KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ 2024 жылы «ТОН-2» мұнай құбыры арқылы мұнай транзитінің тарифін көтереді

04.12.2023    Көрулер: 1081
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап «Туймазы – Омбы – Новосибирск-2» («ТОН-2») магистральдық құбырының қазақстандық учаскесі бойынша Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік мұнайды айдау бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ қызметінің тарифі 1000 км-ге 1 тонна үшін 11,28 АҚШ долларын (ҚҚС-сыз) құрайды. Жаңа тариф «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының (басқарма төрағасының) бұйрығымен бекітілді.

Қазіргі уақытта «ҚазТрансОйл» АҚ «ТОН-2» магистральдық құбырының қазақстандық учаскесі бойынша Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік тасымалдау мақсатында мұнай айдау бойынша қызмет көрсету тарифі 1000 км-ге 1 тонна үшін 4 292,4 теңгені құрайды (ҚҚС-сыз). Бұл тариф 2018 жылдың 1 сәуірінен бастап қолданылып келеді.

Осылайша, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап «ТОН-2» магистральдық құбырының қазақстандық учаскесімен Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік мұнай айдау құны 1 тонна үшін 2,1 АҚШ долларын (ҚҚС-сыз) құрайды. 2018 жылғы 1 сәуірден 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін «ТОН-2» магистральдық құбырының қазақстандық учаскесі арқылы Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік мұнай айдау құны 1 тонна үшін 799,455 теңгені (ҚҚС-сыз) құрайды.

«ТОН-2» магистральдық мұнай құбыры Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының аумағы арқылы өтеді. Ұзындығы 186,25 шақырым болатын «ТОН-2» магистральдық мұнай құбырының қазақстандық учаскесі Павлодар мұнай-химия зауытын мұнаймен қамтамасыз етеді және Ресей мұнайын Қытай Халық Республикасы мен Өзбекстан Республикасына транзитпен тасымалдайды.
 


Серiктестер