«ҚАЗТРАНСОЙЛ» АҚ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ, ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ КОМИТЕТІ
Стратегиялық жоспарлау, қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау комитеті Директорлар кеңесіне Компанияны дамыту және басқару стратегиясы, қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау мәселелері және Директорлар кеңесі бекіткен стратегияны орындау тиімділігін бағалау мәселелері бойынша ұсынымдар дайындайды.
Стратегиялық жоспарлау, қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау комитетінің құрамына кіреді:
-
Миллер Тимоти Глен – Комитеттің төрағасы;
-
Фрейсине Адриан – Комитеттің мүшесі;
-
Құсаинов Қазбек Қайнарбекұлы – Комитеттің мүшесі.
«ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесінің стратегиялық жоспарлау, қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау комитеті туралы ереже (
Жүктеу |
Жаңа терезеде қарау)
pdf 268.77Кб 393
«ҚАЗТРАНСОЙЛ» АҚ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ІШКІ АУДИТ КОМИТЕТІ
Ішкі аудит комитеті Директорлар кеңесі ішкі және сыртқы аудит, тәуекелді басқару мен ішкі бақылау сұрақтары бойынша көмек көрсетеді. Сонымен қоса Ішкі аудит комитетінің міндеттеріне Компанияның аудиторларымен бірге Компанияның қаржылық есептілігін талдау мен талқылау, Компанияның сыртқы аудиторларының тәуелсіздігін бақылау, қаржылық есептілікті дайындау процесін, Компанияның ішкі бақылау жүйесінің тиімділігі мен тәуекелдерді басқару ішкі жүйелерінің тиімділігін бақылау және қаржылық есептілікті алдын ала мақұлдау жатады.
Ішкі аудит комитетінің құрамы:
-
Фрейсине Адриан – Комитеттің төрағасы;
-
Миллер Тимоти Глен – Комитеттің мүшесі;
-
Құсаинов Қазбек Қайнарбекұлы – Комитеттің мүшесі;
-
Қасымбек Ардақ Махмудұлы – Комитеттің мүшесі.
«ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесінің Тағайындаулар және сыйақылар жөніндегі комитеті
Тағайындаулар және сыйақылар жөніндегі комитетінің өкілеттігіне Директорлар кеңесіне Директорлар кеңесінің мүшелерін, Басқарма мүшелерін, корпоративтік хатшыны тағайындауға, бағалауға және сыйақы беруге көмектесу, кадрлық саясаттың тиімділігін қамтамасыз ету, Басқарма мүшелеріне сыйақы беру бойынша өз ұсынымдарын беру, тәуелсіз директорлар мен Басқарма мүшелері және Компанияның басқа жұмыскерлері үшін кәсіптік талаптар дайындау, Директорлар кеңесіне тәуелсіз директорларға, Басқарма мүшелеріне кандидаттар бойынша ұсынымдарын беру және Директорлар кеңесінің, Директорлар кеңесі комитеттерінің, Басқарманың қызметін бағалау кіреді.
Тағайындаулар және сыйақылар жөніндегі комитетінің құрамы:
-
Құсаинов Қазбек Қайнарбекұлы – Комитеттің төрағасы;
-
Фрейсине Адриан – Комитеттің мүшесі;
-
Миллер Тимоти Глен – Комитеттің мүшесі;
-
Қасымбек Ардақ Махмудұлы – Комитеттің мүшесі.
«ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесінің Тағайындаулар мен сыйақылар жөніндегі комитеті туралы ереже (
Жүктеу |
Жаңа терезеде қарау)
pdf 269.36Кб 179