KZTO 820,00 (+0,61%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 820,00 (+0,61%)

Өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау

Қауіпті өндірістік объектілерде өндірістік бақылауды жүзеге асыру мақсатында «ҚазТрансОйл» АҚ-тың қауіпті өндірістік объектілерінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуын өндірістік бақылау туралы ереже әзірленді және қолданысқа енгізілді. Осыған және басқа да ішкі стандарттарға сәйкес Қоғамда еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау саласындағы көп деңгейлі бақылау ұйымдастырылды. Өндірістік бақылауды жүзеге асыру желілік шебер мен жұмыстардың басшысынан бастап Қоғам басшылығына дейін барлық деңгейде ұйымдастырылды.

Комиссия жұмыстарының нәтижелері бойынша апаттар мен оқиғалар қатерлерінің ықтималдылығын азайту жөніндегі іс-шаралар жасалады, олар кейіннен өндірістік бағдарламаға енгізіледі, олардың орындалуын, оның ішінде орталық аппараттың уәкілетті қызметкерлері бақылайды.

«ҚазТрансОйл» АҚ-тың еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі саласындағы сөзсіз басымдықтары – өндірістік объектілер жұмысының апатсыз режимін қамтамасыз ету, жазатайым оқиғаларды болдырмау және кәсіби науқастану деңгейін төмендету.

Өз қызметінде Қоғам Қазақстан Республикасы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңнама, халықаралық және ұлттық стандарттар, «ҚазТрансОйл» АҚ еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясат ережелері және Қоғамның басқа да ішкі құжаттарының талаптарын қатаң ұстанады.

Қойылған мақсаттарға жету үшін Қоғамның барлық өндірістік бөлімшесінде кәсіби денсаулық және қауіпсіздік менеджменті жүйесі ұйымдастырылып, енгізілген. 2021 жылы TUV NORD CTRT GmbH халықаралық сертификаттау органы ИМЖ-ға өткізген аудиті нәтижелері бойынша ИМЖ-ның ISO 45001: 2018 халықаралық стандарт талаптарына сәйкестік сертификаты расталды.
 
«ҚазТрансОйл» АҚ-тың денсаулықты сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы саясаты (Жүктеу | Жаңа терезеде қарау)
pdf    778.14Кб    314

«ҚазТрансОйл» АҚ-тың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы «Өмірлік маңызды қағидалар» кодексі (Жүктеу | Жаңа терезеде қарау)
pdf    430.93Кб    19

 
Серiктестер