Нормативтік техникалық құжаттар базасын жетілдіру «ҚазТрансОйл» АҚ басым міндеттерінің бірі болып табылады. Технологиялық процестерді оңтайландыру, автоматтандыру, жабдықтың жаңа түрлерін, энергияны (ресурсты -) үнемдейтін (оның ішінде ғылымды қажетсінетін) технологияларды енгізу саласындағы соңғы жетістіктер «ҚазТрансОйл» АҚ-тың жаңа стандарттарын әзірлеуді немесе қолданыстағы стандарттарын қайта өңдеуді талап етеді.
Қоғамда стандарттарды әзірлеу және өзгерту сырт мамандар мен ұйымдарды тарта отырып, сондай-ақ «ҚазТрансОйл» АҚ зерттеулер және әзірлемелер орталығы» филиалының өз күштерімен жүзеге асырылады.
Стандарттарды әзірлеу/өзектендіру қажеттілігін анықтайтын негізгі факторлар, соның ішінде, бірақ олармен шектелмейді:
Стандарттар өндірістік және технологиялық процестерге нормативтік талаптарды белгілеу мақсатында әзірленеді.
Қоғамның магистральдық құбыр саласындағы нормативтік техникалық құжаттарының базасын дамыту және жетілдіру үшін стандарттарды әзірлеу/өзектендіру жөніндегі «ҚазТрансОйл» АҚ жоспары жыл сайын әзірленеді және іске асырылады.
2017-2023 жылдар кезеңінде «ҚазТрансОйл» АҚ-та мердігер ұйымдарды тарта отырып, Қоғамның 16 стандарты және 2 ұлттық стандарт әзірленді, өз күшімен Қоғамның 30-дан астам стандарты әзірленді. 2023 жылы ҚР СТ 1347 «Мұнай. Жалпы техникалық шарттар» және ҚР СТ 1474-2016 «Магистральдық мұнай құбырлары. Мұнайды есепке алу жөніндегі нұсқаулық» (осы ұлттық стандарттар Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2024 жылғы 22 қаңтардағы № 17-НҚ бұйрығымен бекітілген және 2024 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді).
2024-2025 жылдар кезеңінде «ҚазТрансОйл» АҚ зерттеулер және әзірлемелер орталығы» филиалының өз күшімен ҚР СТ «Құбырішілік диагностика және магистральдық мұнай құбырларының тұтастығын кешенді басқару» ұлттық стандартын әзірлеу және Қазақстан Республикасының СТ PK 3362-2019 «Магистральдық мұнай құбырлары. Техникалық пайдалану» ұлттық стандартына өзгерістер енгізу жоспарлануда. Бұдан басқа, 2024 жылға арналған стандарттарды әзірлеу/өзектендіру жоспарына сәйкес 2 жаңа стандарт әзірлеу және «ҚазТрансОйл» АҚ ұйымының 18 стандартын өзектендіру көзделген.
Мұнай құбыр көлігі саласын техникалық реттеу жүйесіндегі мәселелерді жедел шешу және ұлттық стандарттау жүйесін жетілдіруге қатысу мақсатында «ҚазТрансОйл» АҚ 2023 жылдың қазан айында «Қазақстан стандарттау және метрология институты» РМК атынан «Мұнай құбыр көлігі» стандарттау жөніндегі жеке техникалық комитет құру туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық стандарттау органы алдында бастама көтерді.
«Мұнай құбыр көлігі» стандарттау жөніндегі техникалық комитетінің базалық ұйымы ретінде «ҚазТрансОйл» АҚ-ты айқындауды ұсынады.
«Мұнай құбыр көлігі» стандарттау жөніндегі техникалық комитеті Қазақстан Республикасының мұнай құбыры компаниялары мен құбыр зауыттарының өкілдерінен тұратын болады.
Қоғам өз құзыреті шегінде Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі - ЕАЭО) қабылдайтын құжаттарды қарауға, келісуге қатысады. Осылайша, 2019 - 2023 жылдар кезеңінде 50 (елу) мемлекетаралық стандарттардың жобаларына ескертулер мен ұсыныстар қаралып, ұсынылды.