06.08.2019 Көрулер: 3071
Дереккөз:
Баспасөз қызметі
Осымен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетімен Павлодар мұнай құбыры басқармасының Прииртышск станциясындағы авариялық-қалпына келтіру пунктінде (АҚКП) таратушы желілер арқылы су беру және сарқынды суды бұру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметке уақытша өтемдік тарифті 2019 жылғы 1 қыркүйектен бастап 2020 жылғы 31 тамызға дейін бекітілгенін хабарлаймыз (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасы міндетін атқарушысының 2019 жылғы 31 шілдедегі №203–НҚ бұйрығы).
«ҚазТрансОйл» АҚ Павлодар мұнай құбыры басқармасының Прииртышск АҚКП таратушы желілер арқылы су беру және сарқынды суды бұру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметке уақытша өтемдік тарифтер мына мөлшерде бекітілді:
- таратушы желілер арқылы су беру – ҚҚС-сыз 23,75 теңге/м3;
- ағынды суларды бұру – ҚҚС-сыз 23,95 теңге/м3.