«ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының (Басқарма төрағасының) 2025 жылғы 18 наурыздағы № 28 бұйрығына сәйкес 2025 жылғы 1 мамырдан бастап «Атасу БМАС - Павлодар мұнай-химия зауыты» учаскесіндегі магистральдық құбырлар жүйесінде мұнай алмастыру жөніндегі қосымша қызметке тариф өзгереді.
Жаңа тариф 1 тонна үшін 1903,87 теңгені (ҚҚС-сыз) құрайды.
Тоннасына 1458,13 теңге (ҚҚС-сыз) мөлшеріндегі қолданыстағы тариф 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген.