02.08.2018 Көрулер: 2020
Дереккөз:
Баспасөз қызметі
Қазақстан Республикасының ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті – ТМРБТҚК «ҚазТрансОйл» АҚ (2017-2017) жылдардағы жұмысына жүргізілген тексеру нәтижесі бойынша «Астрахан-Маңғышлақ» магистральды құбыр желісі бойынша су беру қызметіне уақытша өтемақы туралы бұйрық шығарды.
2014-2017 жылдарға тарифтық сметаны және де 2014 жылдың инвестициялық бағдарламасының екі іс шарасын орындамауы «ҚазТрансОйл» АҚ қайта қаржыландыру төлемін есептегенде 1 041 133,6 мың. теңге болды.
Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты шешімімен ТМРБТҚК уақытша өтемақы туралы бұйрығы заңды деп шешіліп, аталған шешім заңды күшіне енді.
Өз кезегінде, «ҚазТрансОйл» АҚ аталған шешімге келіспеушілік білдіріп, аппеляциялық шағым беруге ниетті.
Атап айту керек, 2014-2017 жылдары аралығында «ҚазТрансОйл» АҚ тұтынушылар құрылымының өзгеруі нәтижесінде су беруден түсетін тарифтық түсімді бекітілген тарифтық смета бойынша тиісінше түгел алмады. Оған қоса, «Астрахан-Маңғышлақ» магистральды құбыр желісі қауіпсіз жұмыс істеуі мақсатындағы инвестициялық бағдарламасы толық көлемде жұмыс істеді.
«ҚазТрансОйл» АҚ жұртшылықпен байланыс
және ішкі коммуникациялар департаменті