11.05.2022 Көрулер: 2962
Осымен «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының (Басқарма төрағасының) 2021 жылғы 20 мамырдағы №44 бұйрығымен бекітілген тарифтердің қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты 2022 жылғы 1 маусымнан бастап электр энергиясын беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметке мынадай тарифтер күшіне енеді (ҚҚС-сыз) деп «ҚазТрансОйл» АҚ хабарлайды:
- Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің 2020 жылғы 30 қарашадағы №74-НҚ бұйрығымен бекітілген:
Атырау мұнай құбыры басқармасы бойынша - 0,31 теңге/кВтс;
Құлсары мұнай құбыры басқармасы бойынша - 0,57 теңге/кВтс;
«Петерфельд» ЖӨДС бойынша - 0,84 теңге/кВтс;
- Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің 2018 жылғы 20 тамыздағы №199-НҚ бұйрығымен бекітілген:
Жезқазған мұнай құбыры басқармасы бойынша - 0,71 теңге/кВтс;
Маңғыстау мұнай құбыры басқармасы бойынша - 0,42 теңге/кВтс;
Павлодар мұнай құбыры басқармасы бойынша - 0,38 теңге/кВтс;
Шымкент мұнай құбыры басқармасы бойынша - 1,02 теңге/кВтс.