2011-2014 жылдары 66%-дан 231%-ға дейін жоғары деңгейде болған.

Айта кету қажет, Fitch Қоғам дәрежесін «A» дәрежелік санаттың төменгі бөлігіне сай ретінде дербес негізде бағалап отыр.

Fitch Қоғамның Қазақстандағы мұнай тасымалдау секторында жетекші орын алатындығын және мұнай құбырларының ұлттық операторы бола тұра мұнай тасымалдаудың ішкі нарығында монополиялық орын алады деп есептейді.

2014 жылы Қоғам Қазақстан-Қытай құбырының өткізу қабілеті жылына 20 млн тонна ірі учаскелерін пайдаланатын екі бірлескен кәсіпорындары мен China National Petroleum Corporation тасымалдауын есептемегенде, Қазақстандағы өндірілетін барлық мұнайдың жалпы көлемінен 53% тасымалдады.

Fitch талдаушылары қаржы күйзелісі болған жағдайда мемлекет Қоғамға көмек көрсетеді деп ойлайды, ол тікелей, капиталды жарна ету немесе мемлекеттік банктер мен қорлардан кредит түрінде, не жанама, мұнай тасымалдауға жоғары тариф түрінде болуы мүмкін.

2015 жылғы 27 сәуiр

Standard & Poor’s халықаралық дәрежелеу агенттігі (бұдан әрі – S&P) «ҚазТрансОйл» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) кредит дәрежесі «Жағымсыз» деген болжаммен «ВВ+» деңгейінде екендігін қуаттады.

Дәрежені қуаттау Қоғамға Қазақстан Республикасы Үкіметі тарапынан дер кезінде әрі жеткілікті шұғыл қолдау жасалу «жоғары» мүмкіндігі сақталып отырғандығы туралы S&P пікірін білдіреді.

S&P Қоғамды бұрынғыдай ҚМГ тобының «стратегиялық елеулі» еншілес компаниясы деп есептейді. ҚМГ тобының «стратегиялық маңызды» компаниясы мәртебесі және Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін маңыздылығы елде мұнайдың 53%-ынан астамын тасымалдайтын Қоғамның мұнай құбырларының негізгі операторы екендігімен де қуатталады.

S&P ҚТО ел Үкіметі үшін «өте маңызды» қызмет атқарады, сондай-ақ оның мемлекетпен «бекем» байланысы бар деп пайымдайды. S&P қажет болған жағдайда Қоғам мемлекет тарапынан шұғыл қолдау ала алады деп болжайды.

S&P әдістемесіне сәйкес ҚТО-ның ағымдағы дәрежесі «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ топ басының дәреже деңгейімен (ВВ+/Жағымсыз) шектеліп отыр.

S&P пікірі бойынша Қоғамды мықты нарықтық орны, теңізге шығу мүмкіндігінің жоқтығымен, Каспий теңізінен қашық болуымен, сондай-ақ мұнайды құбырмен тасымалдау құнының төмендігімен байланысты темір жол және танкер көлігі тарапынан бәсекелестіктің шектеулі болуымен сипаттайды. Сонымен қатар, S&P Қазақстан Республикасының елдік тәуекелін «жоғары» деп бағалайды және тарифтік реттеу тәртібі ашық емес, ал тарифтер жүйелі түрде қайта қаралып отырмайды деп есептейді.

S&P Қоғам борышының қолайлы құрылымын атап көрсетеді – Қоғамның бүгінде өтелмеген борышының бүкіл сомасын оның ЕББҰ міндеттемелері құрайды. Қоғамның бейім ақша ұстанымының арқасында жақсы қаржылық икемділігі, сондай-ақ жаңа жобалардың көпшілігінің мерзімін ауыстыру мүмкіндігі және қарыз қаражат тарту қабілеті бар. S&P Қоғам 2015 жылы операциялық қызметтен түскен елеулі ұтымды бос ақша ағынын туындатуды жалғастыра береді деп күтеді. S&P Қоғамның елеулі ақша қаражат қоры бар инвестициялық жобамен және жоғары дивиденд төлемдерімен байланысты шығыстарды жабуға мүмкіндік береді деп есептейді.

S&P талдаушылары егер компания өзінің кредиттік сипаттамасын нашарлатуға алып келетін елеулі сырт қарызды талап ететін жаңа инвестициялық жобаларға қатысатын болса немесе Қоғамның клиенттермен жаңа келісімшарттары елеулі түрде жағымсыз өзгерген жағдайда Қоғамның дәрежесі төмендеуі мүмкін екендігін атап көрсетеді. Қоғамның дәрежесі бойынша «Жағымсыз» болжамы бас компанияның дәрежесі бойынша болжам «Тұрақты» болып өзгерген жағдайда ғана солай өзгеруі мүмкін.

2015 жылғы 7 сәуiр 

Moody’s агенттігі «ҚазТрансОйл» АҚ-тың (әрі қарай – Қоғам) кредит дәрежесін «Bаа3» деңгейінде қуаттап, болжамды «Тұрақтыға» өзгертті.

Қоғам болжамының өзгеруі 2015 жылғы 31 наурызда Қазақстан Республикасының тәуелсіз дәрежесі болжамының өзгеруімен негізделген.

«Тұрақты» болжамы Қоғам Үкіметпен берік байланыстарды сақтайды және қаржылық қиыншылықтар кезінде Үкімет компанияға қолдау көрсетеді деген Moody’s агенттігінің пікірін білдіреді.

2015 жылғы 24 ақпан

Standard & Poor’s халықаралық дәрежелеу агенттігі (бұдан әрі - S&P) «ҚазТрансОйл» АҚ-тың (бұдан әрі – Қоғам) кредит дәрежесін «ВВВ-»-дан «ВВ+»-ке дейін төмендетті.

Қоғам дәрежесінің төмендеуі 2015 жылғы 9 ақпанда Қазақстан Республикасы дәрежесінің төмендеуімен және 2015 жылғы 16 ақпанда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) дәрежесінің төмендеуімен негізделген. Дәрежелердің төмендеуі ҚМГ тобының стратегиялық маңызды еншілес компаниясы ретінде ҚТО мәртебесін, сондай-ақ Қоғамға мемлекет тарапынан уақтылы және жеткілікті жедел қолдау алу жоғары ықтималдығын көрсетеді.

S&P хабарына қарағанда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобындағы Қоғамның басты ролі және оның Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін стратегиялық маңызы Қоғамның Қазақстан Республикасы мұнай құбырларының басты операторы екендігімен қуатталады.

S&P ҚТО-ның кредит қабілеттілігі (bb+) ҚМГ-ның өз кредит қабілеттілігінен (b) жоғары екендігін атап өтеді.

Сонымен қатар S&P талдаушыларының пікірі бойынша компанияны күшті нарықтық ұстанымы, темір жол және танкер көлігі тарапынан шектеулі бәсекелестік, Қоғам деңгейінде қарызының болмауы, баламалы ақша ұстанымы арқасында қаржылық икемділігі, сондай-ақ көптеген жаңа жобаның мерзімін ауыстыра алу мүмкіндігін сипаттайды.

Біз ҚТО 2014 жылы тарифтің көтерілуі арқасында операциялық қызметтен түсетін тиімді қосалқы ақшаның елеулі ағынын туындатуды 2015 жылы жалғастырады деп күтеміз. Біз ҚТО ақша қаражатының айтарлықтай қоры барлық қазіргі бар инвестициялық жобалармен және жоғары дивидендтік төлемдермен байланысты шығыстарды жабуға мүмкіндік береді деп есептейміз.

2014 жылғы 3 қыркүйек

2014 жылғы 28 тамызда Fitch Ratings (бұдан әрі – Fitch) «ҚазТрансОйл» АҚ (бұдан әрі – ҚТО) компаниясының шетелдік валютадағы эмитент дефолтының ұзақ мерзімді дәрежесін «Тұрақты» деген болжаммен «ВВВ» деңгейінде екендігін қуаттады.

ҚТО дәрежесі ҚТО-ның операциялық қызметінің және кредитке қабілеттілігінің күшті көрсеткіштерін көрсетеді, олар кем дегенде орташа мерзімді келешекте сақталады деп күтеді агенттік, сондай-ақ Қазақстан экономикасы үшін ҚТО-ның стратегиялық маңызын ескереді.

Fitch ҚТО Қазақстанда мұнай тасымалдау бөлігінде көшбасы екендігін атап көрсетеді. ҚТО Қазақстан экономикасы үшін маңызы зор мұнай тасымалдау секторында жетекші орын алады. 2012 жылы ҚТО Қазақстанның мұнай құбырларының ұлттық операторы мәртебесін алды, ол компанияның монополиялық орнын құқықтық қорғауды қамтамасыз етеді.

ҚТО дәрежесі ҚМГ ҰК дәрежесінің деңгейімен шектелген, өйткені бас құрылым ҚТО-ның бос ақша ағынына дивидендтер арқылы елеулі ықпал етеді, олар ҚМГ ҰК-ға өзінің ауқымды борышына қызмет көрсету үшін қажет. Бұл ретте ҚТО-ның өзінің өтімділік көрсеткіштері жақсы және борыштық міндеттемелері жоқ. Агенттік ҚТО-ның дәрежесін «А» дәрежелік санаттың төменгі бөлігіне сай ретінде дербес негізде бағалап отыр.

Fitch қаржы қиыншылығы туындаған жағдайда мемлекет ҚТО-ға қолдау көрсетеді деп пайымдайды. Мұндай қолдау тікелей капиталға жарналар немесе мемлекеттік банктерден кредиттер түрінде немесе әлдеқайда жоғары тарифтер түрінде болуы мүмкін.

Талдаушылар ҚТО-ның тұрақты операциялық көрсеткіштерін атап көрсетті. Айталық 2013 жылы ҚТО мұнай тасымалдау көлемін (СП-ны қоспағанда) 37 млрд тонна-км жеткізді, алдындағы жылмен салыстырғанда 7% жоғары болды, ал 2014 жылғы бірінші жартыжылдықта көлем 2013 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 2% қысқарды. Fitch орташа мерзімді келешекте ҚТО-да тасымалдау көлемі мен жүк айналымы бірте-бірте кемитін болады, өйткені Қазақстанның елеулі мұнай кеніштерінде өндіру толысқан кеніштерге тән көрсеткіштерді көрсетіп отыр.

2014 жылы ҚТО тарифтерін ұлғайту құнсызданудың компанияға әсерін әлсіретті. Талдаушылар тарифтердің дер кезінде индекстелуін ҚТО-ның жақсы қаржылық көрсеткіштері үшін елеулі жайт ретінде қарастырып отыр.

Бұдан басқа, Fitch елеулі күрделі қаржы салымына қарамастан ҚТО-ның жоғары кредитке қабілеттілігін атап көрсетеді. Fitch ҚТО-да жылдық күрделі қаржы салымы 2013 жылғы 33 млрд-қа қарағанда 2014 – 2018 жылдары 50 млрд теңгеден асып түседі деп күтеді, өйткені компания екі елеулі жобаны – Қазақстан – Қытай құбырының екінші тармағын салуды (өткізу қабілетін жылына 20 млн тоннаға дейін арттыру мақсатында) және Қаражанбас – Ақтау, Өзен – Ақтау құбырларын жаңғыртуды жүзеге асыруда. Агенттік ҚТО-да жоғары күрделі қаржы салымына байланысты 2018 жылға дейін бос ақша ағыны болмайды деп күтеді, бірақ ҒҒО бойынша түзетілген таза левередж орташа мерзімді келешекте кемінде 0,5х деңгейінде қалуы тиіс.

2014 жылғы 19 маусым

2014 жылғы 17 маусымда Standard & Poor’s халықаралық дәрежелеу агенттігі (бұдан әрі - S&P) Қазақстанның мемлекетпен байланысты жеті ұйымының дәрежелері бойынша болжамды тәуелсіз кредит дәрежесі бойынша болжам өзгерісінен кейін болжамын «Тұрақтыдан» «Жағымсызға» қайта қарады және олардың кредиттік дәрежелерін қуаттады.

S&P хабарына қарағанда «Самұрық – Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ, «Қазақстан даму банкі» АҚ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «ҚазМұнайГаз» Барлау.Өндіру» АҚ, «ҚазТрансОйл» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) үшін дәрежелеу болжамы «Жағымсызға» өзгертілді.

S&P хабарында Қазақстан Республикасының тәуелсіз кредит дәрежесі бойынша болжамның «Тұрақтыдан» «Жағымсызға» өзгеруіне байланысты болжам қайта қаралғаны түсіндіріледі.

S&P пікірі бойынша Қоғам «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобында Қоғам «стратегиялық маңызды» компания болғандықтан Қоғамның дәрежелері бас құрылымның дәреже деңгейімен шектеледі және соған сәйкес өзгереді. Сонымен қатар Қоғамның дәрежесі компанияның Қазақстан Республикасының Үкіметі тарапынан уақтылы және жеткілікті жедел қолдау алу жоғары ықтималдығына қатысты талдаушылардың болжамдарын білдіреді.

Қоғамның кредиттік дәрежесі «ВВВ-», болжам «Жағымсыз».

2014 жылғы 16 маусым

Standard & Poor’s халықаралық дәрежелеу агенттігі (бұдан әрі - S&P) «ҚазТрансОйл» АҚ-тың (бұдан әрі - Қоғам) кредиттік дәрежесін «BBB-» деңгейінде құптады, болжамы «Тұрақты».

S&P Қоғамның кредиттік дәрежесін «BBB-» деңгейінде құптады, болжамы «Тұрақты».

S&P Қоғамның кредиттік дәрежесін бағалау кезінде бизнес-тәуекел бағытын қолайлы, ал қаржы тәуекел бағытын орташа деңгейде бағалаудан шыққан.

S&P мықты нарықтық және бәсекелес бағдарларын, Қазақстан Республикасында мұнай құбырлары негізгі операторының жағдайын, қарыздың қолайлы құрылымын және өтеу кестесін, «ҚазТрансОйл» АҚ деңгейінде борышқорлық міндеттерінің жоғын, өтемпаздықтың барабар көрсеткіштерін және ақша қаражаттарының маңызды қорын атап өтті.

Қоғамның кредиттік дәрежесі Қоғамның қаржы икемділігін, мұнай компаниялармен ұзақ мерзімді шарттардың болуын, сондай-ақ мұнай тасымалдаудан түсетін тұрақты реттелетін ақша ағынын көрсетеді.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бас компаниясына (бұдан әрі – ҚМГ ҰК) және Қазақстан Үкіметіне көрсететін стратегиялық маңызды инфрақұрылымдық қызметтер көрсету Қоғамның қызметіне оңтайлы әсер етеді. S&P пікірінше «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобында Қоғамның маңызды ролі мен Қазақстан Республикасының Үкіметіне оның стратегиялық маңызы Қоғамның Қазақстан Республикасында мұнай құбырының негізгі операторы екенділігі негізделеді. S&P жағымсыз жағдайда Қоғам мемлекеттен уақытылы қолдау алады деп есептейді.

S&P Қоғам ҚМГ ҰК тобының «стратегиялық маңызды» компаниясы мәртебесін сақтап отырғанда, оның дәрежесі бас құрылым дәрежесі деңгейімен шектеледі және соған байланысты өзгереді деп күтуде. Сондықтан ҚМГ ҰК өз кредит қабілеттілігінің бағасын кем дегенде «bb-» деңгейіне дейін көтерген кезде ғана Қоғамның дәрежесі көтерілуі мүмкін.

Қоғам дәрежелері бойынша тұрақты болжам ҚТО көрсеткіштеріне оңтайлы әсер етеді деген S&P болжалын ескереді: мықты нарықтық және бәсекелестік ұстаным, мұнай компанияларымен ұзақ мерзімді шарттардың болуы, сондай-ақ мұнай тасымалдаудан түсетін тұрақты реттелетін ақша ағыны. Қоғам рейтингтері бойынша тұрақты болжам Қоғамның 90% акциясына ие ҚМГ ҰК рейтингі бойынша болжамды көрсетеді.

S&P Қоғам қаржы тәуекелінің бағытын орташа деп қарайды, себебі компанияда қарыздың оңтайлы құрылымы бар – өтелмеген қарыздың барлық сомасы Қоғам еншілес компанияларының міндеттемелері болып табылады. S&P Қоғамда барабар ақша ұстанымының болуына байланысты қаржы икемділігінің, сондай-ақ көптеген үлкен жобалардың мерзімін ауыстыру мүмкіндігі мен қарыз қаражатын тарту мүмкіндігінің болуын белгілейді.

S&P болжалы бойынша орташа мерзімді болашақта Қоғам 2014 жылы тарифтердің өсуіне байланысты операциялық қызметтерден түскен қомақты оңтайлы бос ақша ағынын бақылауды жалғастырады.

S&P Қоғам ақша қаражатының едәуір қоры барлық инвестициялық жобалармен және жоғары дивидендтік төлемдермен байланысты шығындарды жабуға мүмкіндік береді деп санайды.

2013 жылғы 29 тамыз

Fitch халықаралық дәрежелеу агенттігі «ҚазТрансОйл» АҚ (әрі қарай – Қоғам) дәрежесін «BBB-» деңгейінен «BBB» деңгейіне дейін көтерді. Дәрежелеу бойынша болжам – «Тұрақты».

Қоғам дәрежесінің көтерілуі компанияның операциялық қызметінің жоғары көрсеткіштерімен және кредит қабілеттілігімен негізделген, олар Fitch болжап отырғандай кем дегенде орта мерзімді келешекте сақталады, сондай-ақ Қоғамның Қазақстан экономикасындағы стратегиялық маңызын («BBB+»/болжам «Тұрақты») назарға алады. Қоғам дәрежелері бас құрылым «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының дәрежелерімен («ҚМГ ҰК», «BBB»/болжам «Тұрақты») шектелген.

2013 жылы 21 тамыз 

Moody`s Investors Service халықаралық дәрежелеу агенттігі «ҚазТрансОйл» АҚ Ваа3 рейтингі бойынша «тұрақтыдан» «позитивтіге» өзгертті. Агенттік «ҚазТрансОйл» кредит дәрежесін Ваа3 деңгейінде қуаттады.

2013 жылғы 12 тамыз

Moody’s халықаралық дәрежелеу агенттігі «ҚазТрансОйл» АҚ (әрі қарай – Қоғам) кредит дәрежесін «Bаа3» деңгейінде қуаттады. Болжам тұрақты.

Қоғамның кредит қабілеттілігіне мыналар оң әсер етеді: оның қызмет ауқымы және табыс тұрақтылығы, ұлттық оператор мәртебесіне байланысты Қоғамның ішкі нарықтағы мықты ұстанымы, орташа мерзімді келешекте тасымалдау көлемінің азаюы қатерінің төмен деңгейі, жоғары пайдалылық көрсеткіштері және борыштық жүктеменің төмен деңгейі.

Moody’s Қазақстан Республикасы Үкіметі тарапынан Қоғамды қолдау мүмкіндігінің «жоғары» бағасы Қоғамның мемлекет үшін стратегиялық маңыздылығын, сондай-ақ Қазақстан экономикасының өсуін қамтамасыз етудегі энергетикалық экспорттың маңызды ролін назарға алады.

2013 жылғы 10 шілде 

Standard & Poor’s халықаралық рейтинг агенттігі «ҚазТрансОйл» АҚ-тың кредиттік рейтингін «BBB-» деңгейінде растады, болжамы «Тұрақты»

2013 жылғы 5 шілдеде Standard & Poor’s халықаралық рейтинг агенттігі (бұдан әрі - S&P) «ҚазТрансОйл» АҚ-тың кредиттік рейтингін (бұдан әрі - қоғам) «BBB-» деңгейінде растады, болжамы «Тұрақты».

S&P Қазақстан Республикасының экономикасына компанияның маңызды рөлін белгіледі және қоғамға жедел мемлекеттік қолдау көрсету ықтималдықты жоғары деп бағалады. Қоғамның кредиттік рейтингі мықты нарықтық және бәсекелестік ұстанымды, мұнай компанияларымен ұзақмерзімді шарттардың оңтайлы әсерін, мұнай тасымалдаудан түскен реттелетін ақша ағынының тұрақтылығын көрсетеді.

S&P пайымдауынша, қоғамның «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобындағы негізгі рөлі мен оның Қазақстан Республикасы Үкіметіне стратегиялық маңызы Қоғамның Қазақстан Республикасында мұнай Құбырларының негізгі операторы болатындығы туралы дерекпен нығайтылады.
Серiктестер