Тұрақты дамуды басқарудың теңдестірілген тәсілі «ҚазТрансОйл» АҚ-тың (Компания) ұзақ мерзімді дамуының және бәсекеге қабілеттілігінің кепілі болып табылады. Компания ұлттық оператор, сондай-ақ ірі жұмыс беруші және салық төлеуші бола отырып, ел экономикасының дамуына, өңірлерде өмір сүру деңгейін жақсартуға, өз жұмыскерлеріне қолайлы және қауіпсіз еңбек жағдайларын, сондай-ақ кәсіби өсуі үшін мүмкіндіктер жасауға үлес қосады.
Компания тұрақты даму саласындағы нәтижелер туралы ақпаратты
Жылдық есептің.
Тұрақты даму және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік қағидаттары корпоративтік мәдениеттің ажырамас бөлігі болып табылады және Компанияның күнделікті операциялық қызметімен интеграцияланған. Компанияның тұрақты даму саласындағы басымдықтары:
-
бизнес қызметінің тиімділігі мен үздіксіздігін қамтамасыз ету;
-
қоршаған ортаға теріс әсерді азайту;
-
табиғи ресурстарды ұтымды және тиімді пайдалану;
-
жұмыскерлерді кәсіби дамыту және әлеуметтік қолдау;
-
өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады.
2019 жылғы 4-тоқсанда ішкі аудит қызметі жүргізген «ҚазТрансОйл» АҚ Корпоративтік басқару диагностикасының нәтижелері бойынша Директорлар кеңесінің 2020 жылғы 16 наурыздағы шешімімен Корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.
«ҚазТрансОйл» АҚ Ішкі аудит қызметі келесі бағыттар бойынша ұсыныстар берді:
-
Директорлар кеңесінің және атқарушы органның тиімділігі;
-
тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау;
-
тұрақты даму;
-
ашықтық.
Тұрақты даму жүйесін жетілдіру «ҚазТрансОйл» АҚ-тың 2028 жылға дейінгі даму стратегиясының және ұзақ мерзімді тұрақты дамудың негізгі бағыттары мен мақсаттарының бірі болып табылады.
Компанияның тұрақты даму саласындағы стратегиялық бастамалары:
-
тиімді корпоративтік басқару;
-
өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
-
денсаулықты, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау;
-
энергия сақтау және энергия тиімділігі деңгейін арттыру;
-
адам капиталын дамыту және адам құқықтарын қорғау;
-
адалдық және Іскерлік этика кодексінің қағидаттарын сақтау;
-
ашықтық және ашық коммуникациялар қағидаттары;
-
жеткізу тізбегін тиімді басқару.
Тұрақты даму мәселелерін басқару «ҚазТрансОйл» АҚ корпоративтік басқару жүйесіне интеграцияланған және Компанияның барлық ұйымдастырушылық деңгейлерінде жүзеге асырылады.
Компанияның тұрақты даму саласындағы үздік халықаралық практикаларға бейілділігі қызметтің экономикалық, экологиялық және әлеуметтік аспектілерін басқару тәсілінің негізі болып табылады. Атап айтқанда, Компания келесі құжаттарда бекітілген қағидаттар мен ережелерді ұстанады:
-
«Әлеуметтік жауапкершілік жөніндегі нұсқаулық» ISO 26000 стандарты;
-
қатысу, маңыздылық, әрекет ету қағидаттарын қоса алғанда Account Ability Principles Standard AA1000 стандарты және Stakeholders Engagement Standard AA1000 стандарты;
-
Тұрақты даму саласындағы есептілік GRI стандарттары;
-
БҰҰ Жаһандық шартының адам құқықтары, еңбек қатынастары, қоршаған ортаны қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қағидаттары;
-
Компанияның интернет-ресурсында орналастырылған тұрақты даму саласындағы қызметтің жекелеген бағыттары бойынша корпоративішілік құжаттар.
БҰҰ бастамаларын қолдау
2015 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы маңызды экономикалық, әлеуметтік және экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған тұрақты даму саласындағы 17 мақсатты (ТДМ) қабылдады, олар 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған тұрақты даму саласындағы әлемдік қоғамдастықтың күн тәртібін айқындады.
«ҚазТрансОйл» АҚ БҰҰ бастамасын қолдайды және бизнесті жауапты жүргізу, корпоративтік басқарудың озық тәжірибелерін қолдану, қоршаған ортаға әсерді барынша азайту және персоналды тиімді басқару арқылы жекелеген ТДМ-ға қол жеткізуге өз үлесін қосуға ұмтылады.
«ҚазТрансОйл» АҚ 9 орнықты даму мақсаттарын компанияның ең маңызды үлес қоса алатын және өзекті болып анықталды:
-
Жақсы денсаулық пен әл-ауқат;
-
Сапалы білім беру;
-
Таза су және өндірістік тазалық;
-
Қымбат емес және таза энергия;
-
Лайықты еңбек және экономикалық өсім;
-
Индустриаландыру, инновациялар және инфрақұрылым;
-
Климаттың өзгеруімен күрес;
-
Бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттар;
-
Орнықты даму мүдделігіндегі ынтымақтастық.
Мүдделі тараптармен өзара әрекеттесу
«ҚазТрансОйл» АҚ Жарғысына және Корпоративтік басқару кодексіне сәйкес «ҚазТрансОйл» АҚ Басқармасының шешімімен (2020 жылғы 22 маусымдағы № 15 отырыс хаттамасы) «ҚазТрансОйл» АҚ стейкхолдерлерінің картасын қалыптастыру регламенті (бұдан әрі – Регламент) бекітілді.
Регламентте «ҚазТрансОйл» АҚ және оның еншілес ұйымдарының стейкхолдерлерінің тізбесін, оларды топтастыруды айқындау, «ҚазТрансОйл» АҚ стейкхолдерлерінің картасын қалыптастыру, стейкхолдерлердің талаптары мен күтулерін айқындау, сондай-ақ стейкхолдерлердің «ҚазТрансОйл» АҚ пен оның еншілес ұйымдарына әсер ету дәрежесін және стейкхолдерлердің «ҚазТрансОйл» АҚ пен оның еншілес ұйымдарының қызметіне мүдделілік дәрежесін бағалау тәртібі белгіленеді.
Стейкхолдерлер картасын қалыптастырған кезде «ҚазТрансОйл» АҚ нақты өзара әрекеттесу өлшемдерінің негізінде стейкхолдерлердің «ҚазТрансОйл» АҚ-қа әсерін бағалайды және олардың «ҚазТрансОйл» АҚ-қа мүдделігі деңгейін бағалайды.
2020 жылы Стейкхолдерлер картасы өзектендірілді.
«ҚазТрансОйл» АҚ-та құрылған мүдделі тараптармен өзара әрекеттесу процесі мүдделі тараптардың әртүрлі топтарының мүдделерін уақтылы айқындауға және бағалауға мүмкіндік береді.
Мүдделі тараптармен өзара әрекеттесу процесі

ҚазТрансОйл АҚ мүдделі тараптармен өзара әрекеттесу процесі
Қауымдастықтарға мүшелік
«ҚазТрансОйл» АҚ кәсіби тәжірибе алмасуға және салалық деңгейдегі міндеттерді шешуге ықпал ететін түрлі кәсіби және салалық бастамаларға белсенді қатысады.
KAZENERGY
«ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық оператор ретінде ұсынылған. «ҚазТрансОйл» АҚ өкілдері осы қауымдастық жанындағы Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласын дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің мүшелері болып табылады.
Қазақстан салық төлеушілер қауымдастығы
Қазақстан салық төлеушілер қауымдастығының негізгі міндеті салық төлеушілердің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға жәрдемдесу, салық заңнамасындағы өзгерістер туралы уақтылы хабардар ету болып табылады.
«ҚазТрансОйл» АҚ өкілдері осы қауымдастықтың жұмыс топтарына қатысады және «ҚазТрансОйл» АҚ-тың салық заңнамасына жоғарыда көрсетілген өзгерістер мен толықтыруларды әзірлеуге қатысуын қамтамасыз етеді.
Халықаралық мұнай тасымалдаушылар қауымдастығы
«ҚазТрансОйл» АҚ 2015 жылғы 4 қыркүйектен бастап Халықаралық мұнай тасымалдаушылар қауымдастығының мүшесі болып табылады.
Халықаралық мұнай тасымалдаушылар қауымдастығы (ХМТҚ) қатысушы компаниялардың мұнай тасымалдау жүйелерін тиімді дамыту жөніндегі күш-жігерді үйлестіру және халықаралық мұнай тасымалдау тұрақтылығын нығайту үшін құрылған.
Бүгінгі таңда 9 ұйым ХМТҚ мүшелері болып табылады: «МЕРО ЧР» АҚ (Чехия), «Транснефть» ЖАҚ (Ресей), «ҚазТрансОйл» АҚ (Қазақстан), «Транспетрол» АҚ (Словакия), «Гомельтранснефть Дружба» ААҚ (Беларусь), «МОЛ» АҚ (Венгрия), Қытай Ұлттық Мұнай-Газ Корпорациясы (CNPC, Қытай), «Укртранснафта» АҚ (Украина) және «Янаф» АҚ (Хорватия).
Байқаушы ретінде бір компания - Каспий құбыр консорциумы (КҚК) әрекет етеді.
Қауымдастық мүшелерінің өкілдерінен 4 сараптамалық жұмыс тобы құрылды: энергия тиімділігі, заң мәселелері, мұнай жеткізу және магистральдық құбыр жүйелерін тиімді, сенімді және қауіпсіз пайдалану бойынша.
Тұрақты сараптамалық топтардың жұмысынан басқа, Басқарма Кеңесінің жартыжылдық отырыстары, конференциялар, көрмелер мен семинарлар, сондай-ақ техникалық сапарлар мен тәжірибе алмасу қауымдастық жұмысының негізгі тетіктері болып табылады.
«Атамекен» Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Атамекен» ҰКП ұлттық және шетелдік инвесторлар үшін іскерлік, инвестициялық ахуалды, тұрақтылықты жақсарту, елде бизнес жүргізу шарттарын дамыту үшін құрылған.
Осы ұйымға қатысу бизнестің құқықтары мен мүдделерін қорғауды, бизнес жұмысының заңнамалық және өзге де нормативтік қағидаларын қалыптастыру процесіне барлық кәсіпкерлерді кеңінен қамтуды және тартуды қамтамасыз етеді.