KZTO 854,00 (-0,67%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 854,00 (-0,67%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

Мұнай тасымалдау жөніндегі қызметтерге тарифтер


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ІШКІ НАРЫҒЫНА МҰНАЙ ТАСЫМАЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ТАРИФТЕР

Қазақстан Республикасының ішкі нарығына мұнай тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерге тарифтерді табиғи монополиялар саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

Қазақстан Республикасының ішкі нарығына мұнай тасымалдау жөніндегі қызметтерге тарифтерді есептеу Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы №90 бұйрығымен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті (бұдан әрі – ТМРК) төрағасының 2020 жылғы 27 қарашадағы №71-НҚ бұйрығымен (бұдан әрі – Бұйрық) «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық құбырлары жүйесі бойынша Қазақстан Республикасының ішкі нарығына (бұдан әрі – ішкі нарық) мұнай айдау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметке 2021-2025 жылдарға арналған тариф және тарифтік смета бекітілді, онда ішкі нарыққа тариф 1000 км-ге (ҚҚС-сыз) тоннасына 4 355,57 теңгені құрады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының 2023 жылғы 20 маусымдағы №85-НҚ бұйрығымен Бұйрыққа өзгерістер енгізілді, онда 2021-2025 жылдарға магистральдық құбырлар жүйесі бойынша Қазақстан Республикасының ішкі нарығына мұнай айдау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметке «ҚазТрансОйл» АҚ тарифі мен тарифтік сметасы 1000 км-ге 1 тонна үшін 4 849,39 теңге (ҚҚС-сыз) мөлшерінде бекітілді.

Көрсетілген тариф 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мұнай тасымалдау бойынша реттеліп көрсетілетін қызметіне қосымша қызметтердің тарифтері «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының (Басқарма төрағасының) 2015 жылғы 28 қазандағы №112 бұйрығымен бекітіліп, 2015 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді. 2022 жылғы 1 қазаннан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының м.а. 2022 жылғы 13 қыркүйектегі №144-НҚ бұйрығына сәйкес «ҚазТрансОйл» АҚ Н.Н. Шманов атындағы МАС-тағы «Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбырына мұнайды ауыстырып тиеу жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметіне 1 тоннаға 37,23 теңге мөлшерінде (ҚҚС-сыз) тариф бекітілді. 

1-кесте. Мұнай тасымалдау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қосымша қызметтердің тарифтері
 
№ р/с Қызметтер Тариф, тоннасына теңгемен
(ҚҚС-сыз)
1 Т. Қасымов ат. МАС т/ж цистерналарына мұнайды құю 409,57
2 Т. Қасымов ат. МАС т/ж цистерналарынан мұнайды ағызу 746,34
3 «Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбырына Т. Қасымов ат. МАС-тан мұнайды ауыстырып тиеу 80,34
4 «Ақтау» БМАС т/ж цистерналарынан мұнайды ағызу 121,00
5 «Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбырына «Мақат» МАС-тан мұнайды ауыстырып тиеу 1 118,10
6 «Кеңқияқ» БМАС-та мұнайды ауыстырып тиеу 89,15
7 «Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбырына Н. Шманов атындағы МАС-тан мұнайды ауыстырып тиеу 37,23
8 «Атасу» БМАС ағызу-құю эстакадасында т/ж цистерналарынан мұнайды ағызу 373,52
9 «Атасу» мұнай құю эстакадасында т/ж цистерналарына мұнай құю 306,05
10 «Шағыр» мұнай құю эстакадасында т/ж цистерналарына мұнай құю 280,90
11 Бірыңғай бағыттау бойынша операторлық қызмет 41,45
12 Мұнайды тік болатты резервуарларда сақтау айына тоннасына 233,76 теңге
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУМАҒЫ АРҚЫЛЫ ТРАНЗИТТЕУ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНАН ТЫС ЖЕРЛЕРГЕ ЭКСПОРТТАУ МАҚСАТЫНДА МҰНАЙ ТАСЫМАЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ТАРИФТЕР
 
«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына 2015 жылғы мамырда түзетулердің қабылдануына байланысты табиғи монополиялар саласынан Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге экспорттау мақсатында мұнай тасымалдау жөніндегі қызметтер алынып тасталды.

«ҚазТрансОйл» АҚ-та мұнайды экспортқа және транзитке тасымалдау жөніндегі қызметтерге тарифтерді есептеу үшін Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге экспорттау және ел аумағы арқылы транзиттеу мақсатында «ҚазТрансОйл» АҚ-тың мұнайды магистральдық құбырлары арқылы тасымалдау жөніндегі қызметтеріне тарифтерді есептеу әдістемесі әзірленді және қолданылады.

Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге экспорттау және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу мақсатында мұнай тасымалдау жөніндегі қызметтерге тарифтерді «ҚазТрансОйл» АҚ дербес бекітеді.

Осыған байланысты:

1. «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының (Басқарма төрағасының) 2023 жылғы 26 мамырдағы №53 бұйрығымен Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық құбырларымен мұнай айдау қызметіне тариф 1000 километрге 1 тонна үшін 10 150, 00 теңге мөлшерінде (ҚҚС-сыз) бекітілді. Аталған тариф 2023 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді.

2. «ҚазТрансОйл» АҚ Бас директорының (Басқарма төрағасының) 2022 жылғы 15 сәуірдегі №24 бұйрығымен Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге экспорттау мақсатында магистральдық құбырлар арқылы мұнайды айдау жөніндегі «ҚазТрансОйл» АҚ қызметіне 1000 км-ге 1 тонна үшін 8 830,51 теңге (ҚҚС-сыз) мөлшерінде тариф бекітілді. Көрсетілген тариф 2022 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді.

3. «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының (Басқарма төрағасының) 2018 жылғы 27 ақпандағы №47 бұйрығымен «Туймазы – Омбы - Новосибирск-2» магистральдық құбырының қазақстандық учаскесі бойынша Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу мақсатында мұнай айдау жөніндегі «ҚазТрансОйл» АҚ-тың қызметіне 1000 км-ге 1 тонна үшін 4 292,4 теңге мөлшерінде (ҚҚС-сыз) тариф бекітілді.

4. Бас директорының (Басқарма төрағасының) 2022 жылғы 27 желтоқсандағы № 154 бұйрығымен Ресейде шығарылған мұнайды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Өзбекстан Республикасына транзиттеу мақсатында тасымалдау бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ қызметтеріне бейрезиденттер үшін мынадай тарифтер бекітілді:
1) «Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасымен шекарасы – «Шағыр» мұнай құю пункті бағыты бойынша мұнай айдау 1000 километрге 1 тонна үшін 14,32 АҚШ доллары мөлшерінде (ҚҚС-сыз);
2) «Шағыр» мұнай құю пунктінде темір жол цистерналарына мұнай құю 1 тонна үшін 0,84 АҚШ доллары мөлшерінде (ҚҚС-сыз).

Ресейде шығарылған мұнайды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Өзбекстан Республикасына транзиттеу мақсатында тасымалдау құны бейрезиденттер үшін 1 тонна үшін өзіне мыналарды қамтитын 27,9 АҚШ доллары мөлшерінде (ҚҚС-сыз) белгілген:
1) «Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасымен шекарасы – «Шағыр» мұнай құю пункті бағыты бойынша мұнай айдау құны осы бұйрықтың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тарифті ескергенде – 1 тонна үшін 27,06 АҚШ доллары (ҚҚС-сыз);
2) «Шағыр» мұнай құю пунктінде темір жол цистерналарына мұнай құюға арналған тариф – 1 тонна үшін 0,84 АҚШ доллары (ҚҚС-сыз).
Аталған тарифтер 2023 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді.


Осымен «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының (Басқарма төрағасының) 2023 жылғы 30 қарашадағы № 131 бұйрығымен Туймазы-Омбы-Новосибирск-2 магистральдық құбырының қазақстандық учаскесі бойынша Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу мақсатында мұнай айдау құны Қазақстан Республикасы бейрезиденттері үшін 1 тоннаға (ҚҚС-сыз) 2,1 АҚШ доллары мөлшерінде белгіленгенін хабарлайды.

Көрсетілген айдау құны 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

5. «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының (Басқарма төрағасының) 2015 жылғы 28 қазандағы № 111 бұйрығымен Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге экспорттау және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу мақсатында мұнай тасымалдау жөніндегі қосымша қызметтердің тарифтері бекітілді.

ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының (Басқарма төрағасының) 2022 жылғы 25 қарашадағы № 138 бұйрығымен Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында «Ақтау» бас мұнай айдау станциясындағы темір жол цистерналарынан мұнайды қотару қызметіне тариф 1 тонна үшін 375,00 теңге мөлшерінде (ҚҚС-сыз) бекітілді. Аталған тариф 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.
 

ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының (Басқарма төрағасының) 2023 жылғы 31 наурыздағы № 30 және № 31 бұйрықтарымен Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге экспорттау және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу мақсатында «ҚазТрансОйл» АҚ қызметтеріне мынадай тарифтер бекітілген:

  • Т. Қасымов атындағы мұнай айдау станциясындағы (бұрынғы «Атырау» мұнай айдау станциясы) теміржол цистерналарына мұнай құю - 1 тонна үшін 1 213, 20 теңге мөлшерінде (ҚҚС-сыз);
  • Т. Қасымов атындағы мұнай айдау станциясында (бұрынғы «Атырау» мұнай айдау станциясы) мұнайды жылытусыз Каспий құбыр консорциумы жүйесіне ауыстырып тиеу - 1 тонна үшін 263, 49 теңге мөлшерінде (ҚҚС-сыз);
  • Т. Қасымов атындағы мұнай айдау станциясында (бұрынғы «Атырау» мұнай айдау станциясы) мұнайды жылытып, Каспий құбыр консорциумы жүйесіне ауыстырып тиеу - 1 тонна үшін 320, 09 теңге мөлшерінде (ҚҚС-сыз);
  • «Мақат» мұнай айдау станциясында мұнайды «Кеңқияқ – Атырау» мұнай құбырына ауыстырып тиеу - 1 тонна үшін 2 283, 27 теңге мөлшерінде (ҚҚС-сыз);
  • «Кеңқияқ» бас мұнай айдау станциясында (бұрынғы «Кеңқияқ» желілік өндірістік-диспетчерлік станциясы) мұнайды ауыстырып тиеу - 1 тонна үшін 337, 5 теңге мөлшерінде (ҚҚС-сыз);
  • бірыңғай маршруттау жөніндегі операторлық қызмет - 1 тонна үшін 84,47 теңге мөлшерінде (ҚҚС-сыз);
  • Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге экспорттау мақсатында Н.Н. Шманов атындағы мұнай айдау станциясындағы мұнайды 1 тонна үшін 1000,00 теңге мөлшерінде (ҚҚС-сыз) «Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбырына ауыстырып тиеу.

Көрсетілген тарифтер 2023 жылғы 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді.

2 -кесте. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге экспорттау және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу мақсатында мұнай тасымалдау жөніндегі қосымша қызметтерге арналған тарифтер
 
№ р/с Қызметтер Тариф, тоннасына теңгемен
(ҚҚС-сыз)
1 Т. Қасымов ат. МАС (бұрынғы «Атырау» МАС) т/ж цистерналарына мұнайды құю 1 213,20
2 Т. Қасымов ат. МАС т/ж цистерналарынан мұнайды ағызу 746,34
3 Т. Қасымов ат. МАС-тан КҚК жүйесіне мұнайды қыздырмай ауыстырып тиеу 263,49
4 Т. Қасымов ат. МАС-тан КҚК жүйесіне мұнайды қыздырып ауыстырып тиеу 320,09
5 «Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбырына Т. Касымов ат. МАС-тан мұнайды ауыстырып тиеу 80,34
6 «Ақтау» БМАС-тағы танкерлерге мұнайды құю 403,71
7 «Ақтау» БМАС-тағы т/ж цистерналарынан мұнайды ағызу 375,00
8 «Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбырына «Мақат» МАС-тан мұнайды ауыстырып тиеу 2 283,27
9 «Кеңқияқ» БМАС-қа мұнайды ауыстырып тиеу 337,5
10 «Атасу-Алашанькоу» мұнай құбырына «Атасу» БМАС-тан мұнайды ауыстырып тиеу 286,13
11 «Атасу» БМАС ағызу-құю эстакадасында т/ж цистерналарынан мұнайды ағызу 373,52
12 «Атасу» мұнай құю эстакадасында т/ж цистерналарына мұнай құю 306,05
13 «Шағыр» мұнай құю эстакадасында т/ж цистерналарына мұнай құю 280,90
14 Бірыңғай бағыттау бойынша операторлық қызмет 84,47
15 Мұнайды тік болатты резервуарларда сақтау айына тоннасына 233,76 теңге
16 Н.Н. Шманов ат. МАС-тан «Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбырына мұнайды ауыстырып тиеу 1 000,00
6. «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының (Басқарма төрағасының) м.а. 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 37 бұйрығымен Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында «ҚазТрансОйл» АҚ Н.Н. Шманов атындағы мұнай айдау станциясында «Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбырына мұнайды ауыстырып тиеу қызметіне тариф 1 тонна үшін 500 теңге мөлшерінде (ҚҚС-сыз) бекітілгенін хабарлайды. Аталған тариф 2022 жылғы 1 маусымнан бастап күшіне енді.

Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Қытай Халық Республикасына транзиттеу мақсатында Ресей мұнайын тасымалдау құнын Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі бекітеді.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 485 бұйрығымен 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 2033 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезенде Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Қытай Халық Республикасына «Ресей Федерациясының шекарасы – Қазақстан Республикасының шекарасы (Прииртышск) – Атасу (Қазақстан Республикасы) – Алашанькоу (Қытай Халық Республикасы)» тасымалдау бағыты бойынша ҚҚС-сыз 1 тонна үшін 15,0 АҚШ доллары мөлшерінде Ресей мұнайын тасымалдау құны құрайды, оның ішінде:
  • «Ресей Федерациясының шекарасы – Қазақстан Республикасының шекарасы (Прииртышск) – Атасу (Қазақстан Республикасы) учаскесінде, мұнайды «Атасу» БМАС-қа ауыстырып тиеуді қоса алғанда – ҚҚС-сыз 1 тонна үшін 4,23 АҚШ доллары;
  • «Атасу (Қазақстан Республикасы) – Алашанькоу (Қытай Халық Республикасы)» учаскесінде – ҚҚС-сыз 1 тонна үшін 10,77 АҚШ доллары.
 

Мұнай тасымалдау жөніндегі қызметтерге тарифтерді бекіту туралы хабарландырулар

Серiктестер