KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

Директорлар кеңесі

Булат Закиров
Директорлар кеңесінің төрағасы, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өкілі

Ағымдағы сайлау күні: 2023 жылдың 14 тамызы

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Туған күні: 16 шілде 1976 жыл

Білімі: «Халықаралық валюта және қаржы қатынастары» мамандығы бойынша Қазақ мемлекеттік басқару академиясын және «Мұнай және газ экономикасы» мамандығы бойынша Данди университетін (Шотландия) бітірген, ғылым магистрі.

Жұмыс тәжірибесі:

1999-2009 жылдары «ҚазТрансОйл» АҚ-та стратегиялық жоспарлау департаментінің маманы, жобаларды басқару департаментінің менеджері, бас менеджері, директордың орынбасары, кейін көлік логистикасы департаментінің директоры, перспективалық даму департаментінің директоры, бас директордың даму жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған.

2009-2011 жылдары - «ҚМГ-Транскаспий» ЖШС бас директорының орынбасары, бас директоры.

2012-2016 жылдары «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының кеңесшісі, өндіріс жөніндегі басқарушы директоры, бас директорының даму жөніндегі орынбасары және активтер жөніндегі басқарушы директоры қызметтерін атқарған.

2016-2018 жылдары - «KMG Systems & Services» ЖШС бас директорының кеңесшісі.

2018-2022 жылдары - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мұнай тасымалдау департаментінің директоры, мұнай тасымалдау басқармасының бастығы.

2022 жылдың мамырынан - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.

Қоса атқарылатын жұмыс және директорлар кеңесіндегі мүшелік: «КҚК-Р» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Қазтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС Байқаушы кеңесінің төрағасы, KMG International Директорлар кеңесінің мүшесі.

Қоғамның акцияларын иелену: жоқ.

Компания жеткізушілерінің мен бәсекелестерінің акцияларын иелену: иеленген жоқ.

Серiктестер