KZTO 859,74 (+1,47%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 859,74 (+1,47%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

Энергия тұтыну және энергия үнемдеу

Пайдаланылатын энергия ресурстарын оңтайландыру «ҚазТрансОйл» АҚ қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып табылады, оның шеңберінде Компания өндірістік процестердің энергия тиімділігін арттыруға ерекше назар аударады.

Осы бағыт бойынша міндеттерді іске асырудың стратегиялық маңыздылығы «ҚазТрансОйл» АҚ-тың 2020 жылы өзектендірілген Энергетикалық саясатында бекітілген.
 
Жыл сайын «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры (Басқарма төрағасы) ЖҚБ және жалпы Компания үшін энергия тиімділігінің төмендегілер сияқты нысаналы көрсеткіштерін бекітеді:
  • энергияның барлық түрлерінің (мұнайдың жүк айналымына) үлестік шығынын төмендету;
  • электр энергиясының (мұнайдың жүк айналымына) үлестік шығынын төмендету;
  • «ыстық» мұнай құбырлары бойынша мұнайдың жүк айналымына газдың үлестік шығынын төмендету;
  • энергия ресурстарын жалпы тұтынуды төмендету.
  • Энергетикалық мақсаттарға қол жеткізу үшін Компанияда ISO 50001 стандартының талаптарына сәйкес сертификатталған энергетикалық менеджмент жүйесі жұмыс істейді.
Энергетикалық мақсаттарға қол жеткізу үшін Компанияда ISO 50001 стандартының талаптарына сәйкес сертификатталған энергетикалық менеджмент жүйесі жұмыс істейді.

«ҚазТрансОйл» АҚ-тың энергия тұтыну құрылымына энергия ресурстарының алуан түрлері кіреді, олардың ішіндегі ең маңыздылары мұнай тасымалдау үшін пайдаланылатын энергияны тұтынудың жалпы көлемінің 91,5%-ін құрайтын табиғи газ және электр энергиясы болып табылады.

«ҚазТрансОйл» АҚ Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі 2020 - 2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында қабылданған іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету.

Компания өз қызметінде жаңартылатын энергия көздерін пайдаланады, олар магистральдық мұнай құбырларының байланыс тораптарында орнатылған, 2022 жылы электр энергиясын өндірудің жалпы көлемі 85 мың кВт/сағ.

«ҚазТрансОйл» АҚ-тың өндірістік процестері энергияны көп қажет етеді, осыған байланысты Компания үшін өзекті міндет энергия ресурстарын тұтынуды қысқарту жөніндегі шешімдерді іздеу және іске асыру болып табылады. 

«ҚазТрансОйл» АҚ-тың энергетикалық саясат (Жүктеу | Жаңа терезеде қарау)
pdf    184.76Кб    121


 
Серiктестер