KZTO 859,74 (+1,47%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 859,74 (+1,47%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

Әлеуметтік саясат

Әлеуметтік саясатты іске асыру Компанияның маңызды міндеттерінің бірі және де бүгінде мемлекеттік стандарттар мен талаптарға, сондай-ақ Компанияның ішкі құжаттарына толық сәйкес келеді.

Компания өз жұмыскерлерінің еңбегі үшін барынша қолайлы жағдай жасауға, әлеуметтік кепілдіктер, жеңілдіктер мен өтемақылар кешенімен қамтамасыз етуге елеулі көңіл бөледі. Осыған байланысты Компанияда 2023 жылғы 24 ақпанда үш жылдық кезеңге арналған кезекті Ұжымдық шартқа қол қойылды, оның мақсаттары: жұмыскерлерді әлеуметтік қолдау; әлеуметтік әріптестік шеңберінде тараптар мүдделерінің оңтайлы теңгеріміне қол жеткізу; Қоғам қызметінің тиімділігін арттыру; өндірістік-экономикалық қызмет нәтижелері үшін тараптардың жауапкершілігін күшейту.

Сонымен қатар, Компания өз зейнеткерлері мен ардагерлерін қолдау бойынша жұмыс жүргізеді. Ол: ай сайынғы ақшалай төлемді; мемлекеттік, ұлттық және кәсіби мерекелерге төлемдерді қамтитын шаралар жүйесін жүзеге асыруды көздейді. Комиссия шешімі бойынша ерекше күтпеген жағдайларда (емделуге; мүлікті ұрлау не мүлік жоғалған немесе өрт, табиғи зілзала не өзге де төтенше және күтпеген жағдайлар салдарынан бүлінген жағдайда) төлеу көзделген.

Компанияның еңбек ұжымдарының қоғамдық өмірінде дене шынықтыру-сауықтыру қызметі мен бұқаралық спорттық іс-шараларға қолдау көрсету, Қоғамның және ЕББҰ еңбек ұжымдары мен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялары топтары арасында өтетін спартакиадаларға қатысу маңызды рөл атқарады.

Жыл сайын Компанияда «Үздік маман» байқауы өткізіледі, оның мақсаты жұмысшы кәсіптердің жоғары білікті еңбегінің беделін арттыру, олардың жетістіктері мен озық тәжірибесін насихаттау, өндірістік персоналды озық тәжірибені тарату және бекіту бойынша белсенді қызметке тарту уәждемесі, кәсібі бойынша үздіктерді анықтау кезінде жұмысшылардың кәсіби білімін, іскерлігін, дағдысын және жоғары біліктілігін анықтау көзделеді. 

«ҚазТрансОйл» АҚ әлеуметтік жауапкершілік кодексі (Жүктеу | Жаңа терезеде қарау)
pdf    429.49Кб    82

Серiктестер