03.01.2019 Көрулер: 2355
Дереккөз:
Баспасөз қызметі
Магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық оператор «ҚазТрансОйл» АҚ тұтынушылардың назарына Қоғам бас директорының (Басқарма төрағасының) «ҚазТрансОйл» АҚ жылу энергиясын өндіру, беру және тарату жөніндегі реттелетін қызметтеріне тарифтерді және тарифтік сметаны бекіту туралы» 2018 жылғы 30 қазандағы №116 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы ақпаратты жеткізеді.
Сонымен, компания ұсынатын жылу энергиясын өндіру, беру және тарату жөніндегі реттелетін қызметтерге тарифтер өзгеріссіз мына мөлшерлерде қолданылады:
- тұрғындар, бюджеттік және коммерциялық емес ұйымдар, сонымен қатар тұрғындарға коммуналдық қызметтерді көрсететін кәсіпорындар үшін - 1 853,0 теңге/Гкал (ҚҚС-сыз);
- өнеркәсіптік кәсіпорындар және коммерциялық ұйымдар үшін - 12 690,20 теңге/Гкал (ҚҚС-сыз).
Анықтама:
«ҚазТрансОйл» АҚ – Қазақстан Республикасындағы магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық оператор, ұзақтығы 5 377 шақырым әртараптандырылғын магистральдық мұнай құбыры желісі мен 1 975 шақырым болатын су таратқыш желісін иеленеді. «ҚазТрансОйл» АҚ компаниялар тобының өндірістік нысандары Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан.
Жұртшылықпен байланыс
және ішкі коммуникациялар департаменті