KZTO 894,00 (+0,22%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 894,00 (+0,22%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

Ғылыми-техникалық кеңес

«ҚазТрансОйл» АҚ бойынша 2023 жылғы 29 қарашадағы №128 бұйрыққа сәйкес тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші орган болып табылатын ғылыми-техникалық кеңес құрылды.
Оның қызметінің мақсаты «ҚазТрансОйл» АҚ ғылыми-техникалық дамуын ұйымдастыруға практикалық жәрдемдесу, өндірісті жаңғыртуға және оңтайландыруға, прогрессивті инновациялық технологияларды енгізуге, нормативтік техникалық құжаттар базасын жетілдіруге бағытталған ҒЗТКЖ-ның өзекті қолданбалы бағыттарын анықтау болып табылады.
 
«ҚазТрансОйл» АҚ ғылыми-техникалық кеңесі туралы ережеге» сәйкес («ҚазТрансОйл» АҚ Басқармасының шешімімен бекітілген, 2023 жылғы 31 қазандағы № 26 отырыс хаттамасы) Ғылыми-техникалық кеңестің негізгі міндеттері:

  • 1. жалпы Даму стратегиясы негізінде «ҚазТрансОйл» АҚ ғылыми-техникалық дамуының перспективалық бағыттарын айқындау;
  • 2. қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру және мұнай тасымалдау саласында техникалық әзірлемелерді жасау мақсатында ҒЗТКЖ жүргізу бойынша бағыттарды айқындау және шешімдер қабылдау;
  • 3. қолданыстағы өндірістік объектілерді жобалау, реконструкциялау, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру және жаңа өндірістік объектілерді салу кезінде инновациялық технологияларды қолдану;
  • 4. қызметкерлердің өнертапқыштық және рационализаторлық қызметін дамыту.

Ғылыми-техникалық кеңестің функцияларына мыналар кіреді:

  • 1. инновациялық технологияларды қолдануға қатысты мәселелер бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ құрылымдық бөлімшелерінің ұсыныстарын қарау;
  • 2. ҒЗТКЖ өткізу жөніндегі бағдарламаны қарау және келісу;
  • 3. өндірістік объектілерде инновациялық технологиялардың тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтарын жүргізу туралы шешім қабылдау;
  • 4. өндірістерді орналастырудың техникалық-экономикалық негіздемелерін, оларды іске асыру үшін жаңа технологиялық процестер мен техникалық құралдарды қолдану мәселелерін, жобалауға арналған тапсырмаларды, магистральдық мұнай құбырларының неғұрлым ірі немесе күрделі объектілерін салудың бас схемалары мен жобаларын қарау;
  • 5. Қоғам жұмыскерлерінің ұсыныстарын оларды рационализаторлық деп тану тұрғысынан қарау;
  • 6. жоғары ғылыми-техникалық жетістіктері, өнімділігін арттыруы, өзіндік құнын төмендетуі, экономикалық көрсеткіштерін жақсартуы үшін сыйлықақы алуға ұсынылатын жұмыстар бойынша ұсыныстарды қарау;
  • 7. инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын оларды іске асырудың техникалық орындылығы тұрғысынан қарау.
Серiктестер