KZTO 859,74 (+1,47%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 859,74 (+1,47%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

Тарифтер

Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес «ҚазТрансОйл» АҚ мынадай салаларда табиғи монополия субъектісі болып табылады:
  • олардың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиті және Қазақстан Республикасынан тыс экспорт мақсатында тасымалдауды қоспағанда, магистральдық құбырлар арқылы мұнай және (немесе) мұнай өнімдерін тасымалдау қызметтері;
  • электр энергиясын беру жөніндегі қызметтер;
  • жылу энергиясын өндіру, беру, және тарату жөніндегі қызметтер;
  • сумен жабдықтау және (немесе) су тарту жөніндегі қызметтер.

Қазақстан Республикасының ішкі нарығына мұнай тасымалдау қызметтеріне арналған тарифтерді табиғи монополиялар саласындағы уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитет - бекітеді.

Қазақстан Республикасының ішкі нарығына мұнай тасымалдау жөніндегі қызметтерге тарифтерді есептеу Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығымен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес және басқа мақсаттарға, реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтер қызметтерді ұсыну үшін қажетті шығындар құнынан төмен болмауға және табиғи монополия субъектісінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін пайданы алу мүмкіндігін ескеруге тиіс.

Мұнай тасымалдау жөніндегі қызметтерге тарифтер

Басқа қызметтерге тарифтер

Тарифтік әдіснама
Серiктестер