KZTO 859,74 (+1,47%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 859,74 (+1,47%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

Интеграцияланған менеджмент жүйесі

ИНТЕГРАЦИЯЛАНҒАН МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІНІҢ ISO 9001, ISO 14001, ISO 45001 ЖӘНЕ ISO 50001 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАРЫНЫҢ ТАЛАПТАРЫНА СӘЙКЕСТІГІ

    «ҚазТрансОйл» АҚ-та интеграцияланған менеджмент жүйесі (ИМЖ) енгізілген, ол біртұтас құрылымға тұтас жұмыс істейтін төрт менеджмент жүйесін біріктірген:

  • ISO 9001:2015 бойынша сапа менеджменті жүйесі;
  • ISO 14001: 2015 бойынша экологиялық менеджмент жүйесі;
  • ISO 50001: 2018 бойынша энергетикалық менеджмент жүйесі;
  • ISO 45001: 2018 бойынша денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету менеджмент жүйесі.

ИМЖ «ҚазТрансОйл» АҚ-тың жалпы басқару жүйесінің бөлігі болып табылады және оның тұрақты дамуына үлес қосады. ИМЖ «ҚазТрансОйл» АҚ ішіндегі барлық процестердің келісілген өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді және менеджмент жүйелеріне жоғарыда аталған стандарттардың талаптарын оңтайлы орындауға мүмкіндік береді.

Менеджменттің төрт жүйесін біріктіру нәтижесінде «ҚазТрансОйл» АҚ келесі артықшылықтарға ие болды:

  • қызметтерді тұтынушылар мен басқа стейкхолдерлер үшін үлкен тартымдылық;
  • бірыңғай стандартталған басқару құрылымын құру;
  • жоспарлау, талдау, құжаттаманы басқару, ішкі аудиттер және т.б. процестерді біріктіру;
  • жүйелерді әзірлеудің, оларды енгізудің және жұмыс істеудің технологиялық деңгейін арттыру;
  • жүйелерді әзірлеуге, жұмыс істеуге және сертификаттауға жұмсалатын шығындар деңгейін азайту;
  • өзгермелі жағдайларға бейімделу дәрежесін арттыру.

«ҚазТрансОйл» АҚ-тың ИМЖ сертификаттау жүйесі оның одан әрі даму перспективаларын едәуір арттырады және компанияның сыртқы және ішкі нарықтардағы әлеуетін едәуір нығайтуға мүмкіндік береді. Мәселен, 2004 жылдан бастап «ҚазТрансОйл» АҚ сәйкестікті растау жөніндегі халықаралық органда сертификаттау/инспекциялық (қадағалау) аудиттерден сәтті өту арқылы ИМЖ нәтижелілігін жыл сайын растайды.

2021 жылы TÜV Nord Cert GmbH сәйкестігін растау жөніндегі халықаралық органның сертификаттық аудит нәтижелері бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ үш жылдық мерзімге ISO 9001:2015, ISO 14001:2015, ISO 45001:2018 және ISO 50001:2018 талаптарына сәйкестік сертификаттары берілді.

2023 жылы TÜV Nord Cert GmbH сәйкестігін растау жөніндегі халықаралық орган екінші жылғы инспекциялық (қадағалау) аудиттің нәтижелері бойынша 2021 жылы берілген сертификаттардың қолданысы расталды және ұзартылды.

Серiктестер