KZTO 811,00 (-0,25)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 811,00 (-0,25)

2021 жылғы Маңғыстау МҚБ қызметінің нәтижелері

23.05.2022    Көрулер: 487
19 мамырда Маңғыстау мұнай құбыры басқармасының бастығы Асқар Жолдасов тікелей эфирде сөз сөйледі. Ол 2021 жылғы ММҚБ қызметінің нәтижелері туралы айтып берді. Трансляция «ҚазТрансОйл» АҚ-ның YouTube-тағы ресми арнасынан көрсетілді. Басқарма басшысының айтуынша, мұнай тасымалдаудың жалпы көлемі 16 миллион 743 мың тоннаны құрап, 2021 жылдың қорытындысы бойынша жоспар 98%-ды орындалды.  

2021 жылы «Өзен – Атырау – Самара» магистральды мұнай құбырының, ұзындығы 22 шақырым жаңадан салынған екі учаскесін жалғап, іске қосу жұмыстары жүргізілді.  Осы жылдың сәуір айында - 14 шақырымдық үшінші учаскесін ауыстырып, қосу жұмыстары  сәтті аяқталды. Мұнай құбырының сенімді және қауіпсіз жұмыс жасауы үшін - бұл жобаның маңызы зор.  

– Бір жыл ішінде көптеген өндірістік жобалар сәтті түрде жүзеге асырылды. 2021 жылы жалпы ұзындығы 22 шақырым болатын «Өзен – Атырау – Самара» магистральдық мұнай құбырының жаңадан салынған екі учаскесін жалғап, іске қосу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, сәуір айында ұзындығы 14 км болатын үшінші учаскесін ауыстырып, қосу жұмыстары сәтті аяқталды. Бұл жобаның соңғы кезеңі болды. Жалпы, «ҚазТрансОйл» АҚ-ның 2021-2025 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламасын іске асыру шеңберінде соңғы екі жылда 36 км мұнай құбыры салынды және ауыстырылды. Әрине, бұл жоба магистральдық мұнай құбырлары жүйесінің қауіпсіздігі мен сенімділігін қамтамасыз ету үшін маңызды. Бұдан басқа, 322-ші  шақырымында  «Бейнеу» мұнай айдау станциясына қарасты мұнай қыздыру пунктінің кіріс және шығыс коллекторларының технологиялық құбырлар учаскесі қосылды, - деді Асқар Жолдасов.

Айта кетейік, 2021 жылы өндірісте жазатайым жағдайлар, жол-көлік оқиғалары тіркелген жоқ. Мердігерлік мекеме жұмысшыларының қатысуымен жазатайым оқиғалар орын алған жоқ.

Меруерт Шукуева


Серiктестер