KZTO 607,30 (-0,77%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 607,30 (-0,77%)
Brent 78,59 (+0,26%)
WTI 73,82 (+0,85%)
453,4
491,71
5,9

Энергетикалық менеджмент жүйесі

«ҚазТрансОйл» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) ұлттық деңгейде энергияны тұтынуға өз ықпалының дәрежесін түсіне отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік энергетикалық тізілімінің алғашқы субъектілерінің бірі болып 2015 жылы ISO 50001 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес энергетикалық менеджмент жүйесін (бұдан әрі - ЭнМЖ)  Қоғамның интеграцияланған менеджмент жүйесіне (ИМЖ)  енгізді.
 
ЭнМЖ қойылатын талаптарды айқындайтын және бизнес-бағдарланған болып табылатын ISO 50001 стандартын енгізудің негізгі мақсаты Қоғамды энергетикалық ресурстарды тұтыну процесін оңтайландыру және осы процесті жүйелі басқару бойынша құрылымдалған және жан-жақты қамтылған нұсқаулықпен қамтамасыз ету болып табылады.
 
Қоғам ISO 50001 стандартының талаптарына сәйкес Энергетикалық саясатты әзірледі, энергетикалық ресурстарды тұтынуға терең энергетикалық талдау жүргізеді, оның негізінде жыл сайынғы энергетикалық мақсаттар мен міндеттерді және заңнамалық талаптар мен энергияны елеулі пайдалануға қатысты басқа да ақпаратты ескеретін іс-қимылдар жоспарларын белгілейді.
 
ЭнМЖ Қоғамға Энергетикалық саясатта бекітілген міндеттемелерге қол жеткізуге, энергия тиімділігі деңгейін жақсарту үшін қажетті іс-қимыл жасауға және сертификаттау жөніндегі орган өткізетін сертификаттық және инспекциялық аудиттерден өту кезінде ISO 50001 талаптарына ЭнМЖ сәйкестігін көрсетуге мүмкіндік берді.
 
Жалпы Қоғам бойынша 2010 жылдан бастап 2021 жылды қоса алған кезеңге мұнайдың жүк айналымына электр энергиясының үлестік шығынының 14,1%-ке төмендеуіне қол жеткізілді (70 895,4 мың кВт*сағ. үнемделді) және «ыстық» мұнай құбырлары бойынша мұнайдың жүк айналымына газдың үлестік шығынының 27,8%-ке төмендеуіне қол жеткізілді (44 218,5 мың м3 үнемделді).
 
2019 жылы Қоғам объектілерінде кезекті (екінші) энергетикалық аудит өткізілді, оның нәтижелері «ҚазТрансОйл» АҚ-тың 2020-2025 жылдарға арналған энергия үнемдеу және энергетикалық тиімділікті арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының негізіне алынды.

2021 жылы Қоғам ИМЖ ресертификациялық аудитінен сәтті өтті, ол Қоғамның энергия менеджменті жүйесінің ISO 50001:2018 талаптарына сәйкестігін растады және TUV NORD CERT GmbH сертификаттау органы Қоғамға ISO 50001:2018 стандартына сәйкестік сертификатын үш жылдық кезеңге берді.
 
Осылайша, Қоғам энергия менеджменті жүйесін енгізу арқылы отын-энергетикалық ресурстардың шығындарын тиімді басқаруды қамтамасыз етеді, оның энергия тиімділігін арттырады, сол арқылы еліміздің тұрақты дамуына ықпал етеді.
«ҚазТрансОйл» АҚ энергетикалық саясаты (Жүктеу | Жаңа терезеде қарау)
pdf    184.76Кб    13

«ҚазТрансОйл» АҚ энергетикалық менеджмент жүйесінің ISO 50001:2018 халықаралық стандарт талаптарына сәйкестік сертификаты (Жүктеу | Жаңа терезеде қарау)
pdf    93.83Кб    167
Серiктестер