«ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық оператор және Қазақстан Республикасының аса ірі құбыр компаниясы бола отырып, өз қызметінің жұмыскерлерге және қоршаған ортаға болуы мүмкін теріс әсерінің ықтимал қауіптілігін түсіне отырып, жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығы, сондай-ақ қоршаған ортаға әсерді барынша азайту өндірістік қызметке қатысты ең жоғары құндылық болып табылатынын айқындады.
«ҚазТрансОйл» АҚ өз жұмыскерлерін қорғауды ұйымдастыруға қомақты қаражат сала отырып, өндірістің жоғары еңбек мәдениетін қамтамасыз ете отырып және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін дамыта отырып, еліміздің әртүрлі өңірлерінде алты мыңнан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етеді, оның индикаторы ISO 45001:2018 халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкес келетін сапа, экология, денсаулық және қауіпсіздік саласындағы табысты жұмыс істейтін жүйелер болып табылады.
«ҚазТрансОйл» АҚ-тың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы қызметі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қағидалар мен нұсқаулықтарды регламенттейтін басқа да нормативтік құжаттарға қатаң сәйкестікте жүргізіледі.
«ҚазТрансОйл» АҚ-тың өнімді дамуының айқындаушы факторлары-ның бірі жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығын қорғауға және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге қатысты компанияның өзіне қабылдаған жоғары міндеттемелері болып табылады. Осыған байланысты жыл сайын еңбек жағдайларын жақсартуға және сауықтыруға, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың алдын алуға бағытталған іс-шаралардың үлкен көлемі жоспарланып, іске асырылуда. Қауіпті өндірістік факторлардың теріс әсерін азайтуға бағытталған жан-жақты жұмыс жүргізілуде.
Қызметті жоспарлау кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы тәуекелдерді басқару процесіне ерекше назар аударылады. Осылайша, Қоғамның барлық құрылымдық бөлімшелерінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы қауіптерді өзектендіру және тәуекелдерді бағалау жүйелі түрде жүргізіледі, оның нәтижелері бойынша жоғары тәуекелдер анықталады және оларды төмендету жөніндегі іс-шаралар әзірленеді. Осы іс-шараларды қаржыландыру «ҚазТрансОйл» АҚ бизнес-жоспарын қалыптастыру кезінде басым мәнге ие.
Қауіптілігі жоғары жұмыстармен, машиналармен және механизмдермен айналысатын жұмыскерлер міндетті ауысым алдындағы медициналық куәландырудан өтеді. Ауысым алдындағы медициналық куәландыруды жүргізу қоғамның барлық өндірістік объектілерінде, оның ішінде елді мекендерден алыс орналасқан, сондай-ақ еңбек процесі вахталық әдіспен жүзеге асырылатын объектілерде қамтамасыз етіледі. Осы мақсатта, сондай-ақ Қоғамның өндірістік объектілерінде жұмыс істейтіндерге сапалы медициналық көмек көрсету мақсатында денсаулық сақтау саласындағы нормалардың талаптарына сәйкес жасақталған медициналық пункттер құрылды.
«ҚазТрансОйл» АҚ жұмыскерлерді еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттарын жасасу арқылы жұмыскерлердің мүліктік мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді.
«ҚазТрансОйл» АҚ-тың Қоғамдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында жұмыскерлерге кеңес беруге және «ҚазТрансОйл» АҚ-тың стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған сыртқы және ішкі коммуникациялардың ашық жүйесінің жұмыс істеуі қолдау көрсетіледі.
«ҚазТрансОйл» АҚ 2020 жылы OHSAS 18001: 2007 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес келетін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау менеджменті жүйесінен 45001:2018 «Денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі басқармасының жүйесі. Қолдану бойынша талаптар мен ұсынымдар» халықаралық стандартының талаптарына сәйкес келетін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау менеджменті жүйесіне көшті, бұл тиісті сертификатты алумен расталды.
Сыртқы аудиторлық компаниясы жүргізген инспекциялық аудиттің қорытындысы бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету менеджменті жүйесі ISO 45001:2018 «Денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету менеджменті жүйесі. Талаптар және оларды қолдану жөніндегі нұсқаулық» жаңа халықаралық стандартының талаптарына жауап беретін ретінде оң бағаланды және сертификатталды.
Осы стандарттың талаптарын «ҚазТрансОйл» АҚ-қа енгізу қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, жазатайым оқиғалардың алдын алу, кәсіптік сырқаттанушылықтың алдын алу, қызметкерлердің денсаулығын нығайту жөніндегі шаралардың тиімділігін арттыруға ықпал ететін болады, сондай-ақ әрбір жұмыскердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жүйелерін құруға көшбасшылық пен қатысуға назар аударуда.
«ҚазТрансОйл» АҚ Қазақстан Республикасының энергетика саласының негізгі элементі бола отырып, қоршаған ортаны қорғауды, мұнайды магистральдық мұнай құбырлары арқылы тасымалдау процестерінің экологиялық қауіпсіздігінің жоғары деңгейін қамтамасыз етуді өзінің жоғары және өзгермейтін басымдығымен айқындайды.
«ҚазТрансОйл» АҚ өндірістік қызметтен қоршаған ортаға ықтимал теріс әсер етудің ықтимал қауіптілігін толық көлемде түсінеді және экологиялық қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғаудың неғұрлым жоғары деңгейін қамтамасыз етуге дайын.
«ҚазТрансОйл» АҚ өндірістік қызметті Қазақстан Республикасының табиғат қорғау заңнамасына сәйкес, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісілген нормативтік-рұқсат беру құжаттамасына сәйкес жүзеге асырады.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы басым міндеттер қолайлы қоршаған табиғи ортаны сақтау болып табылады. Жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес болу мақсатында «ҚазТрансОйл» АҚ-та ISO 14001:2015 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес келетін басқару жүйелері енгізілді. Қолданыстағы басқару жүйесі түзету және алдын алу іс-шараларының жоспарын уақтылы әзірлеу және өндірістік процестерді басқару, қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы корпоративтік регламенттерді өзектендіру есебінен үнемі жетілдіріліп отырады.
Алдын алу шаралары жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі қоршаған ортаны бақылаудың жеткілікті кең жүйесі болып табылатын өндірістік экологиялық мониторинг болып табылады.
«ҚазТрансОйл» АҚ-та өндірістік объектілер аумағындағы атмосфералық ауаның, топырақтың, жер үсті, жер асты және сарқынды сулардың жай-күйіне тұрақты негізде мониторинг жүргізіледі.
«ҚазТрансОйл» АҚ-та табиғатты қорғау қызметі қоршаған ортаға эмиссияларға (атмосфераға ластаушы заттардың шығарындылары, ағынды сулардың ластаушы заттардың шығарындылары, өндіріс қалдықтарын орналастыру) экологиялық рұқсатта белгіленген лимиттер мен шарттарға сәйкес жүргізіледі.
«Объектілердегі бұзылған жерлерді қалпына келтіру (магистральдық мұнай құбырлары)» жобасына сәйкес «Өзен – Атырау – Самара» магистральдық мұнай құбыры бойындағы тарихи ластанған жерлерді қалпына келтіру жұмыстары жалғастырылды.
2020 жылы 4 га бұзылған жер қалпына келтірілді. Бұл іс-шаралар бұрын бұзылған аумақтарды, соның ішінде ауыл шаруашылығы үшін пайдалануға қайтаруға мүмкіндік береді.
«ҚазТрансОйл» АҚ табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздік саласында кадрларды даярлау, экологиялық мәдениетті, персоналдың білім беру және кәсіби деңгейін арттыру мәселелеріне көп көңіл бөледі.
«ҚазТрансОйл» АҚ-тың өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы жұмысы Қазақстан Республикасы заңнамасының және қауіпті өндірістік объектілерде (бұдан әрі - ҚӨО) өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды регламенттейтін нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес жүргізіледі.