KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ 2021 жылғы 1 маусымнан бастап 2022 жылғы 31 мамыр аралығындағы кезеңде электр энергиясын беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметке тарифтерді төмендетеді

20.05.2021    Көрулер: 2582
«Табиғи монополиялар туралы»  Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы №90 бұйрығымен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларының 610-тармағына сәйкес «ҚазТрансОйл» АҚ 2021 жылғы 1 маусымнан бастап 2022 жылғы 31 мамыр аралығындағы кезеңде электр энергиясын беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметке тарифтерді төменде аталғандар үшін төмендететінін хабарлайды («Электр энергиясын беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметке «ҚазТрансОйл» АҚ тарифтері мен тарифтік сметаларын бекіту туралы» «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының (Басқарма төрағасының) 2021 жылғы 20 мамырдағы №44 бұйрығы):
  • Қоғамның Ақтөбе мұнай құбыры басқармасына –   0,77 теңге/кВтч дейін (ҚҚС-сіз);
  • Қоғамның Атырау мұнай құбыры басқармасына –   0,31 теңге/кВтч дейін (ҚҚС-сіз);
  • Қоғамның Жезқазған мұнай құбыры басқармасына – 0,66 теңге/кВтч дейін (ҚҚС-сіз);
  • Қоғамның Қарағанды мұнай құбыры басқармасына – 0,56 теңге/кВтч дейін (ҚҚС-сіз);
  • Қоғамның Құлсары мұнай құбыры басқармасына –  0,57 теңге/кВтч дейін (ҚҚС-сіз);
  • Қоғамның Маңғыстау мұнай құбыры басқармасына –  0,39 теңге/кВтч дейін (ҚҚС-сіз);
  • Қоғамның Павлодар мұнай құбыры басқармасына –  0,35 теңге/кВтч дейін (ҚҚС-сіз);
  • Қоғамның Шымкент мұнай құбыры басқармасына –   1,01 теңге/кВтч дейін (ҚҚС-сіз);
  • Қоғамның Павлодар мұнай құбыры басқармасының «Петерфельд» желілік өндірістік-диспетчерлік станциясына –  0,84 теңге/кВтч дейін (ҚҚС-сіз).


Серiктестер