KZTO 820,00 (+0,61%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 820,00 (+0,61%)

«ҚазТрансОйл» АҚ 2024-2033 жылдарға арналған даму стратегиясы

Болжам: Тұрақты даму саласындағы ең жақсы тәжірибеге сәйкес келетін әртараптандырылған құбыр жүйесі бар қауіпсіз және сенімді компания.

Миссиясы: Қазақстан Республикасының энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мұнайды магистральдық мұнай құбыры арқылы тасымалдау саласындағы стратегиялық мүдделерін сақтау, сондай-ақ «ҚазТрансОйл» АҚ акционерлері үшін ең жоғары пайданы қамтамасыз ету және барлық мүдделі тараптардың мүдделерін сақтау.

«ҚазТрансОйл» АҚ стратегиялық мақсаттары
  • «ҚазТрансОйл» АҚ және ЕББҰ тиімді қызметін қамтамасыз ету («ҚазТрансОйл» АҚ негізгі күш-жігері мұнай құбырлары жүйесінің сенімділігін қамтамасыз етуге және қызметтің тиімділігі мен кірісін арттыруға бағытталады);
  • Тұрақты даму жүйесін жетілдіру (тиімді корпоративтік басқару, еңбекті және қоршаған ортаны қорғаудың жоғары стандарттары, нөлдік жарақатқа қол жеткізу, қоршаған ортаға тигізетін теріс әсерді азайту, персоналды тиімді басқару).
Корпоративтік құндылықтар:
  1. қауіпсіздік;
  2. еңбекқорлық және кәсібилік;
  3. тиімділік;
  4. сапа;
  5. ашықтық.
Корпоративтік құндылықтар «ҚазТрансОйл» АҚ қызметінің барлық салаларында байқалады және жұмыскерлердің өзара қарым-қатынасын ұйымдастыруда, бизнес-процестерді басқаруда, стратегиялық жоспарлау мен шешімдер қабылдауда маңызды рөл атқарады.

Серiктестер