KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ 2020 жылғы 1 маусымнан бастап 2021 жылғы 31 мамыр аралығындағы кезеңде электр энергиясын беру жөніндегі тарифтерді төмендетеді

15.05.2020    Көрулер: 2504
«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы №90 бұйрығымен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларының 610-тармағына сәйкес, сондай-ақ тұтынушыларға жүктемені төмендету мақсатында, «ҚазТрансОйл» АҚ 2020 жылғы 1 маусымнан бастап 2021 жылғы 31 мамыр аралығындағы кезеңде электр энергиясын беру жөніндегі тарифтерді төменде аталғандар үшін төмендетеді («Электр энергиясын беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметке «ҚазТрансОйл» АҚ тарифтері мен тарифтік сметаларын бекіту туралы» «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының (Басқарма төрағасының) 2020 жылғы 15 мамырдағы №34 бұйрығы):
  • «ҚазТрансОйл» АҚ Ақтөбе мұнай құбыры басқармасына –  0,77 теңге/кВтч дейін (ҚҚС-сіз);
  • «ҚазТрансОйл» АҚ Атырау мұнай құбыры басқармасына –  0,31 теңге/кВтч дейін (ҚҚС-сіз);
  • «ҚазТрансОйл» АҚ Жезқазған мұнай құбыры басқармасына –  0,66 теңге/кВтч дейін (ҚҚС-сіз);
  • «ҚазТрансОйл» АҚ Қарағанды мұнай құбыры басқармасына –  0,56 теңге/кВтч дейін (ҚҚС-сіз);
  • «ҚазТрансОйл» АҚ Құлсары мұнай құбыры басқармасына –  0,57 теңге/кВтч дейін (ҚҚС-сіз);
  • «ҚазТрансОйл» АҚ Маңғыстау мұнай құбыры басқармасына – 0,39 теңге/кВтч дейін (ҚҚС-сіз);
  • «ҚазТрансОйл» АҚПавлодар мұнай құбыры басқармасына – 0,35 теңге/кВтч дейін (ҚҚС-сіз);
  • «ҚазТрансОйл» АҚ Шымкент мұнай құбыры басқармасына –  1,01 теңге/кВтч дейін (ҚҚС-сіз);
  • «ҚазТрансОйл» АҚ Павлодар мұнай құбыры басқармасының «Петерфельд» желілік өндірістік-диспетчерлік станциясына –  0,84 теңге/кВтч дейін (ҚҚС-сіз).


Серiктестер