KZTO 807,45 (-0,31)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 807,45 (-0,31)

Сыртқы аудитор

ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК АУДИТІ БОЙЫНША ҚЫЗМЕТТЕР

Қаржылық есептіліктің дұрыстығын растау үшін «ҚазТрансОйл» АҚ тәуелсіз аудиторлық ұйымды тартады.


Қазіргі аудитор:
«ПРАЙСУОТЕРХАУСКУПЕРС» ЖШС, A25D5F6, Алматы қ., Әл-Фараби д., 34, А Ғимараты, 4-қабат, тел: +7(727) 330-32-00 «Қазтрансойл» АҚ акционерлерінің Жалпы жиналысының 2024 жылдың 25 қарашадағы шешімімен «ҚазТрансОйл» АҚ «ПРИСУОТЕРХАУСКУПЕРС»  ЖШС-мен 2025-2029 жылдарға арналған қаржы аудиті қызметтерін көрсету туралы шарт жасасты.
2002 жылдан 2024 жылға дейін «ҚазТрансОйл» АҚ-қа қаржылық аудит бойынша  мынадай аудиторлық ұйымдар қызмет көрсетті:
  • 2002-2006 жылдары - «Эрнст энд Янг Казахстан» ЖШС;
  • 2007 жылы - «ПрайсуотерхаусКуперс» ЖШС;
  • 2008-2024 жылдары - «Эрнст энд Янг Казахстан» ЖШС.

Қаржылық есептілік аудиті қызметтері үшін сыйақы мөлшері: жоғарыда көрсетілген шартқа сәйкес төленетін аудиторлық ұйымның сыйақы мөлшері 546 488 000 теңгені (ҚҚС есептемегенде) құрайды, оның ішінде 2025, 2026, 2027, 2028 және 2029 жылдар үшін жыл сайынғы сыйақы мөлшері - 93 867 000 теңге, 101 025 000 теңге, 108 720 000 теңге теңге, тиісінше 116 992 000 теңге және 125 884 000 теңге.

Жоғарыда көрсетілген шартқа сәйкес сыртқы аудитор көрсететін қаржылық есептілік аудиті бойынша қызметтер мен ілеспе қызметтер тізбесі:

  • 2025, 2026, 2027, 2028 және 2029 жылдары 31 наурызда аяқталған үш ай ішінде ХҚЕС (IAS) сәйкес дайындалған Тапсырыс берушінің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне аудиторлық шолу жүргізу;
  • шолу бойынша есеп берумен,  2025, 2026, 2027, 2028 және 2029 жылғы 30 маусымда аяқталған алты айға ҚЕХС (IAS) 34 сәйкес дайындалған Тапсырыс берушінің жеке қаржылық есептілігіне шолу немесе аудит бойынша есеп берумен, 2025, 2026, 2027, 2028 және 2029 жылғы 30 маусымда  аяқталған алты айға ҚЕХС сәйкес дайындалған Тапсырыс берушінің бөлек қаржылық есептілігіне аудит жүргізу;
  • 2025, 2026, 2027, 2028 және 2029 жылғы 30 маусымда аяқталған алты айға «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ шоғырландырылған қаржылық есептілігін дайындау рәсіміне сәйкес «Financial Consolidation» автоматтандырылған жүйесінде дайындалған Тапсырыс берушінің шоғырландырылған қаржылық ақпарат пакетіне аудиторлық шолу жүргізу;
  • 2025, 2026, 2027, 2028 және 2029 жылдарға арналған «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың шоғырландырылған қаржылық есептілігін дайындау рәсіміне сәйкес аудит бойынша есеп бере отырып, «Financial Consolidation» автоматтандырылған жүйесінде дайындалған шоғырландырылған қаржылық ақпарат пакетіне аудит жүргізу;
  • шолу бойынша есеп берумен 2025, 2026, 2027, 2028 және 2029 жылғы 30 маусымда аяқталған алты айға ҚЕХС (IAS) 34 және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобының корпоративтік есеп саясатына сәйкес дайындалған Тапсырыс берушінің арнайы мақсаттағы шоғырландырылған қаржылық есептілігіне аудиторлық шолу жүргізу;
  • шолу бойынша есеп берумен 2025, 2026, 2027, 2028 және 2029 жылғы 30 маусымда аяқталған алты айға ҚЕХС (IAS) 34 сәйкес дайындалған Тапсырыс берушінің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне аудиторлық шолу немесе аудит бойынша есеп берумен 2025, 2026, 2027, 2028 және 2029 жылғы 30 маусымда аяқталған алты айға ҚЕХС сәйкес дайындалған Тапсырыс берушінің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне аудит бойынша есеп беру;
  • шолу бойынша есеп берумен 2025, 2026, 2027, 2028 және 2029 жылғы 30 қыркүйекте аяқталған тоғыз айға ҚЕХС (IAS) 34 сәйкес дайындалған Тапсырыс берушінің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне аудиторлық шолу немесе аудит бойынша есеп берумен 2025, 2026, 2027, 2028 және 2029 жылғы 30 қыркүйекте аяқталған тоғыз айға ҚЕХС сәйкес дайындалған Тапсырыс берушінің бөлек және шоғырландырылған қаржылық есептіліктеріне аудит бойынша есеп беру;
  • 2025, 2026, 2027, 2028 және 2029 жылдардың 30 қыркүйегінде аяқталған тоғыз айға Директорлар кеңесінің Ішкі аудит комитетінің мүшелеріне және/немесе Тапсырыс берушінің басшылығына нәтижелерін таныстыра отырып, аралық аудиторлық рәсімдерді жүргізу нәтижелерін егжей-тегжейлі сипаттай отырып және Тапсырыс берушіге ҚЕХС сәйкес дайындалған жылдық қаржылық есептілікті уақтылы шығару үшін қажетті іс-шаралар тізбесін қоса беріп, Тапсырыс берушінің бөлек және шоғырландырылған қаржылық есептілігі бойынша аралық аудиторлық рәсімдерді өткізу;
  • аудит бойынша есеп берумен,  барлық маңызды аспектілерде ҚЕХС сәйкес қаржылық есептілікті жасаудың дұрыстығы туралы тәуелсіз пікір білдіру мақсатында 2025, 2026, 2027, 2028 және 2029 жылдарға арналған ҚЕХС сәйкес дайындалған Тапсырыс берушінің бөлек және шоғырландырылған қаржылық есептілігіне аудит жүргізу;
  • аудит бойынша есеп берумен, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобының 2025, 2026, 2027, 2028 және 2029 жылдарға арналған Корпоративтік есеп саясатына сәйкес дайындалған, Тапсырыс берушінің арнайы мақсаттағы шоғырландырылған қаржылық есептілігіне аудит жүргізу;
  • аудит бойынша есеп берумен, 2025, 2026, 2027, 2028 және 2029 жылдары Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы уәкілетті мемлекеттік органының нормативтік актісімен бекітілген тізбе мен нысандарға сәйкес дайындалған Тапсырыс берушінің бөлек және шоғырландырылған қаржылық есептілігіне аудит жүргізу.
 
«ҚазТрансОйл» АҚ-тың аудиторлық ұйымдардың қызметтерін тарту саласындағы саясаты (Жүктеу | Жаңа терезеде қарау)
pdf    701.83Кб    560
Серiктестер