KZTO 841,30 (-0,14%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 841,30 (-0,14%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

Корпоративтік басқару

Акционерлер, Директорлар кеңесі және Басқарма арасындағы өзара тиімді әрекет компания бағасының өсуін қамтамасыз ететін маңызды тетік және инвесторлар қаражатының тиімді пайдалану кепілі болып табылады.
 
Корпоративтік басқару кодексінің принциптері мыналар болып табылады:
  • Үкімет «Самұрық- Қазына» ҰӘҚ» АҚ акционері ретінде;
  • «Самұрық- Қазына» ҰӘҚ» АҚ пен ұйымдардың өзара іс-қимылы. «Самұрық- Қазына» ҰӘАҚ» АҚ ұлттық басқарушы холдинг ретіндегі рөлі;
  • Орнықты даму;
  • Акционерлердің құқықтары және акционерлерге әділ қарым-қатынас;
  • Директорлар кеңесінің және атқарушы органның тиімділігі;
  • Тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау және аудит;
 
«ҚазТрансОйл» АҚ органдары:
  • Акционерлердің жалпы жиналысы – жоғары орган;
  • Директорлар кеңесі – «ҚазТрансОйл» АҚ қызметіне жалпы басшылық жасайтын басқару органы;
  • Басқарма – «ҚазТрансОйл» АҚ ағымдағы қызметіне басшылық жасайтын, Директорлар кеңесі бекіткен Компанияның даму стратегиясын іске асыруды қамтамасыз ететін, Директорлар кеңесі мен Акционерлердің жалпы жиналысы шешімдерін орындауды қамтамасыз ететін алқалы атқарушы орган.
«ҚазТрансОйл» АҚ Жарғысының қолданыстағы редакциясы Жалғыз акционердің шешімімен құпталған (2012 жылғы 19 қазандағы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесі отырысының №8/2012 хаттамасы).
 
Корпоративтік басқару кодексі «ҚазТрансОйл» АҚ акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен 2016 жылғы 27 мамырда (хаттама №3/2016) бекітілген.
 
Ірі акционермен қатынасты реттеу Қоғамды корпоративтік басқару жүйесінің маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. «ҚазТрансОйл» АҚ пен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ арасындағы қатынастар жүйесі Қазақстан Республикасының заңнамасы шегінде және «ҚазТрансОйл» АҚ пен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ жарғыларына сәйкес құрылған.
 
Тәуелсіз директорлар Қоғамның корпоративтік басқару бойынша өз міндеттемелерін сақтауын қамтамасыз етуде үлкен рөл атқарады. Директорлар кеңесінің құрамына үш тәуелсіз директор кіреді. Тәуелсіз директорлар Директорлар кеңесінің комитеттерінде төрағалық етеді.
 
Қоғамның Директорлар кеңесінің шешімімен (2022 жылғы 10 желтоқсандағы №12/2022 хаттама) компания қызметкерлерінің іскери ұстаным стандарттарын белгілейтін «ҚазТрансОйл» АҚ Іскерлік этика кодексі бекітілді.
 
Ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігі саясатын, сондай-ақ «Қазақстан қор биржасы» АҚ ұйғарымдарын басшылыққа ала отырып, Компания қаржы талдаушыларымен және тұтас алғанда халықаралық инвестициялық бірлестіктермен ашық үндестікті қолдауға мүдделі.
Серiктестер