KZTO 784,44 (+0,31%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 784,44 (+0,31%)
Brent 93,49 (+0,12%)
WTI 87,85 (-4,60%)
476,46
484,13
7,78

Көрсетілген тарифтер 2018 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді

24.08.2018    Көрулер: 63
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Осымен «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғам жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтеріне электр энергиясын беру үшін тарифтерді және тарифтік сметаларды бекіту туралы» 2018 жылы 20 тамыздағы № 199-НҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасының бұйрығымен келесі тарифтердің бекітілгенін тұтынушылардың қаперіне жеткіземіз:
1) «Петерфельд» желілік өндірістік-диспетчерлік станциясы үшін 0,90 теңге/кВтс (ҚҚС-сыз) мөлшерінде; 2) Құлсары мұнай құбыры басқармасы үшін 0,61 теңге/кВтс (ҚҚС-сыз) мөлшерінде; 3) Қарағанды мұнай құбыры басқармасы үшін 0,60 теңге/кВтс (ҚҚС-сыз) мөлшерінде; 4) Атырау мұнай құбыры басқармасы үшін 0,34 теңге/кВтс (ҚҚС-сыз) мөлшерінде; 5) Маңғыстау мұнай құбыры басқармасы үшін 0,42 теңге/кВтс (ҚҚС-сыз) мөлшерінде; 6) Орал мұнай құбыры басқармасы үшін 0,36 теңге/кВтс (ҚҚС-сыз) мөлшерінде; 7) Павлодар мұнай құбыры басқармасының үшін 0,38 теңге/кВтс (ҚҚС-сыз) мөлшерінде; 8) «Ақтау» ӨТҚжЖЖБ мұнай құбыры басқармасы үшін 1,257 теңге/кВтс (ҚҚС-сыз) мөлшерінде; 9) Жезқазған мұнай құбыры басқармасы үшін 0,71 теңге/кВтс (ҚҚС-сыз) мөлшерінде; 10) Ақтөбе мұнай құбыры басқармасы үшін 0,83 теңге/кВтс (ҚҚС-сыз) мөлшерінде; 11) Шымкент мұнай құбыры басқармасы үшін 1,02 теңге/кВтс (ҚҚС-сыз) мөлшерінде.
Көрсетілген тарифтер 2018 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді.  
Анықтама:

«ҚазТрансОйл» АҚ - магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық оператор. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобына кіреді. Ұзындығы 5,4 мың км магистральдық мұнай құбырларының әртараптандырылған желісіне ие. Мұнайды қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарына және экспортқа келесі бағыттар бойынша тасымалдайды: «Өзен-Атырау-Самара» магистральдық мұнай құбырының «Атырау-Самара» учаскесі, «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС жүйесіне ауыстырып тиеу («Атасу-Алашанькоу» мұнай құбыры), Ақтау порты (мұнайды танкерлерге құю), «Каспий Құбыр Консорциумы-Қ» АҚ жүйесіне ауыстырып тиеу, «Шағыр» МҚП және Т.Қасымов атындағы МАС теміржол цистерналарына мұнай құю.
 
«ҚазТрансОйл» АҚ
жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар департаменті


Серiктестер