Компанияның ірі инвестициялық жобаларының бірі
«Қазақстан-Қытай» магистральдық мұнай құбырлары жүйесінің құрылысы болып табылады. Оны іске асыру 2000-шы жылдары, тәуелсіз Қазақстанның көмірсутектерді тасымалдаудың көпвекторлы жүйесін құру жөніндегі саясаты шеңберінде басталды. Жобаның ауқымдылығы мен стратегиялық маңыздылығын ескере отырып, оны іске асыру кезең-кезеңмен жүзеге асырылды. 2006 жылы ұзындығы 960 шақырымнан асатын «Атасу – Алашанькоу» (ҚҚҚ) мұнай құбыры, 2009 жылы «Кеңқияқ-Құмкөл» мұнай құбыры (ҚҚҚ) салынды және пайдалануға берілді.
«Қазақстан-Қытай мұнай құбыры құрылысының екінші кезеңінің екінші кезегі. Мұнай өнімділігін жылына 20 млн тоннаға дейін ұлғайту» (Қазақстан-Қытай жобасы) мұнайды экспортқа жеткізу бағыттарын әртараптандыруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарын отандық шикізатпен қамтамасыз етуге бағытталған.
2018 жылы «Кеңқияқ» БМАС жаңғыртылып, іске қосылды. Бұрын жоспарланған «ҚазТрансОйл» АҚ-тың Қазақстан-Қытай жобасы бойынша жұмыстары аяқталды. Алайда, Батыс Қазақстан мұнайын ҚР МӨЗ-ге және ҚХР-ға экспортқа жіберу үшін «ҚазТрансОйл» АҚ «МұнайТас» ЖШС-мен және «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС-мен бірлесіп, келесі жобаларды іске асырды:
-
«Қазақстан-Қытай» мұнай құбыры құрылысының екінші кезеңінің екінші кезегі» жобасы аясында өнімділігі жылына 6 млн тоннаға дейін жететін «Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбыры учаскесі реверсінің бірінші кезеңі. Мұнай өнімділігін жылына 20 млн тоннаға дейін ұлғайту» жобасы (бұдан әрі – Реверс жобасы);
-
«Қазақстан-Қытай мұнай құбыры құрылысының екінші кезеңінің екінші кезегі. Мұнай өнімділігін жылына 20 млн тоннаға дейін ұлғайту» жобасы аясында «Кеңкияқ» МАС-тағы және «Құмкөл» МАС-тағы МКӨЖ-дің өткізгіштік қабілетін арттыру» (бұдан әрі – МКӨЖ жобасы).
Реверс жобасы аясында:
2020 жылғы 15 маусымда реверс жобасының алғашқы іске қосу кешені пайдалануға берілді.
Екінші іске қосу кешені шеңберінде «Аман» МАС-тың құрылысы жүзеге асырылуда.
2020 жылғы 29 желтоқсанда «Аман» МАС-тағы механикалық аяқтау актісіне қол қойылды.
2021 жылғы 30 маусымда мұнайды кері режимде тасымалдауға мүмкіндік берген 2 іске қосылатын кешен нысандарын («Аман» МАС-тың технологиялық құрылғылары) іске қосу жүзеге асырылды.
2021 жылдың қазан айында «Аман» МАС жылыту пештері іске қосылды, бұл Батыс Қазақстан мұнайын Кеңқияқ-Атырау мұнай құбыры арқылы кері режимде жылына 6 миллион тоннаға дейін тасымалдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
МКӨЖ жобасы шеңберінде:
2020 жылғы 31 желтоқсанда «Құмкөл» МКӨЖ және «Кеңқияқ» МКӨЖ объектілері пайдалануға қабылданды.
«Астрахань-Маңғышлақ» магистральдық суағызғысын қайта құру және кеңейту
«ҚазТрансОйл» АҚ «Магистральдық Суағызғысы» ЖШС-мен бірлесіп «Астрахань-Маңғышлақ» магистральдық су құбырын реконструкциялау және кеңейту» инвестициялық жобасын іске асыру бойынша жұмыстарды жүзеге асыруды жалғастыруда. Суағызғы Атырау облысының 3 ауданын, Маңғыстау облысының 4 ауданын және Жаңаөзен қаласының кәсіпорындары мен жарты миллионнан астам халқын (>511 мың адам) сумен жабдықтап отыр.
Жоба «Астрахань-Маңғышлақ» магистральдық суағызғысының өткізу қабілетін ұлғайтуды және Қазақстан Республикасының Атырау және Маңғыстау облыстарындағы су тұтыну көлемінің қазіргі тапшылығы мен перспективалық өсуін қанағаттандыру үшін тозған жабдықты жаңартуды көздейді. Қазіргі уақытта жобаның жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеу аяқталды.
«Қашаған» ГКДҚ суағызғысын салу
Жобаның мақсаты құрылысы жоспарланған ілеспе газды қайта өңдеу зауытын сумен қамтамасыз ету болып табылады. Атырау облысы бойынша жұмыс сапарының қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрі А.Ұ. Маминнің тапсырмасын орындау барысында іске асырылды.
Қазіргі уақытта жоба жүзеге асырылуда.