22.10.2024 Көрулер: 3734
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті Төрағасының 2024 жылғы 16 қазандағы бұйрығына сәйкес 2024 жылғы 1 желтоқсаннан бастап 2025 жылғы 30 қарашаға дейін магистральдық құбырлар жүйесі бойынша Қазақстан Республикасының ішкі нарығына мұнай тасымалдау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметке «ҚазТрансОйл» АҚ уақытша өтемдік тарифі 1000 км-ге 1 тонна үшін (ҚҚС-сыз) 4 461,76 теңге мөлшерінде қолданысқа енгізіледі.
«ҚазТрансОйл» АҚ Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарына мұнай жеткізудің 90%-дан астамын қамтамасыз етеді.