28.09.2018 Көрулер: 1968
Дереккөз:
Баспасөз қызметі
«КазТрансОйл» АҚ магистральды құбыр арқылы су беруді реттеп көрсетілетін қызмет түрі бойынша Табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімі республикалық бөлімінен шығарылды.
Мұндай шешім ҚР ҰЭМ қарасты табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне «ҚазТрансОйл» АҚ табиғи реттеуге байланысты жұмыстың және негізгі қаражаттың – «Магистарльды су таратқыш» ЖШС өтуіне байланысты табиғи монополияларды мемлекеттік тіркеу субъектілерінің қатарынан шығару шағымынан кейін іске асырылды.
Мемлекеттік тіркеуден шығару туралы ТМРБжТҚҚК төрағасының бұйрығы 2018 жылы 20 қыркүйекте шықты.
Белгілі болғандай, 2017 жылдың 28 желтоқсанында «ҚазТрансОйл» АҚ жарғылық капиталына «Магистральды су таратқыш» ЖШС 100% үлес қатысуымен тіркелген болатын.
«Астана-Маңғышлақ» магистральды су таратқышы активтерін шеттету бойынша жұмыстан кейін, 2018 жылдың 29 шілдесінде -«Магистральды су таратқыш» ЖШС магистралды су таратқышпен сату-сатып алу бойынша келісім шарт жасап, 2-шілдеде активтер ЖШС еншісіне өткізілді.
«Магистральды су таратқыш» ЖШС негізгі қызметіне халыққа, ауылшаруашылығы тауар өндірушілеріне, мұнайгаз өндірушілері мен өндіріс кәсіпорындарына магистральды құбыр арқылы су тарату жатады.
Анықтама:
«ҚазТрансОйл» АҚ – Қазақстан Республикасындағы магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық оператор, ұзақтығы 5 377 шақырым әртараптандырылғын магистральдық мұнай құбыры желісі мен 1 975 шақырым болатын сутаратқыш желісін иеленеді. «ҚазТрансОйл» АҚ компаниялар тобының өндірістік нысандары Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан.
«ҚазТрансОйл» АҚ
жұртшылықпен байланыс
және ішкі коммуникациялар департаменті