KZTO 854,00 (-0,67%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 854,00 (-0,67%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

Магистральдық құбырдың күзет аймағы

«Магистральдық құбыр туралы» 2012 жылғы 22 маусымдағы № 20-V ҚР Заңы магистральдық құбырды пайдалану кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді және магистральдық құбырды қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған. Ол магистральдық құбырдың қауіпсіздік аймағы, ең аз қашықтық сияқты ұғымдарды қамтиды.

Магистральдық құбырдың күзет аймағы дегеніміз не?

«Магистральдық құбыр туралы» Заңның 1-бабы 9) тармақшасына сәйкес күзет аймағы - магистральдық құбыр объектілеріне іргелес жатқан және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен құбыр объектілерін қауіпсіз және іркіліссіз пайдалану үшін қажетті жағдайлар жасауға арналған, оның шегінде аумақты белгілеу мақсаттарына сай келмейтін қызмет түрлеріне шектеу қойылатын немесе тыйым салынатын айрықша күзет және пайдалану жағдайларындағы (құрлықтағы және (немесе) судағы) аумақ. Осылайша, қауіпсіздік аймағы - бұл тіршілік объектілері жоқ әрі осы аймақта болуға тыйым салынған учаске.

Бір техникалық дәлізде бірнеше магистральдық құбырларды орналастырған кезде барлық магистральдық құбырлар үшін бірыңғай күзет аймағы белгіленеді.
 
Қауіпсіздік аймақтары қай жерде орнатылады?

«Магистральдық құбыр туралы» Заңның 14-бабы 2-тармағына сәйкес магистральдық құбырдың күзет аймақтары орнатылады:
  1. мұнайды, мұнай өнімдерін, табиғи газды, мұнай және жасанды көмірсутек газдарын тасымалдайтын магистральдық құбыр трассалары бойында - құбыр осінің әрбір жағынан 50 метр жерден өтетін шартты сызықтармен шектелген жер учаскесі түрінде;
  2. ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде магистральдық құбырдың күзет аймағы құбыр осінің әрбір жағынан 25 метр жерден өтетін шартты сызықтармен шектеледі;
  3. сұйытылған көмірсутек газдарын, тұрақсыз бензин мен конденсатты тасымалдайтын магистральдық құбыр трассалары бойында - құбыр осінің әрбір жағынан 100 метр жерден өтетін шартты сызықтармен шектелген жер учаскесі түрінде
 
Қауіпсіздік аймақтарында не тыйым салынады?

«Магистральдық құбыр туралы» Заңның 14-бабы 5-тармағына сәйкес магистральдық құбырдың күзет аймағында тыйым салынады:
  1. өткелдерді, қара жолдарды және магистральдық құбыр трассасы мен оның күзет аймағын өзге де уақытша немесе тұрақты көлікпен кесіп өтудің орналасу орындарын, салу, жайластыру және пайдалану тәртібін магистральдық құбырдың меншік иесімен келіспей, орнатуға;
  2. бағбандыққа және орман өсіруге, сондай-ақ жер жырту тереңдігі отыз бес сантиметрден аспайтын далалық ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру үшін агротехникалық жұмыстар кешенінен басқа, магистральдық құбырдың меншік иесімен келісілмеген кез келген жұмысты орындауға;
  3. магистральдық құбырдың меншік иесі не оператор жайластырған, магистральдық құбырға қызмет көрсету мен оның физикалық қорғалуын қамтамасыз етуге арналған жолдарды рекультивациялауға, сондай-ақ магистральдық құбырда өртке қарсы және күзет функцияларын орындайтын қызметкерлердің осы жолдармен қозғалысына, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, кедергі келтіруге;
  4. кез келген құрылыстар мен ғимараттар салуға;
  5. автомобиль көлігі құралдарының, тракторлар мен механизмдердің тұрақтарын ұйымдастыруға;
  6. мелиоративтік жер жұмыстарын жүргізуге, суару және құрғату жүйелерін салуға;
  7. магистральдық құбырдың меншік иесінің келісімінсіз тау-кен, құрылыс салу, монтаждау және жару жұмыстарын жүргізуге, жерді тегістеуге;
  8. ұңғымалар, тікқазбалар орнатуға және топырақ сынамаларын (топырақ үлгілерінен басқа) алуға байланысты геологиялық түсіру, іздеу, геодезиялық және басқа да іздестіру жұмыстарын жүргізуге тыйым салынады.
«Магистральдық құбыр туралы» Заңның 14-бабы 8-тармағына сәйкес қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында құрылыс нормалары мен қағидаларында белгіленген ең аз қашықтық шегінде магистральдық құбырға жатпайтын кез келген объектілерді салуға тыйым салынады.
Серiктестер