«ҚазТрансОйл» АҚ өзінің күнделікті қызметінде ашық, адал және этикалық іскерлік мінез-құлық қағидаттарын басшылыққа алады, сондай-ақ кез келген түрдегі сыбайлас жемқорлық пен алаяқтықты анықтау және оларға қарсы іс-қимыл бойынша жүйелі жұмыс жүргізеді.
«ҚазТрансОйл» АҚ-та сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін реттейтін негізгі ішкі құжаттар мыналар:
-
«ҚазТрансОйл» АҚ іскерлік этика кодексі;
-
«ҚазТрансОйл» АҚ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты;
-
«ҚазТрансОйл» АҚ сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары;
-
«ҚазТрансОйл» АҚ-та сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу регламенті;
-
«ҚазТрансОйл» АҚ-та бұзушылықтардың туындауы тәуекелін басқару саясаты;
-
«ҚазТрансОйл» АҚ лауазымды тұлғалары мен жұмыскерлерінің мүдделер қақтығысын басқару қағидалары.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мақсатында «ҚазТрансОйл» АҚ-та пайдаланатын негізгі құралдар мен механизмдер мыналар:
-
сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін айқындау, бағалау және басқару;
-
кері байланыс және сыбайлас жемқорлық фактілерін хабарлау арналарының жұмысы.
«ҚазТрансОйл» АҚ заңнаманы және/немесе «ҚазТрансОйл» АҚ Іскерлік этика кодексін бұзу, оның ішінде алаяқтық, сыбайлас жемқорлық, кемсітушілік, әдепсіз мінез-құлық және басқа да бұзушылықтар фактілері немесе болжамды жағдайлары туралы уақтылы хабардар етуді құптайды.
Болжамды бұзушылықтар туралы өтінішті жедел желіге хабарлауға болады (https://sk-hotline.kz/#/).
Көрсетілген жедел желінің операторы тәуелсіз тұлға – «КПМГ Такс энд Эдвайзери» (KPMG) ЖШС болып табылады.
Жедел желіге өтінішті барлық тұлғалар орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде мынадай байланыс арналары арқылы бере алады:
Жедел желі тәулік бойы демалыссыз «24/7» режимінде жұмыс істейді. Бұл ретте оператор телефон қоңырауларын дүйсенбіден жұмаға дейін 09.00-ден 18.00-ге дейін қабылдайды. Қалған уақытта (мереке / демалыс күндерін қоса алғанда) телефон қоңыраулары өтініштерді жазу мүмкіндігі бар автожауапқатқышқа түседі. Жұмыстан тыс уақытта алынған өтініштерді өңдеу өтінішті алғаннан кейінгі бірінші жұмыс күні жүзеге асырылады.
«ҚазТрансОйл» АҚ-тың мүліктік және мүліктік емес құқықтары мен мүдделерінің бұзылу фактілері туралы ақпаратты
+7 (776) 044 52 13 нөміріне хабарлауға болады.
2021 жылы мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңіне қатысты.
2021 жылғы қыркүйекте Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің өкілдерімен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамадағы жаңашылдық және парасаттылық идеологиясын қалыптастыру» тақырыбында кездесу өткізілді.
«ҚазТрансОйл» АҚ лауазымды түлғалары мен жүмыскерлерінің мүдделер қақтығысын басқару қағидалары (
Жүктеу |
Жаңа терезеде қарау)
pdf 565.41Кб 88
«ҚазТрансОйл» АҚ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті және сыбайлас жемқорлық қатерлеріне ішкі талдауды жүргізу регламенті (
Жүктеу |
Жаңа терезеде қарау)
pdf 507.11Кб 140
2019-2020 жылдарға «ҚазТрансОйл» АҚ-та сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша аналитикалық анықтама (
Жүктеу |
Жаңа терезеде қарау)
pdf 398.04Кб 446
2021-2022 жылдар кезеңінде «ҚазТрансОйл» АҚ-та сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама (
Жүктеу |
Жаңа терезеде қарау)
pdf 632Кб 86