KZTO 852,00 (-0,90%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 852,00 (-0,90%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

Сыртқы аудитор

ҚАРЖЫ ЕСЕПТІЛІГІНІҢ АУДИТІ БОЙЫНША ҚЫЗМЕТТЕР

«ҚазТрансОйл» АҚ қаржы есептілігінің сенімділігін растау үшін тәуелсіз аудиторлық ұйымды тартады.

Қазіргі аудитор – «Эрнст энд Янг» ЖШС, 050060, Алматы қ., Әл-Фараби даңғ., 77/7, «Есентай Тауэр» ғимараты, тел: 8 (7272) 585960

«ҚазТрансОйл» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының шешімі негізінде «ҚазТрансОйл» АҚ 2022 жылғы 25 қаңтарда «Эрнст энд Янг» ЖШС-мен 2022-2024 жылдарға арналған қаржылық есептілік аудиті бойынша қызметтерді көрсету туралы шарт жасады.

2002 жылдан 2021 жылға дейін «ҚазТрансОйл» АҚ қаржылық есептілігінің сыртқы аудиті бойынша қызметтерді келесі аудиторлық ұйымдар көрсетті:
  • 2002-2006 жылдар - «Эрнст энд Янг Казахстан» ЖШС;
  • 2007 жыл - «ПрайсуотерхаусКуперс» ЖШС;
  • 2008-2021 жылдар - «Эрнст энд Янг Казахстан» ЖШС.
Қаржылық есептілік аудиті қызметтерінің сыйақы мөлшері:  жоғарыда аталған шартқа сәйкес аудиторлық ұйымға төленетін сыйақы мөлшері 282 735 040 теңгені (ҚҚС-ты қоса алғанда), оның ішінде 2022, 2023 және 2024 жылдарға жылдық сыйақы тиісінше 90 573 280 теңгені, 94 197 600 теңгені, 97 964 160 теңгені құрайды.

Жоғарыда көрсетілген шартқа сәйкес сыртқы аудитор орындайтын қаржы есептілігінің аудиті және ілеспе қызметтер тізбесі:
  • шолу жөніндегі есепті ұсына отырып, 2022-2024 жылдар аралығындағы кезеңде әрбір қаржы жылының 1 қаңтарынан бастап 31 наурызына дейінгі кезеңге 34 ХҚЕС-ке (IAS) сәйкес дайындалған Тапсырыс берушінің аралық қысқартылған шоғырландырылған қаржылық есептілігіне 2410 ISRE-ге сәйкес шолу жасау;
  • шолу жөніндегі есепті ұсына отырып, 2022-2024 жылдар аралығындағы кезеңде әрбір қаржы жылының 1 қаңтарынан бастап 30 маусымына дейінгі кезеңге 34 ХҚЕС-ке (IAS) сәйкес дайындалған Тапсырыс берушінің аралық қысқартылған жеке қаржылық есептілігіне 2410 ISRE-ге сәйкес шолу жасау немесе аудит жөніндегі есепті ұсына отырып, 2022-2024 жылдар аралығындағы кезеңде әрбір қаржы жылының 1 қаңтарынан бастап 30 маусымына дейінгі кезеңге ХҚЕС-ке сәйкес дайындалған Тапсырыс берушінің жеке қаржылық есептілігіне аудит жүргізу;
  • арнайы мақсаттағы аудиторлық есепті ұсына отырып, 2022-2024 жылдар аралығындағы кезеңде әрбір қаржы жылының 1 қаңтарынан бастап 30 маусымына дейінгі кезеңге «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобының корпоративтік есеп саясатына сәйкес дайындалған Тапсырыс берушінің «Financial Consolidation» жүйесінде шоғырландырылған қаржылық есептілігінің деректерін растау;
  • шолу жөніндегі есепті ұсына отырып, 2022-2024 жылдар аралығындағы кезеңде әрбір қаржы жылының 1 қаңтарынан бастап 30 маусымына дейінгі кезеңге «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобының корпоративтік есеп саясатына сәйкес дайындалған Тапсырыс берушінің арнайы мақсаттағы аралық қысқартылған шоғырландырылған қаржылық есептілігіне 2410 ISRE-ге сәйкес шолу жасау;
  • шолу жөніндегі есепті ұсына отырып, 2022-2024 жылдар аралығындағы кезеңде әрбір қаржы жылының 1 қаңтарынан бастап 30 маусымына дейінгі кезеңге 34 ХҚЕС-ке (IAS) сәйкес дайындалған Тапсырыс берушінің аралық қысқартылған шоғырландырылған қаржылық есептілігіне 2410 ISRE-ге сәйкес шолу жасау немесе аудит жөніндегі есепті ұсына отырып, 2022-2024 жылдар аралығындағы кезеңде әрбір қаржы жылының 1 қаңтарынан бастап 30 маусымына дейінгі кезеңге ХҚЕС-ке сәйкес дайындалған шоғырландырылған қаржылық есептілікке аудит жүргізу;
  • шолу жөніндегі есепті ұсына отырып, 2022-2024 жылдар аралығындағы кезеңде әрбір қаржы жылының 1 қаңтарынан бастап 30 қыркүйегіне дейінгі кезеңге 34 ХҚЕС-ке (IAS) сәйкес дайындалған Тапсырыс берушінің аралық қысқартылған шоғырландырылған қаржылық есептілігіне 2410 ISRE-ге сәйкес шолу жасау немесе аудит жөніндегі есепті ұсына отырып, 2022-2024 жылдар аралығындағы кезеңде әрбір қаржы жылының 1 қаңтарынан бастап 30 қыркүйегіне дейінгі кезеңге ХҚЕС-ке сәйкес дайындалған жеке және шоғырландырылған қаржылық есептіліктерге аудит жүргізу;
  • 2022-2024 жылдар аралығындағы кезеңде әрбір қаржы жылының 1 қаңтарынан бастап 30 қыркүйегіне дейінгі кезең үшін Тапсырыс берушінің жеке және шоғырландырылған қаржылық есептіліктері бойынша аралық аудиторлық рәсімдерді, оның нәтижелерімен директорлар Кеңесінің ішкі аудит Комитетін және/немесе Тапсырыс берушінің басшылығын таныстырумен жүргізу;
  • арнайы мақсаттағы аудиторлық есепті ұсына отырып, 2022-2024 жылдар аралығындағы кезеңде әрбір қаржы жылының 1 қаңтарынан бастап 31 желтоқсанына дейінгі кезеңге «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобының корпоративтік есеп саясатына сәйкес дайындалған Тапсырыс берушінің «Financial Consolidation» жүйесінде шоғырландырылған қаржылық есептілігінің деректерін растау;
  • аудит жөніндегі есепті ұсына отырып, қаржылық есептіліктің ХҚЕС-ке сәйкес барлық маңызды аспектілерде жасалу шынайылығы туралы тәуелсіз пікірді білдіру мақсатында 2022-2024 жылдар аралығындағы кезеңде әрбір қаржы жылының 1 қаңтарынан бастап 31 желтоқсанына дейінгі кезеңге ХҚЕС-ке сәйкес дайындалған Тапсырыс берушінің жеке және шоғырландырылған жылдық қаржылық есептіліктерінің аудитін жүргізу;
  • аудит жөніндегі есепті ұсына отырып, қаржылық есептіліктің ХҚЕС-ке сәйкес барлық маңызды аспектілерде жасалу шынайылығы туралы тәуелсіз пікірді білдіру мақсатында 2022-2024 жылдар аралығындағы кезеңде әрбір қаржы жылының 1 қаңтарынан бастап 31 желтоқсанына дейінгі кезеңге «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялары тобының корпоративтік есеп саясатына сәйкес дайындалған Тапсырыс берушінің арнайы мақсаттағы шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігінің аудитін жүргізу;
  • аудит жөніндегі есепті ұсына отырып, 2022-2024 жылдар аралығындағы кезеңде әрбір қаржы жылының 1 қаңтарынан бастап 31 желтоқсанына дейінгі кезеңге «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сай Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органының нормативтік актісімен бекітілген тізбеге және нысандарға сәйкес дайындалған Тапсырыс берушінің жеке және шоғырландырылған жылдық қаржылық есептіліктерінің аудитін жүргізу.
 

СЫРТҚЫ АУДИТОР КӨРСЕТКЕН БАСҚА ҚЫЗМЕТТЕР

2022 жыл ішінде сыртқы аудитор («Эрнст энд Янг» ЖШС) 2 766 мың теңге сомасына (ҚҚС-сыз) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша заңнаманы қолдану және салық есебін жүргізу, трансферттік баға белгілеу бойынша құжаттарды дайындау, салық шығындарын бағалау мәселелері бойынша консультация беру жөніндегі қызметтерді қоспағанда, қаржылық есептілік аудитімен байланысты емес өзге қызметтерді көрсеткен жоқ.

Келесі жағдайды қоспағанда, 2010-2021 жылдарда сыртқы аудитор қаржы есептілігінің аудитімен байланысты емес басқа қызметтерді көрсеткен жоқ:
 
  • 2012 жылы сыртқы аудитор («Эрнст энд Янг» ЖШС) 23 520 000 теңге сомаға (ҚҚС қоса алғанда) «ҚазТрансОйл» АҚ акцияларын «Қазақстан қор биржасы» АҚ-да орналастырумен байланысты ақпараттық циркуляр бойынша «Кепілдік хат» – қаржы ақпаратына қатысты келісілген рәсімдер жүргізу қызметтерін көрсетті.

«ҚазТрансОйл» АҚ-тың аудиторлық ұйымдардың қызметтерін тарту саласындағы саясаты (Жүктеу | Жаңа терезеде қарау)
pdf    701.83Кб    218
Серiктестер