KZTO 839,00 (+0,13%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 839,00 (+0,13%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

1 қазаннан бастап «ҚазТрансОйл» АҚ-тың Н.Н. Шманов атындағы МАС-та мұнайды «Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбырына мұнайды ауыстырып тиеу бойынша реттеліп көрсетілетін қызметіне тариф 1 тоннаға 37,23 теңге құрайды

20.09.2022    Көрулер: 2753
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының м.а. 2022 жылғы 13 қыркүйектегі №144-НҚ бұйрығымен «ҚазТрансОйл» АҚ Н.Н. Шманов атындағы МАС-тағы «Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбырына мұнайды ауыстырып тиеу жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметіне 1 тоннаға 37,23 теңге мөлшерінде (ҚҚС-сыз) тариф бекітілді.

Көрсетілген тариф 2022 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

Бұрын 1 тоннаға (ҚҚС-сыз) 30,50 теңге тариф болған.

Тарифті бекіту туралы ақпарат 2022 жылғы 20 қыркүйектегі «Казахстанская правда» газетінде жарияланды.

 


Серiктестер