KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

Дивидендтік саясат

«ҚазТрансОйл АҚ дивидендтік саясаты» Жалғыз акционердің 2012 жылғы 3 маусымдағы шешімімен бекітілген («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма отырысының №75 хаттамасы).
 
Қоғамның дивидендтік саясаты Қоғам мен оның акционерлері мүдделерінің теңгерімін сақтауға, сондай-ақ Қоғамның капиталдандыруын және инвестициялық тартымдылығын көтеру қажеттілігіне негізделген.
 
Дивидендтік саясат Қоғамның таза кірісінен 40%-дан кем емес дивидендтерді төлеу сомасын белгілейді. Дивидендтердің нақты мөлшері Қоғамның таза кірісінен 100 % болуы немесе одан асуы мүмкін, егер ол Қоғамның міндеттеріне қайшы келмесе.
 
Басқарма тиісті қаржы жылына Қоғамның нақты нәтижелерін, жалпы салалық даму серпінін және Қоғамның күрделі (инвестициялық) шығындары бағдарламасын басшылыққа ала отырып, дивидендтерді 40% нормативтен төмен төлеу деңгейін ұсыну құқығын өзіне қалдырады.
 
Қоғамның Директорлар кеңесі тоқсанның немесе жартыжылдықтың қорытындылары бойынша Қоғамның таза кірісін бөлу тәртібі туралы ұсынысты дайындау кезінде дивидендтер төлеуге жолданған сома тиісті қаржы кезеңі үшін Қоғамның таза табысының кемінде 10 %-ын құрайтынын басшылыққа алады. Тоқсанның немесе жартыжылдықтың қорытындылары бойынша дивидендтер төленген жағдайда, аралық төлемдердің нақты сомалары тиісті қаржы кезеңі үшін дивидендтер төлеу кезінде ескеріледі.
 
Қоғам дивидендтерді ақшалай нысанда төлейді.
 
Дивидендтер төлеу мерзімін Акционерлердің жалпы жиналысы дивидендтер төлеу туралы шешімде белгілейді.

«ҚазТрансОйл» АҚ дивиденд саясаты (Жүктеу | Жаңа терезеде қарау)
pdf    110.19Кб    835

Өткен жылдар үшін дивидендтер төлеу

Дивидендтер төленетін кезең Акционерлердің жылдық жалпы жиналысының өткізілетін күні Дивиденд алуға құқығы бар акционерлердің тізілімін тіркеу күні мен уақыты Бір акциясына есептегенде дивиденд мөлшері, теңге Төлем сомасы, теңге Дивиденд төлеуді бастау күні
01.01.12 - 31.12.12 28.05.2013 13.06.2013 0:00 75 28 847 669 925,00 04.07.2013
01.01.13 - 31.12.13 28.05.2014 13.06.2014 0:00 109 41 925 280 291,00 03.07.2014
01.01.14 - 31.12.14 20.05.2015 27.05.2015 0:00 120,71 46 429 363 155,29 10.06.2015
01.01.15 - 31.12.15 27.05.2016 11.06.2016 0:00 133 51 156 534 667,00 27.06.2016
01.01.16 - 31.12.16 25.05.2017 14.06.2017 0:00 155 59 617 355 345,00 27.06.2017
01.01.17 - 31.12.17 24.05.2018 12.06.2018 0:00 160 61 540 495 840,00 26.06.2018
01.01.18 - 31.12.18 28.05.2019 05.06.2019 0:00 104 40 001 322 296,00 03.07.2019
01.01.19 - 31.12.19 27.05.2020 03.06.2020 0:00 118 45 386 115 682,00 18.06.2020
01.01.20 - 31.12.20 26.05.2021 11.06.2021 0:00 132 50 770 909 068,00 18.06.2021
01.01.21 - 31.12.21 19.05.2022 01.06.2022 0:00 26 10 000 330 574,00 13.06.2022
01.01.22 - 31.12.22 24.05.2023 05.06.2023 0:00 39 15 000 495 861,00 13.06.2023
Серiктестер