«ҚазТрансОйл» АҚ корпоративтік қауіпсіздік жүйесі Компанияның корпоративтік мәдениеті мен құндылықтарын қолдауға, жұмыскерлерді, қаржылық және техникалық құралдарды, мүлікті, технологияларды, өндірістік, басқарушылық және коммерциялық қызмет процестерін әртүрлі қауіптерден қорғауды қамтамасыз етуге арналған.
«ҚазТрансОйл» АҚ Қазақстан Республикасы заңнамасының, «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырларын қорғауды ұйымдастырудың бірыңғай жүйесінің және «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы саясатының талаптарына толық сәйкес өндірістік қызметті жүзеге асыруды көздейтін бизнесті жүргізу бойынша міндеттемелерді өзіне алады.
«ҚазТрансОйл» АҚ-та ISO 27001:2013 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес келетін ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесі жұмыс істейді.
«ҚазТрансОйл» АҚ 2007 жылғы желтоқсанда SAP ERP жүйесінің FI (қаржы) модулі ISO/IEC 27001:2005 стандартының талаптарына сәйкестігіне сәтті сертификатталған Қазақстан Республикасының аумағындағы алғашқы компания болды.
2014 жылы ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесінің қайта сертификаттау аудиті сәтті өтті. Сертификаттау «ҚазТрансОйл» АҚ ақпаратының құпиялылығын, тұтастығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтердің жоғары сапасын растау ретінде қызмет етеді.
2015 жылғы тамызда «ҚазТрансОйл» АҚ ISO/IEC 27001:2013-ке сәтті көшті.
2022 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ ISO/IEC 27001:2013 стандартын растау үшін ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесінің аудитінен сәтті өтті, оның қорытындысы бойынша «ТЮФ АУСТРИЯ Стандарттар және Сәйкестік» ЖШҚ халықаралық сертификаттау органы 2022 жылғы 13 желтоқсандағы № ТА420203009336 сәйкестік сертификатын 2025 жылғы 12 желтоқсанға дейін берді.
«ҚазТрансОйл» АҚ ТПАБЖ техникалық және бағдарламалық құралдар кешеніне қызмет көрсету процесіне қатысты сертификаттау саласын кеңейтті.