KZTO 607,30 (-0,77%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 607,30 (-0,77%)
Brent 78,52 (+0,17%)
WTI 73,77 (+0,78%)
453,4
491,8
5,9

Қоршаған ортаны қорғау

Қызметінің ерекшелігі мен ауқымын назарға ала отырып, «ҚазТрансОйл» АҚ өз өндірістік қызметінің қоршаған ортаға елеулі әсерін тигізетінін түсінеді. Осыған байланысты Қоғам қоршаған ортаға өз қызметінің жағымсыз әсерін азайту бойынша шараларға көп көңіл бөледі.

«ҚазТрансОйл» АҚ Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің, алдыңғы қатарлы халықаралық стандарттардың, «ҚазТрансОйл» АҚ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясаты ережелері мен басқа да ішкі корпоративтік құжаттар талаптарын қатаң ұстанады, экологиялық қауіптерге сәйкестендіру мен бағалау жүргізеді, қоршаған ортаны қорғау саласында өз қызметінің айқындылығы мен ашықтығын қамтамасыз етеді.
 
Қоғамның барлық өндірістік бөлімшесінде экологиялық менеджмент жүйесі ұйымдастырылып, енгізілген. 2021 жылы «TUV NORD CTRT GmbH» сертификаттау органы өткізген ИМЖ аудитінің нәтижелері бойынша ИМЖ-ның ISO 14001:2015 халықаралық стандарт талаптарына сәйкестік сертификаты расталды.
 
Экологиялық тәуекелдерді тиімді басқару үшін «ҚазТрансОйл» АҚ табиғатты қорғау қызметін басқаруға қатысты тәсілдерін тұрақты түрде жетілдіреді және қоршаған ортаны қорғауға арналған қажетті ресурстар бөледі.

Компания жыл сайын өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбекті қорғауды басқару жүйесін дамытуға елеулі қаржы ресурстарын инвестициялайды. 2021 жылы осы салаға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 3 850 млн теңгені құрады.
«ҚазТрансОйл» АҚ-тың экологиялық саясаты (Жүктеу | Жаңа терезеде қарау)
pdf    762.69Кб    72
Серiктестер