KZTO 820,00 (+0,61%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 820,00 (+0,61%)

Басқа қызметтерге тарифтер

Электр энергиясын беру бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтер Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының 2018 жылғы 20 тамыздағы №199-НҚ, 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №65-НҚ, 2020 жылғы 30 қарашадағы №74-НҚ бұйрықтарымен бекітілген.

1-кесте. Электр энергиясын беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтің тарифтері
 
№ р/б Объектілер Өлшем бірлігі Тариф
(ҚҚС-сыз)
1 Ақтөбе мұнай құбыры басқармасы теңге/кВтс 0,77
2 Атырау мұнай құбыры басқармасы теңге/кВтс 0,31
3 Жезқазған мұнай құбыры басқармасы теңге/кВтс 0,71
4 Қарағанды мұнай құбыры басқармасы теңге/кВтс 0,6
5 Құлсары мұнай құбыры басқармасы теңге/кВтс 0,57
6 Маңғыстау мұнай құбыры басқармасы теңге/кВтс 0,42
7 Павлодар мұнай құбыры басқармасы теңге/кВтс 0,38
8 «Петерфельд» ЖӨДС теңге/кВтс 0,84
9 «Орал» ЖӨДС теңге/кВтс 0,36
10 Шымкент мұнай құбыры басқармасы теңге/кВтс 1,02
Жылу энергиясын өндіру, беру және тарату бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтер Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2020 жылғы 30 қарашадағы №73-НҚ бұйрығымен бекітілген.

Жылу энергиясын өндіру, беру мен таратуға арналған реттеліп көрсетілетін қызметтердің тарифтері Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының 2022 жылғы 17 мамырдағы №75-НҚ бұйрығымен бекітіліп, 2022 жылғы 25 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді:
 
2-кесте. Жылу энергиясын өндіру, беру және тарату бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтердің тарифтері. Жылу энергиясын беру мен бөлудің реттеліп көрсетілетін қызметіне тарифтер
 
Тұтынушылар тобы Тарифтер, теңге/Гкал (ҚҚС-сыз)
Жылу энергиясын өндіру, беру және тарату жөніндегі қызметтер Жылу энергиясын беру және тарату жөніндегі қызметтер
Тұрғындар, бюджеттік және коммерциялық емес ұйымдар, сондай-ақ халыққа коммуналдық қызмет көрсететін кәсіпорындар 1 668,08 270,29
Өнеркәсіптік кәсіпорындар мен коммерциялық ұйымдар 11 655,02
Орташа берілетін тариф - 5 399,27 теңге/Гкал (ҚҚС-сыз).

Сарқынды суларды бұру бойынша реттеліп көрсетілетін қызметке тариф Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2012 жылғы 12 қарашадағы №284-НҚ бұйрығымен бекітілген.

3-кесте. Сарқынды суларды бұру бойынша реттеліп көрсетілетін қызметке тариф 
 
Қызмет Тариф, теңге/м3 (ҚҚС-сыз)
Сарқынды суларды бұру 49,56

«ҚазТрансОйл» АҚ-тың өзге де қызметі

«ҚазТрансОйл» АҚ заңнамада рұқсат етілген және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетімен келісілген өзге де қызметті заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
 
«ҚазТрансОйл» АҚ келесі ұйымдарға тиесілі мұнай құбырларын пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету қызметтерін ұсынады:
 
  • Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б. В. – «Ақсай – Үлкен Шаған – Атырау» мұнай құбыры;
  • «МұнайТас» Солтүстік-Батыс құбыр компаниясы» АҚ – «Кеңқияқ - Атырау» мұнай құбыры;
  • «Торғай – Петролеум» АҚ – ПШО-дан «Құмкөл - Қарақойын» магистральдық мұнай құбырына қосылатын жерге дейінгі мұнай құбыры;
  • «Қазақстан-Қытай құбыр желісі» ЖШС - 1) «Атасу – Алашанькоу» мұнай құбыры; 2) «Кеңқияқ – Құмкөл» мұнай құбыры.
Сонымен қатар «ҚазТрансОйл» АҚ мына қызметтерді де көрсетеді:
  • магистральдық құбыр жүйесінде мұнайды алмастыру бойынша;
  • «Өзен-Атырау-Самара» магистральдық мұнай құбырының ресейлік учаскесін ілеспе тазарту бойынша;
  • магистральдық мұнай құбырлары арқылы тасымалданатын мұнайдың реологиялық параметрлеріне зерттеулер жүргізу бойынша;
  • «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық құбырлары объектілерінің географиялық орналасу шекараларында қызметтік үй-жайларды тамақтандыруды, тұруды және мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруді ұсыну бойынша.
 

Басқа қызметтерге тарифтерді бекіту туралы хабарландырулар

Серiктестер